Archive for the ‘6 градус’ Category

Биологиялық көптүрлілік туралы конвенция   7 comments

Көп болды өзі серьезный пост жазбаппын:). Бұл постқа себепкер болған мына бір қалам. Менің екінші адвайзер профессорым конференциядан кәдесый ретінде алып келген етін. (Сувенирдың қазақшасының кәдесый екенін біліп жүріңдер:))))).

Өткен айдың аяғында Жапонияның Нагоя қаласында халықаралық конференция өтті. Менің мұғалімі сол конференцияға жауапты адам болды, ұйымдастыру жағынан біраз жұмыс істеді. Ол кісінің мамандығы қоршаған ортаны экономикалық жағынан бағалау болғасын бұл конференцияға бірден-бір қатысты адам мамандығы жағынан. Read the rest of this entry »

Advertisements

Інжу-Pearl   17 comments

Осы жаздағы інжумен қатысты бір experience-ыммен бөлісейін:). Жапония інжулерімен атақты бірден-бір ел ғой. Мысалға Акойя інжулері..

Осы жазда қыздармен жақын жердегі Сасебо қаласына барғанбыз, сол жердегі окенариумде келген қонақтарға арнап інжу бұрышын жасаған екен. Қалаған адам 500 йен (6$) төлеп інжу ракушкасын ашып, ішінен інжуді алуына болады.

Eң бірінші устрицаны таңдап аласыз.

Інжу осындай устрица ішінде өседі екен. Басқа асыл тастар өңдеуді қажет етсе,  інжуді сол табиғат жасаған күйінде пайдаланамыз. Інжудің пайда болуы да қызық қой, былайша айтқанда устрицаның ішінде пайда болған паразит деп айтса болады. Устрицаның ішіне қоқым түсіп кеткенде, (теңіз түбіндегі құм болуы мүмкін) оны устрица  өз бетімен сыртқа шығара алмайды, тек онымен қарсы күресу үшін кристалдық заттар бөліп шығарады да, әлгі қоқымның сыртын мл-мл (түсінбегендерге арнайы милиметрді қысқарттым:)) деп орай бастайды. Солайша перламутр тас пайда болады. Негізі  розовый інжулер ең керемет боп саналады.  Сосын Таитидің қара інжулері де бар ғой атақты. Бірақ әрине әркім өзіне келер түсті таңдайды. Read the rest of this entry »

Қоқыс лақтыру   18 comments

Жапонияда кез келген уақытта қоқысты лақтыра алмайсың, баяғыдағы бір универ туралы постымда жазған едім ғой. Қазір ғой бұрынғыдай емес, квартираға шыққасын қоқысты уақытында лақтырып үлгермесең қалады келесіге дейін. Мынау менің бір апталық пластик қоқысым.

Жапондарда не көп, пластик қоқыс көп. Осы пластик қоқыс ішінде жүзім салған пластик, алма салған пластик, йогурттың ыдысы сияқты заттар. Айтпақшы йогурт ыдысын лақтырарда жуып лақтыру керек:).

Осындайдан тағы бір пакет тұр, өткен аптаның қоқысы:). Өткен сәрсенбі күні кеш тұрып, лақтырып үлгермегенмін. Аптасына бір ақ рет болғасын менде көбіне осылай қап қояды, екі аптаның пластик қоқысын жинап бірақ лақтырамын көбіне, арасында пысық болып кеткен кездері болмаса:). Пластик қоқыс енді көгеріп, не иісі шығатын емес, орын алады дегені болмаса, бір бұрышта тұрып, былай зияны жоқ болғасын сабаққа шығып бара жатқанда ұмтылып қалатыны бар. Үйге жақын жерде арнайы бір жерге қойып қоямыз, содан арнайы машина кеп ап кетеді.

Ана артында тұрған қызыл ыдысқа ас үй қоқысы, жанатын қоқысты жинаймын, иіс шықпас үшін осы бір бакты алғанмын. Оны сол дүйсенбі және бейсенбі күндері лақтыру керек. Ол енді иісі шығуы мүмкін болғасын уақытында лақтырылады.

Осындай жүйеге әбден үйреніп алған мен, осы жазда Алматыға барғанда жамааан болдым ғой. Үйдегі қоқысты бәрін былықтырып тастағанға жаман жүрегің ауырады екен тегі..

Пластиктерді бөліп лақтырып, оларды өңдеген қандай жақсы, әйтпесе пластик ол бір мәңгі материал ғой, шірімейд та, дәнеңе етпейді. Пластик бөтелке, полиэтилен пакет топыраққа сіңуіне 500 жыл кетеді. Қазір полиэтилен пакеттерді тасталмаған жері жоқ, теңіз акулаларының асқазанынан да шығып жатыр.. Сосын қайта өңделген пластик пен жаңа пластик өнімді шығаруға жұмсалатын энергияны есептегенде, қайта өңдеуде ауаға CO2- көмірқышқыл ғазы 90% ке аз шығады.

Адамдар өзімізге өзіміз жаумыз.

Темекі тартпайсыз?   12 comments

Бүгін Такеши Китаноның денсаулыққа қатысты бір бағдарламасын қарадым. Сондағы әңгіме темекі, соның ішінде жанама түрде темекі тарту туралы болды. Темекі тартушы адамы бар барлық отбасында болатын жағдай.

Күйеуі темекі тартатын адам, кейде кухнядағы ауатартқыштың қасында шегіп, кейде балконда шегіп, чтоб балаларға, әйеліне зияны келмесін дегені.

Ал әйелі елуден асқан кезде рентгеннен бір көлеңке шығып, кейінгі тексерістен кейін рак боп шыққан. Темекі шегетін адамдардан айырмашылығы, рак өкпенің түкпірінде пайда болған. Себебі темекі шегетін адамда рак көбіне өкпенің кіре берісінде пайда болса, ал пассивті темекі шегетін адамда рак көбіне өкпенің түкпірінде пайда болады екен. Read the rest of this entry »

Алматы метросы қашан?   3 comments

Өзі жақын арада Алматыда метро пайда бола ма??

Жылда әне-міне дейді, сол баяғы әуен..

Инеттен метро станцияларының   эскиздерін таптым , ана суреттерден жібек жолы станциясы мен хайтек Байқоңыр станцияларының эскиздері ұнады, бірақ негізінде қалай болады екен? Біздікілер как всегда мрамор анау мынауға ақшаны экономдап қалатын әдеттері бар ғой:(

Әйтпесе дизайнерлердің жұмыстары менше жаман емес, тақырыбын ашатындай ғып жасағандай, тек ана Абай станциясын ұқпадым, не понятно..

Жапония қалаларының метроларының атмосферасы бөлек сияқты. Мысалға Фукуокада әр метро станциясының бөлек эмблемасы бар…

Ал Токиода вааще дамып кеткен:))). Состав станцияға жеткенде, тра-ля-ля деп бір мелодия ойнап, бәлен деген станцияға келдік деп хабарлайды ғой, Токиодағы метрода барлық десем өтірік шығар, бірақ Щибуя, Икебукуро, Шинджюку сияқты үлкен станциялардың әрқайсының мелодиясы бөлек:))))

Мына суреттер менің сүйікті қалам Фукуокадан, метроға түскен жерде. Банкоматтар бұрышы сосын қатарласқан бутиктер жер асты көшесінің бір бұрышы. Сол жақта метроға кіреберіс. Read the rest of this entry »

Posted Сәуір 30, 2010 by 6gradus in 6 градус

жарықтан ластану (light pollution)   3 comments

алғаш тақырыпты оқығанда қандай ойлар келді сіздерге?

Өзім алғашқыда бұл қандай ластану сонда деп таң қалдым атын оқығанда, мысалға табиғатқа тигізетін әртүрлі әсерлерден туындаған ластанудың түр-түрін біліп келдік. Адамның экономикалық әрекеті көбейген сайын, адам барынша табиғат ресурстарын пайдаланып келді. Ал табиғаттың жаңару процесінің ұзақтыған ескермеді, осылайша қазір біздің демалып жүрген ауамыз, ішіп жүрген суымыздың сапасы күмәнді болатындай жағдайға жеттік. Тіпті ол су химиялық құрамы H2O таза болған өзінде де қаншалықты денсаулыққа пайдалы екендігі күмән тудырады. Зиянды әрекет, қалдықтардан туындаған ластанудың түрлерін былай да естіп, кітаптан оқып, тіпті көзбен де көріп жүрген біздің адамға, жарықпен ластау, не болмаса жарықтың зиянды әсері дегенді сіздерге қалай маған түсініксіз болды. Содан португалдық зерттеушілер Тереза Алвес пен Диана Алмейданың біріккен орташа көлемдегі мына бір еңбегін оқығасын түсінген болдым. Read the rest of this entry »

түнгі универ және қоқыс туралы пост??:))   18 comments

Бүгін менде сабақ жоқ, содан түске дейін ұйқтадым, одан бөлмемді жинадым.Осы апта ерте кетем, кеш келем, бөлмеге мүлдем қарамағам. Жалғыз тұрған бір жақсы жері сол, қанша шашсаң да өзің білесің:)))) хаха.. Мусор деген ол жиналып алған, соны апарып төккенге таңертең әрбір минут санаулы, ал түнде ерінесің, сонымен пакет толған болатын. Рисайкл болатын (қайта өңдейтін) пластик бөтелкелерді ас үйдегі ортақ қоқысқа сала салдым себебі, рисайклдың арнайы жасыл белгілі пакетін алмаған едім, тек жанатын мусор менен жанбайтын мусорды ғана жинап жүрмін бөлмеде. Жанбайтын мусорға сол полиэтилен пакеттер сосын әртүрлі пластиктер жатады, осы жапондарда не көп қап көп, мысалға бір шоколад 3 қапқа оралады, бірі қағаз, бірі полиэтилен сосын пластик қап болады көбіне, содан мусор жиналмағанда қайтед.. Йоргурт, бетіндегі қақпағында пла- яғни пластик деген жазу тұрад яғни жанбайтын мусор, ал қабы қағаз деп тұрады, демек қабын жанатын мусорға тастау керек.

Жанатын мусор қызыл түсті жазуы бар пакетке, көк түсті жазуы бар пакетке жанбайтын қоқыстарды салу керек. Read the rest of this entry »