Archive for the ‘айраннан шашқа маска’ Tag

бәріне жапон суы кінәлі ме??   16 comments

Айжаннұрдың постын оқып бір армансыз күліп алдым:).

Шашын мүлдем қысқа қылып Ирина Хакамада сияқты ғып қысқартып тастадым депті:). Мен де солай жасағым кеп жүр бірақ батылым жетпес:) Да и жараспайд та маған ондай шаш. Әйтпесе Хакамада тұрмақ , мен де мүлдем тақырлап тастағым келіп жүр:).  Шын айтам вааще ап тастап бандана, орамал тағып жүруді де ойладым, сосын маска жасап, ең басынан қайта өсірер ма еді деп армандап қоямын:)))). Химиотерапиядан шыққан адам құсап елдерді шошытпайын дедім хаха.

Гемоглобиным біраз нормадан төмен болуының да әсері бар сияқты. Себебі байқауымша мында бір жапон қыз өткенде шашым жаман түседі деп шағымданып, мен айтам екеуміздің мәселеміз ұқсас екен деп, себебі екеуміз де құрамында темірі бар бірдей препарат ішіп жүргенбіз:)).

Негізі осы бәленің бәрі алғаш Жапонияға келген кезде басталды. Ол кезде аса мән бермедім, кейін ақыры түсуін тоқтатпады. Осы былтырлары Алматыда жүргенде де жаман болатын.

Бірақ осы жолы Жапонияға Read the rest of this entry »