Archive for the ‘алтын медаль’ Tag

Мики Андо чемпион!!!   4 comments

Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасынан бірінші орынды Андо Мики алып, әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды (алғашқысы 2007ж).

2010-2011  жылдық маусымның шымылдыған жабатын әлем чемпионаты бір ай бұрын өтуі керек еді. Жапониядағы апаттан соң әлем чемпионаты Мәскеуге ауысқаны естеріңізде болар.

Менің ең сүйікті фигуристім Андо Мики биыл жақсы өнер көрсетіп, біраз алтын жинап шықты.  Read the rest of this entry »

Әп-сәтте өте шыққан «ұзақ» 4 минут..   2 comments

Бүгін ақыры қыздардың мұзда мәнерлеп сырғанаудан алтыны Кореяға бұйырды:).

Ким Юна маладес, супер-мупер еш қатесіз сырғанап шықты.

Маған бағдарламасы аса ұнады деп айтпас едім, ну былай әдемі, жеңіл нәрсе, бірақ эмоциясыз сияқты.. Ким Юна болғасын жандандырды дегені болмаса.. Юна көбелек тәрізді, секіріп қонған кезі де сондай жеңіл,еш қиындықсыз effortless көрінді.

Бір интервьюсында «Нәтиже қалай болатынын бір Құдай ғана біледі, бірақ бір білетінім қандай нәтиже болса да  қабылдауға дайынмын« дегені.. Басқа қыздарда жоқ қасиеті, жүрегі, нервысы мықты қыз, андағыдай прешрға шыдап шықан маладес. Сұмдық енді, бүкіл Корея уже алтын біздікі деп шулап жатқанда, сол жүкті көтеріп шықты. Read the rest of this entry »

Қыздардың сырғанауы, Андо Мики сосын Денис Тен туралы   3 comments

Кыздардың мұзда мәнерлеп сырғанауы басталады.

мен жапондық қыз Андо Микидің жанкүйерімін. Жапонияда номер екінші фигурист қыз популярити бойынша, Асада Мао қайткеменде қатқан брэнд боп кеткен, олимпиаданың жарнамалары, шоколад, сақтандыру басқа жарнамаларда Асада Мао жүреді, спонсорлары мықты спортшы.  Ана алдында айтқандай Мао-чянның олимпиадаға барып-бармауы теледидарлардың сатылауына әсер ететіндей фанаттары көп фигурист қыз. Сол жағынан қарастырғанда Асада Мао асып кетеді, ал бірақ осы маусымда өте жақсы нәтиже көрсетіп жүрген жоқ, әдетте керемет орындайтын элементтері 3-тік аксель мен 3-тік  тулуптары да аса болмай жүр. Маочяннан алтын күтеміз деп күндіз түні теледидардан. Маған Мики сүйкімдірек, сосын осы маусымда балансы жақсы боп келе жатыр. Клеопатра бағдарламасы да өте әдемі. Read the rest of this entry »

Олимпиададан..   Leave a comment

Ванкувер олимпиадасының алғашқы медалын швейцариялық спортшы Симон Амман жеңіп алды.

Медальдардан трамплиннен секіруден жаңа чемпион болды. Вааще керемет жігіт, Солт Лейк Сити мен Туринде медальдар жеңген жігіт. Солт Лейк сити олимпиадасы кезінде бар болғаны 20 жаста, бірден екі алтын медаль алған еді, медальмен марапаттау салтанында қуанған түрі әлі есімде. Дөңгелек көзәйнек таққан түріне Гарри Поттерге ұқсатқан еді елдер, осы жолы тағы бір алтын алғанына қуандым. Сосын күміс алған поляк Адам Малыштың соңғы олимпиадасы шағар, Польшаның күміс медалы үшін де қуандым.

Ал жапондар үшін бүгін сәтсіз күн болды. Read the rest of this entry »