Archive for the ‘Тағамдар’ Category

Түскі ас /Gusto   11 comments

Бүгін түстен кейін қала араладым, точнее аралайын деп емес, визамды мульти визаға ауыстырамын деп ойлап, иммиграциялық әкімшілікке барам деп шықтым.  Әйтіп-бүйтіп жеткенше сағат 4-тен кетті. Мен сағат беске дейін жасайды екен деп сызылып жеткенше жабылып қапты, дүйсенбіде қайта барам Иншаллах. Содан түскі тамақ ішпеген мен, қайтар  жолдағы Гасто деген кафелер желісінде (family restaurants) тамақ ішкем, сол жерден суреттер (басса үлкейеді).

сосын асқабақтың суық сорпасы Read the rest of this entry »

Advertisements

Аспаздық   4 comments

Эльвира вордпресске көшкеніне қуаныштымын:)

мынау жаңа адресі. Қонысың құтты болсын, бізді жаңа рецепттермен қуантады деп күтеміз:)

Рэйнның аварды құтты болсын!:)

Posted Маусым 7, 2010 by 6gradus in Тағамдар

суши және тб   4 comments

Өткенде ыстық бұлаққа барғасын, сол жерде тамақтандық. Вообщем динер план/байкинг ,қалаған затыңды жейсің. Бағасы 2500 теңгедей. Тізіліп тұрған неше түрлі тағамдардан өзің  қалаған тағамыңды өзің қалағанша салып аласың. Жапондық тағамдардан бастап,  спагеттиге дейін.  Сосын әртүрлі десерттер және сусындар да бар екен. Сондағы неше түрлі заттарды жинап алған тарелка. Read the rest of this entry »

Posted Маусым 7, 2010 by 6gradus in Тағамдар

Nabe-қазан   6 comments

Соңғы жылдары Жапонияда қазанға пысыратын тамақтар саны артқан сияқты. Артқан болғанда көбіне үйде жасалатын имиджі бар тағам, ресторан, кафелерде де беріле бастаған сияқты. Бұл көбіне қыстық тағамдар, сорпасын қоса ішіп, жылынатын эффектісі үшін видимо қыстық тағам ретінде саналады. Негізі набе риори қазанға пысырылар тағам дегенмен оның өзі түрі түрі бар. Ішіне қосатын етіне қарай әрине сорпа дәмі де өзгереді, сосын ішіне өзің қалауың бойынша заттар саласың.

Мына сурет қыста Токиодадан, Роппонги жақта бір кафеге барғанбыз.

Сорпасы балық сорпасы десе болады, ішінде балық, тофу сосын әртүрлі көкеністермен саңырауқұлақтар. Read the rest of this entry »

ням-ням:))   4 comments

осы бір печеньені жақсы көремін:)))

шоколад қосылған, екі түрі бар бірі милки, кәдімгі сүтті шоколадпен, бірі рич милки одан сайын құрамында сүті көп. Маған рич милкисі ұнайды хотя екеусі де жақсы..

Егер байқаған болсаңыздар осы жапондарда мания бар нәрсені жүз қапқа орайды:))) барлық зат сол.. ана алдындағы КитКатта сол қорап, одан соң тағы оралған:))) Ну КитКат простительно ол арнайы сувеннир ретінде жасалған түрі..

Read the rest of this entry »

Сашими-шикі балық   10 comments

Осы жапондар тағамға көбіне дәмдеуіштер қоспайды, табиғи дәмін татуға тырысады. Мысалға оңтүстік Азия, Қытайда неше түрлі дәмдеуіштерді қосып ақырында не жеп не қойғаныңды  білмей қалуың әбден мүмкін, ол жағынан алғанда жапондық тағамдар бөлек. Соның бірі Сашими- шикі балық, тек соя соусымен ғана дәм кіргізеді.

Тағамдарды екі түрге бөлуге болады, ке-яғни күнделікті, сосын харе-яғни мейрам не ерекше күндері желінетін тағам түрлері. Харе тағамдарына суши мен сашимиді жатқызады. Ну түр түрі көп, мен аса айырмаймын шыны керек, аттарын да жаттай алмай қойдым, былай түріне қарап мен ұнататын балық деп білемін:))).

Мынаның ішіндегі салмоннан бастап бәрін жақсы көремін десе болады , әсіресе ана оң жақ жоғарыдағы нәрсе, түсі ақ, ракушка ішінен шыққан нәрсе хотатэ, қатты жақсы көремін. Денсауллыққа да жақсы, әртүрлі минералдары көп нәрсе.. Ал креветкалардан мына түрі аса ұнатайм.. Сосын ана оң жағындағы жасыл нәрсе-wasabi, жапондық хрен, вааще ұнатпайм десе болады. Сушиға тапсырыс бергенде васабисіз деп беремін ылғида..

Мынау ана алдындағы мұғалімімізбен барған рестораннан, сондағы кей тағамдардың суреті.. Read the rest of this entry »

жапондықтардың таңғы асы   30 comments

Гаухардың сұрауы бойынша:)))

Әдеттегі жапондықтардың таңғы асы дегенде бірден ойға күріш, мисо, натто келеді.

Күрішті сол мисо сорпасымен ішеді.

мисо сорпасы неден жасалады?- dashi-сорпасы (комбу [теңіз өсімдігі] мен кацуобуши [tuna балығының ұнтағы]) негізі болып табылады, оған [соя немесе күріштің ферменттелген туындысы] мисо қосылады, ол мисо көбіне паста күйінде болады. Таак ал топпингке келсек, топпинг әртүрлі болады, әр мекенде әртүрлі болуы мүмкін, сосын әр жанұя өзінше жасауы мүмкін. Ну былай әдеттегі мисо сорпасында вакаме (теңіз өсімдігі), тофу (соя ірімшігі), шиитаке немесе басқа саңырауқұлақ,

сосын аппақ бірдеме қосылады, соның атын ұмытып қала берем:))) Read the rest of this entry »