Archive for the ‘бет күтімі’ Tag

Бет күтімі (тазарту)   Leave a comment

Қыздар байқасам көбің бет күтімдерің дұрыс емес. (бар нәрсені дұрыс пайдаланбайсыңдар) отбасында көріп өспегенбіз ғой, Мысалы кәріс қыздарды байқайм прям ерінбей маска жасайды беттеріне, себебі өз шешелерінен көргенін істейді. Ал бізде қайдан ол. Мамаларымыз беттерін күтпесе, оларға простительно, детский кремнен басқа дым болмады ғой. Ал бізге қазір не жорық.
1 Жас қыздарға айтатыным, әжім түскенше жүрмеңдер, себебі бір түскесін ол кете береді, одан да ерте бастан бастасаңдар, соғұрлым беттерің сақталады. 
2)Ең маңызды саты бетті тазарту
a)Ол бірнеше сатыдан тұрады. Read the rest of this entry »

Advertisements

Шисейдоның жарнамасы   6 comments

Осы бір жарнаманы жақсы көремін. Осындағы әйелдерге риза болам тегі, сондай жақсы сақталған, 40-тан асқан деп айтпастай..

80 жылдары әнші болған төртеуі де. Маған әсіресе осы жарнамадаңы Якумару (Ишикава) Хидемидің версиясы ұнайды. 5 баланың анасы деп айтпастай сақталған. Мына жарнамаға жолдасы да түскен екен. Екеуі де сексенінші жылдары атақты әншілер болған. Күйеуін теледидарда кей бағдарламалардан көруге болады. Сосын апта күндері таңертең 8-де жүргізетін бағдармаласын кейде қараймын. Сол Якумарудың әйелі екенін білмеппін, осы жарнама болмаса..

Сосын осы жарнамадағы ән де супер, мелодиясы позитивті. Бұрын жақсы көрген қызына арналған ән негізі. Әннің сөздері: «Жақсы көрген едім, сол күйіңде өзгермеген әдемісің»

Шисейдоның бет күтіміне арналған сериясы, жарнама концепциясы бойынша 40-тан асқан әйелдерді таңдаған екен, бәрі де бала тәрбиелеп жатқан аналар..