Archive for the ‘ауызашар’ Tag

Ыстық күндер   5 comments

Жапонияда ыстық күндер жалғасуда. Бәрін тастап салқын тауға не теңіз жаққа кетіп қалғың келеді.

(сурет фликрдан, miu37)

Бір айдың ішінде ыстықтан қайтыс болған адамдар саны 100-ден асты. Ол қайтыс болған адамдардың көпшілігі қарт адамдар, көбісі үйлерінде қайтыс болған және қайтыс болған уақыттары түнгі уақыт екен. Себебі қазір тіпті түнгі уақытта да температура 30-дан төмен түспейді.Әлі де бұл ыстық жалғасады береді дейді метеорологтар. Қазір менің үйімдегі кондиционер 24 сағат қосылып тұрады десем өтірік емес. Былтырмен салыстырғанда Жапония сұмдық ыстық. Былтырлары ыстық түндер 11 болса, биыл болса ыстық түндер 29 рет, ал супер ыстық түндер саны 12 болыпты. Қазір Жапонияда моушёби супер аптап күн деген сөз пайда болды. Температура 35-тен асқан күнге айтады.

Температура 35-тен артқанда адам терлеп, денедегі судан арыла бастайды. Әсіресе түнде байқамай ыстық ұстап қалғанын білмей қайтыс болып кету мүмкін екен.

Кеше осындағы Жанна ауызашарға шақырып, үнді ресторанына бардық.Ауыз бекіткен мен және 1 айлық программамен келген Айымгүл екеуміз.

Айымгүл айтады «осы сен блог жазасың ба?». Иә жазамын десем. Ее бәсе сен екен ғой дейд:). Америкадағы бір подругам айтқан сенің блогың туралы дейді:) Хаха вообщем оқитын адамдар бар екен деп риза ғып қойды:))

Аптап ыстықтан аман шығыңыздар ағайын:).

Advertisements