Archive for the ‘әншейін суреттер’ Category

Еріккенде   1 comment

20131006-181717.jpg

Осы жапондарда көшедегі қақпақтарының өзі әдемі келеді, әр
қаланың өз дизайны болады, сол қаланың белгісі болар зат
бейнеленеді. Мынау менің жаңадан көшіп келген қала Кодайраның
қақпағы. Токио метрополитені Кодайра қаласының символы шамасы бақша
болу керек. Жақын жерде көктемде сакура гүлдейтін жерлер бар, одан
бөлек көше бойында биік үйлердің қасында жүзім, алма, мандарин
бақшалары өсіп тұр, өткенде тіпті киви бақшасын көрдім, 5 қабатты
үйдің қасында біртүрлі контраст болып көрінеді екен:)) Пысы: Сосын
өткенде улап- шулап жүріп неттен тапсырыс беріп жүріп алған аяқ
киімім:) оны кейін бір жазармын.. сапасы орташа енді, әсіресе
өкшесі бірден желініп жатыр, айырбастау керек болып тұр, түрі
сүйкімді енді, сол үшін алдым кішкене балалардың аяқ киімі сияқты
болса да:))

Advertisements

Сеулге саяхаттарым   4 comments

1237024_10152226989229988_542634770_n

Осы жолы Алматыға қайтып келе жатып, Сеулге соқтым. Осымен екінші рет. Алдында көктемде барғанмын. Шыны керек 10 жыл әрі-бері жүріп, неге бір де бір рет Кореяға бармағанмын деп ойлаймын?  Білмим не болса да тормоз боппын, талай нәрседен құр қалғандай сезімдемін:)))) Бұрындары арнайы бармақ болғанмын,  Фукуокадан катермен Пусанға барып қайту 200 доллар ғана болды, бірақ та арнайы виза жасату керек ондайда, сол үшін басымды қатырғым келмеген, ҚЗда болсаң виза алу үшін міндетті түрде шақырту керек бір білсем, ал Жапонияда жүрсең онда виза алу оңай,  30 доллардай төлеп ала бересің. Егер де тұрақты жапон визасы болған жағдайда деп түсіндім өз басым.

Мен енді ондай виза-мизаға басымды қатырып жүргенім жоқ, тек ҚЗға барар жолда соғып кететін болған соң, транзит болып есептелетіндіктен , визасыз кіріп жүрмін. Мыс: Read the rest of this entry »

Posted Қыркүйек 10, 2013 by 6gradus in әншейін суреттер

Анармен саяхат   14 comments

Үйге келгесін, заттарымды біраз реттестірдім де, бірден универ жаққа барып, ол жақтағы шаруаларымды бітірдім, дүкенге бардым. Сонымен күн де өтті. Ертесінде тұра алмайм, қозғала алмайм, кәдімгідей жол соғып тастапты.. Түстен кейін Анар соқты соткама, «мен жеттім, қазір Фукуока аэропортындамын, сағат мыншадағы автобусқа отырамын»- деді. Мен болсам әлі шашыыылып жатырмын. Содан,қой, бұл болмас деп үй ішін жинастыра бастадым. Бір кезде осындағы тағы бір Жанна 🙂 телефон соқты, содааан екі ай бойғы жиналған әңгіме, өсек 🙂 Онымен сөйлесіп жүрмін, артық-ауыс нәрселерді жинастырып жүрмін, сүйтіп жүріп 2 сағат өтіп кеткенін байқамай қалыппын 🙂 Ойбаай Анар келетін автобус уақыты деп үйден шықтым жүгіріп, содан аялдамасына жетсем, тәтем деген бір жапон әйелді ұстап алып, бірдеме сұрап, есін шығарып жатыр екен 🙂 Бірақ ол кісінің автобусы келе қалды, артынша мен де жеттім 🙂 Read the rest of this entry »

Елден қалмау немесе аяқсурет:)))   20 comments

Елден қалмайын деп мен де блогкэмпке бір жазу арнайыншы ештен кеш жақсы деп.

Кеш жазып жатқанымның себебін айта кетейін. Блогкэмптен шыға салысымен үйге қарай зыттым. Ол жақта заттарымды апыл-ғұпыл жинап (әрі кетсе 8 минут :)) вокзалға қарай ұштым. Содан әйтеуір Тальгоға отырғасын ғана уффф дедім.  Әйтеуір кешігуден аман қалдым. Ал Астанадан бүгін келдім. Қыдырып, құрбыларыма қонаққа барып, тағы бір құрбымның мамасы(немесе енесі) жасаған наурыз көжесін ішіп риза боп қайттым. Ааал енді блогкэмпке келер болсам..

Осы жолы презентация жасай алмағаным ұят болды. Асхат Иншаллах келесіде жасаймын:).

Блогкэмп біткесін сондай біртүрлі сезімде қалдым, бір тоймай қалғандай:). Өз басым блогтарын қатты қызыға оқып, бірақ танымаған Асқарбекті және Өркенді көргеніме риза болдым:).  Пысық жігіт Сағын бар :). Олардан бөлек Ұшқын, Розатай, Кербез Айжан тб қыздарды көргеніме қуандым. Бұрын өздерімен де, блогтарымен (сайттары) де таныс болмаған Айбек, Батыр, Саттар,  Салтан жұбайымен, Тимур жұбайымен тағысын тағы.. Сосын инетте 2003-тен бері таныс болсақ та, кездесудің орайы болмаған Аршатты кездестіргенім қызық болды:). Онымен қоса Аршаттың 3*4 версиясымен де:)))).  Тоты мен Бальзаминка бұрыннан қатты-қатты танысқым кеп жүрген құрбылар, бірден жатырқамай сөйлесіп кеттік:)). Еркебұлан мен Талғат екеуі бір төбе:).  Екеуінің мафияға келгендері тамаша болды, жақсы танып қалдық. Одан басқа қарағандылық Дана қызға сәттілік тілегім келеді. Дефектология сондай керек блог!!!

Ақыры өзімнің дайындап келгенім шамалы болғасын, елдің еңбегін бағалау Read the rest of this entry »

Huis Ten Bush   11 comments

Жаңа жыл алдында қыздармен Нагасаки маңындағы Huis Ten Bush қалашығына барғанбыз. Токугава шёгундары билікке келген соң Жапония орта ғасырларда жабық ел саясатын үстанып, тек Голландиямен ғана сауда қарым-қатынасты Нагасакиде қабылдаған болатын. Сол үшін де бұл темапаркті Голландияға арнаған. Түнгі жарықтандыру,кешкі иллюминациясынан көріністер. Суреттер басса үлкейеді. (айтпақшы қолдынылған шамдар LED, үнемді шамдар )

Read the rest of this entry »

Кагошима қаласы   4 comments

Сол баяғы суреттер сериясынан..

Баяғыда Кагошима қаласында түсірген суреттеріммен бөлісейін. Кагошима қаласы дегенмен жәй өзім тұрған аудан десе болады.

Кагошима қаласы Кюшю аралының ең оңтүстігінде орналасқан қала.

Осыған дейін Фукуокада, Кагошимада тұрып келдім, енді осы жолы Нагасакиде, картада тұрған 3 қаламды белгілеп қойдым:). Сол үшін де мен өзімді Kyushu girl деп атаймын:))). Айналып Кюшюден шықпай қойдым хаха. Хотя осы жолы Кюшюге емес, Иокохамаға жаққа барғым келген еді, бұйырғаны осы Нагасаки болды:).

Қазір уже Нагасакиге үйреніп те кеттім, бірақ ең үлкен махаббатым бәрібір Фукуока:)))). Қайткенмен де мегаполис қала, іздегеніңді табу оңай дегендей. Әлемнің тұруға лайықты қалаларының үздік 20-на да кіретін қала ғой. Алғаш Жапонияға келгенде тұрған қала болғасын да Фукуока маған ерекше шығар кім білсін..

Ал Кагошимада теңізге жақын тұрғанбыз, біраз жаяу жүргенде теңіз жағасына жетіп, Сакураджиманы көруге болатын. Бұл тірі жанартау. Үстінен әрқашан түтін шығып тұрады аз-аздап, сосын арасында атқылап халықты шошытатыны бар:). Read the rest of this entry »

Ананас паркі   6 comments

Ананас қалай өседі деп ойлап көріп па едіңіздер?

Мен бұрын ананасты пальмада өсетін шығар деп ойлайтынмын:). Осы жылы Наурыз айында Окинаваның Наго қаласындағы ананас паркіне барғанбыз. Паррке кіру бағасы 550 йен, шамамен 6$-дай болар.

Жапонияның оңтүстігі Окинавада ананас өсіруге болатындай климат бар, бірақ та керемет өндіріс жоқ, тек кәдесый ретінде ғана өсіреді десем болады. Себебі Жапонияда ананас өсіру қымбат, рентабельділігі жоқ болғандықтан супермаркеттерде сатылатындар филипиндік ананастар көбіне.

мынау сол парктің ішінде ананастың алқабы Read the rest of this entry »