Archive for the ‘Универ, Жапония, Нагасаки тб’ Category

Баяндама   3 comments

Мына жазбаны мәәәәә неше жыл бұрын бастап қойған екем, ол кезде әлі Нагасаки университетінде оқимын ғой, бірақ таки паблик жасамаппын , жаңа тауып алдым:))))))))

Таңертеңгі сабақ басқа бір мұғалімнің сабағы,шын айтсам сол сабақ не сабақ екенін өзім әлі түсінбей келем:))). Хаха ол сабақта әйтеуір бәріміз кезекпен баяндама жасаймыз қалаған тақырыпқа:))).  Бірде ISO 14000 туралы болса, бірде Қытайдағы тұтынушылық (тамақ өнімдерінің) мәселесі туралы баяндама тыңдап соны талқыласақ, келесіде 20-ғасырдың басында өмір сүрген, 26 жасында өз-өзіне қол жұмсап өлген бір жапондық ақын қыздың  поэзиясы туралы баяндама тыңдаймыз:)).
Өткенде мысалға мен Қазақстан туралы жасасам бүгін бір қыз Жапониядағы экологиялық білім беру мәселесі, Жапонияның новелла примасы туралы баяндама хаха.
Былай қатып қалған тақырыбы жоқ демесең, біздің экология факультетінің неше түрлі мамандықтардан жиналған студенттер болғандықтан қызық-қызық тақырыптағы баяндамалар тыңдауға болады:)) Факультетіміз біртүрлі екен деген ойға келдім 🙂

Advertisements

Жүрегімді таптама   5 comments

Осы жапондар қызық. Кейде ойламаған жерде, Read the rest of this entry »

Сарымсақ отырғыздық   13 comments

Жексенбі күні біздің профессордың студенттері боп жиналып, сарымсақ (чеснок емес, ЛУК) отырғызуға бардық.

Мынау суреттегі біздің алқап, біраз жоғары жақта тағы бірі бар осындай. Ол бұған қарағанда кішірек.

Негізі алдында бір бас қосу болған кезде арпа егетін боп келіскенбіз. Содан «арпа басшыны» таңдап,  ол жігіт пен профессор екеуі сол арпа өсіретін адамнан техникасы туралы, жалпы арпа туралы сұрап келетін болған.

Содан өткен апта профессордың мэйлінде сарымсақ егетін болдық деп жазыпты.АА? арпа қайда қалды деп таңданғам.

Сүйтсе арпаны егетін уақыт уже өтіп кеткен екен. Read the rest of this entry »

Нагасаки-Ундзен   Leave a comment

Нагасакиден бір сағаттық жерде орналасқан Ундзен деген қалашық. Кюшю аралы бойынша онсен (ыстық бұлақ) орталығы болып есептеледі. Бұрындары туристтер өте көп келетін қала болған. Бірақ 1995 жылы вулкан атқылауынан кейін, жер көшкіні де болып, адамдар үйлерін тастап көшуге мәжбүр болды. Сосын жер сілкінісі кезінде 50-ге жуық адам қайтыс болғаны ол бар, туристтік салаға жаман әсері ғана болды. Қазір енді жаңа сервистері пайда болып, туризмы бұрынғы қалпына келуге тырысуда. Бірақ бір жоғалтқан қонақтар қайта келе қоюы қиын. Қазір енді онсеннен басқа Geopark сияқты туристтер баратындай жерлері бар.

экомузей деп қарастыратын аймақ қазіргі Нагасаки префектурасында

Қазір менің факультетімнің мүғалімдері бірнеше жобалары бар осы Ундзенде. Соның бірі жер энергиясын, яғни ыстық бұлақты энергия алуға пайлану туралы проект басталды. Себебі Жапония бүкіл әлемде ыстық бұлағы жағынан әлемде 3 орында болса да, жер энергиясын пайдалану өте аз. Сондықтан қазіргі жаңа үкіметтің CO2- ын 25% ке азайту керек саясаты бойынша  альтернативті энергия көздерін пайдалануды арттыру жағынан біздің универдің проектісі басталды.

мына сурет сол Ундзен орталығында «Тозақ аралау» деген жері.

Жерден трубалар арқылы булар шығып жатады:). Read the rest of this entry »

Балалармен кездесу   9 comments

Кешенің алдында осы Нагасакидің бір қалашығына бардық он шақты шетелдік студент.

Ой мен жеткенше бір жыр болды. Автобус аялдамаға шамамен сағат 8.26-да келу керек. Сүйтсем Вьетнамка бір қыз бірге баратын еді одан, мен уже автобустамын деп мэйл келді. Бірден жауап бердім. Менің аялдамама жақындағаныңда звонда деп. Уақытын білсең несіне сонша дерсіздер?? Көбіне енді жапон автобустары жазылған уақытымен жүред, енді тіпті енді сәпсім өліп кешікті дегенде 10 мин. Ооой әйтеуір басқа автобусқа міне жаздап, әйтеуір дұрыс міндім.

Пыросто осы Нагасакидің автобустар жүйесін түсінбей ақ қойдым шыны керек. Мысалға № 1 автобустан әртүрлі маршрутпен жүретін бірнешеуі бар:)))))). Орталыққа баратын кезде трамваймен ғана жүретін маған осы автобустардың жүйесі енді хммм

Шығатын пункты мен баратын пункты бір болғасын номеры бірдей. Содан маршруттың ортасы не аяғында бұрылып аралайтын микроаудандары бар әрқайсының. Пәленбайыншы номерлі автобус, бәленбайыншы аудан арқылы өтеді деп жазылып тұрады. Бірақ мен сияқты адамға мүлдем түсініксіз. Иероглиф танымайтын адам болса вааще түсініксіз менше. Бөлек номер жасаса болмай ма дегенге , ол тағы болмайды. Номері бір болғасын шамамен қай жаққа баратынын қалай жүретінін білуге болады. Сосын кейбір аудандарға сағатына бір ғана автобус жүреді. Сол күніне жүретін 10 ретке ған бөлек номер жасау тиімсіз.

Нагаё деген қалада «International kids day» болды. 10 елден келген студенттер өз елдерімізді кішкене балаларға таныстырдық. 3-6 клас, барлығы 94 бала болды.

содан балаларды 6 топқа бөлді. Вьетнамка АнТу екеуміз бір топқа басшы болдық. Read the rest of this entry »

Көзілдірік көпір/ Meganebashi   9 comments

Нагасакидің бір touristic spot – Көзілдірік көпір. Тарихын білмим сұрамаңдаршы:))) Пыросто әдемі болғаны үшін жақсы көрем.

Ана өткен жұмада суреттер ілген едім ғой түскі астан, мына суреттерді де сол күні түсіргем. Вощым трамвайдан түстім де пересадка жасайтын трамвайды күткім келмей жаяу кеткенімді қайтейін, қарама-қарсы жаққа кетіп қаппын:)))) Күн ыстықтан уже бас істемейді:)) Ақыры визамды жөндеуге үлгермедім ол күні, бірақ есесіне мына суреттерді түсірдім. Бар суреттер бассаңыздар үлкейеді.

Алғашқы сурет толық көлемінде ілдім, десктопқа қолданам десеңіздер douzo:)

Read the rest of this entry »

Түскі ас /Gusto   11 comments

Бүгін түстен кейін қала араладым, точнее аралайын деп емес, визамды мульти визаға ауыстырамын деп ойлап, иммиграциялық әкімшілікке барам деп шықтым.  Әйтіп-бүйтіп жеткенше сағат 4-тен кетті. Мен сағат беске дейін жасайды екен деп сызылып жеткенше жабылып қапты, дүйсенбіде қайта барам Иншаллах. Содан түскі тамақ ішпеген мен, қайтар  жолдағы Гасто деген кафелер желісінде (family restaurants) тамақ ішкем, сол жерден суреттер (басса үлкейеді).

сосын асқабақтың суық сорпасы Read the rest of this entry »