Archive for the ‘Асада Мао’ Tag

Бүгінгі гала шоу қызық болу керек:)   2 comments

Юнаның фандары жинап келген суреттерді көрдім:) мына жерден алдым. Олар әртүрлі жақтан жинаған екен, ең көбі http://sports.chosun.com/ сайтынан екен, одан басқа my daily, MK деген қысқартуларды ұқпадым

20140222174310645
типа вальс па? Read the rest of this entry »

Advertisements

Мики Андо чемпион!!!   4 comments

Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасынан бірінші орынды Андо Мики алып, әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды (алғашқысы 2007ж).

2010-2011  жылдық маусымның шымылдыған жабатын әлем чемпионаты бір ай бұрын өтуі керек еді. Жапониядағы апаттан соң әлем чемпионаты Мәскеуге ауысқаны естеріңізде болар.

Менің ең сүйікті фигуристім Андо Мики биыл жақсы өнер көрсетіп, біраз алтын жинап шықты.  Read the rest of this entry »

Маочян жарады!   1 comment

Осы қыстық маусым бітердегі ең соңғы жарыс, Туриндегі әлем чемпионатында Асада Мао чемпион атанды. Тек Асада Мао емес Такахаши Дайсуке де алтын алды.

4 тік флипы керемет таза болмаса да, сәтті болды, ал басқа жағынан сөз жоқ болды.  Энергияға толы орындау, өте эмоцияға толы. Дайсуке красавчик!

Осы спортсменнің алға ұмтылысына таң болам әркез, сосын әрине талмай еңбек етуі, тіпті сол 4 тік элемент сәтті шыға қоймайды-ау десе де, ылғи бағдарламасына енгізуіне риза боламын. Ну осы жолы әрине Лайсачек пен Плющенко қатыспады, сондықтан нақ Дайсукенің жұлдызды сағаты болды, бірақ мен үшін Лайсачек бір керемет фигурист емес, бір кішкентай кезіміздегі ертегілерде Кащей бессмертныйдың қасында жүретін нөкерлеріне ұқсатамын:). Шамасы бойы ұзын, қабағы түксиген, онымен қоса мұздағы киімі қара болғасын:)))). Read the rest of this entry »

Әп-сәтте өте шыққан «ұзақ» 4 минут..   2 comments

Бүгін ақыры қыздардың мұзда мәнерлеп сырғанаудан алтыны Кореяға бұйырды:).

Ким Юна маладес, супер-мупер еш қатесіз сырғанап шықты.

Маған бағдарламасы аса ұнады деп айтпас едім, ну былай әдемі, жеңіл нәрсе, бірақ эмоциясыз сияқты.. Ким Юна болғасын жандандырды дегені болмаса.. Юна көбелек тәрізді, секіріп қонған кезі де сондай жеңіл,еш қиындықсыз effortless көрінді.

Бір интервьюсында «Нәтиже қалай болатынын бір Құдай ғана біледі, бірақ бір білетінім қандай нәтиже болса да  қабылдауға дайынмын« дегені.. Басқа қыздарда жоқ қасиеті, жүрегі, нервысы мықты қыз, андағыдай прешрға шыдап шықан маладес. Сұмдық енді, бүкіл Корея уже алтын біздікі деп шулап жатқанда, сол жүкті көтеріп шықты. Read the rest of this entry »

Қыздардың сырғанауы Асада Мао vs Ким Юна   6 comments

Ертең қыздардың мұзда мәнерлеп сырғанауының шешуші күні.

Бүгінгі жапон газет бетттері осындай..

Бірінші күн бойынша бірінші орында Ким Юна, содан кейін Асада Мао , 3 орында Канадалық Рошетт тұр. Менің любимицам Андо Мики 4 орында. Сосын тағы бір өте мөте қызық қыз Мирай Нагасу, американдық жапон қыз,жасы тек 16да ғана, мүмкіндігі өте жоғары, болшағы зор қыз, тек жараланудан сақ болса, секіргенде баланысы мықты!

Мао чянмен Ким Юна екеуі жасы 19да, туған күндері де жақын.. Соңғы жылдары бірнеше рет айдында кездесіп, соның ішінде 6 рет Юна, 4 рет Маочян жеңген екен.

Менің любимицам Мики шорт программда  қатарынан жасаған 3-тік тулубы дұрыс болмай қалды әттең, содан балы төмендеп қалды, әйтпесе Андо Мики тіпті қыздар секіре алмайтын  4тік элементтік жасайтын мүмкіндігі бар қыз. Қысқа бағдарламада ең соңғы 30 номермен шыққасын, занервничала кажись, осы жолы 20 шығады бір жақсысы. 20-Андо Мики,  21-Ким Юна  22-Асада Мао 23-Рошет, жабатын адам Мирай Нагасу. Read the rest of this entry »

Қыздардың сырғанауы, Андо Мики сосын Денис Тен туралы   3 comments

Кыздардың мұзда мәнерлеп сырғанауы басталады.

мен жапондық қыз Андо Микидің жанкүйерімін. Жапонияда номер екінші фигурист қыз популярити бойынша, Асада Мао қайткеменде қатқан брэнд боп кеткен, олимпиаданың жарнамалары, шоколад, сақтандыру басқа жарнамаларда Асада Мао жүреді, спонсорлары мықты спортшы.  Ана алдында айтқандай Мао-чянның олимпиадаға барып-бармауы теледидарлардың сатылауына әсер ететіндей фанаттары көп фигурист қыз. Сол жағынан қарастырғанда Асада Мао асып кетеді, ал бірақ осы маусымда өте жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жоқ, әдетте керемет орындайтын элементтері 3-тік аксель мен 3-тік  тулуптары да аса болмай жүр. Маочяннан алтын күтеміз деп күндіз түні теледидардан. Маған Мики сүйкімдірек, сосын осы маусымда балансы жақсы боп келе жатыр. Клеопатра бағдарламасы да өте әдемі. Read the rest of this entry »

Асада Мао, мәнерлеп сырғанау, Юзу тобы   8 comments

«Ең алғаш мәнерлеп сырғанаумен апайыммен мұз айдынына барғанда таныстым.

Мен бар күшімді сап тырыстым,  адамдарды қуанттым, бұл  мен үшін бақыт болды.

Көп адамдардың жанкүйер болуы, қолдау көрсетуі менің осылайша жетістіктерге жетуіме көмектеседі.» -жарнамадағы сөздер. Негізі сақтандыру компаниясының жарнамасы..

Асада Мао бүкіл жапондық героиня деп айтса болады. Read the rest of this entry »