Archive for the ‘аяқ киім’ Tag

Еріккенде   1 comment

20131006-181717.jpg

Осы жапондарда көшедегі қақпақтарының өзі әдемі келеді, әр
қаланың өз дизайны болады, сол қаланың белгісі болар зат
бейнеленеді. Мынау менің жаңадан көшіп келген қала Кодайраның
қақпағы. Токио метрополитені Кодайра қаласының символы шамасы бақша
болу керек. Жақын жерде көктемде сакура гүлдейтін жерлер бар, одан
бөлек көше бойында биік үйлердің қасында жүзім, алма, мандарин
бақшалары өсіп тұр, өткенде тіпті киви бақшасын көрдім, 5 қабатты
үйдің қасында біртүрлі контраст болып көрінеді екен:)) Пысы: Сосын
өткенде улап- шулап жүріп неттен тапсырыс беріп жүріп алған аяқ
киімім:) оны кейін бір жазармын.. сапасы орташа енді, әсіресе
өкшесі бірден желініп жатыр, айырбастау керек болып тұр, түрі
сүйкімді енді, сол үшін алдым кішкене балалардың аяқ киімі сияқты
болса да:))