Archive for the ‘Пауза:))’ Category

Мысықтар мен қарғалар   3 comments

өткенде бір жігіт Фэйсбугына ілген екен, ой өлдім ғой:))))))))). Бірден айфоныма көшіріп алдым.

Ана қарғаларға не жоқ десеңші. Жек көрем қарғаларды, айтпақшы өткенде Токиодағы бір құрбым балконға көрпе іле қояайын деп шықса, төбесін қарға шұқып кетіпті, УЖЫЫС. Қайта қатты емес енді, докторға бару қажет болмады, бірақ кейде қатты шұқитын кездері де болад екен. Ал видеоға қайта оралсам, атауын «мысықтар триллері» депті. Шынымен керемет жасалған енді, ұзындығы 3 жарым минуттай. Музыкасы енді супер!!! Read the rest of this entry »

Advertisements

Фукуяма Масахарудың жаңа әні Хотару (жарық қоңыз)   4 comments

ой осы Фукуяманың әндері енді супер. Баяғыда группа болып, жапонша ең алғаш жаттаған әніміз де осы Фукуяманың Сакурадзака әні еді. Алдында да бір постымда ілген едім осы Фукуяманың түскен жарнамасын , бәкграундында өзінің әні, ол әні де супер.. Әндерінің мелодиясы ұнайды маған.

Айтпақшы осы Хотару әнінің ішінде Нагасаки туралы жазылған жерлері бар.

僕が育った街にいつか一緒に帰ろうよ                       Бір күні  туып өскен қалаға бірге қайтайықшы
古い教会 坂道の通学路 会って欲しい人がいる  Ескі шіркеу, дөңге өрмелеген мектеп жолы, таныстырғым келетін адам бар.

ал жалпы сөздері..

Нагасакиді жақсы көруіме осы Фукуяманың көп әсері болды шыны керек:)). Қазіргі Read the rest of this entry »

Субарудың көңілді жарнамасы   18 comments

Соңғы кездегі жарнамалардан осы бір жарнама ұнайды. Жапонияның жазғы мейрамдарының атмосферасы көрсетілген. Жазда жер-жерде Жапония бойынша жаздық фестиваль ұйымдастырылады. Кешкісін салют болады. Палаточный қалашық құрылып, жапондық дәмдерді жеуге болады, өте көңілді қысқасы. Оған қоса мына жарнамадағыдай юката (жеңіл халат) киген қыздарды көп кездестіруге болады. 15 секундтық жарнамаға жазғы жапондық дәстүрді сыйғызғандары, мейкерлері мықты екен:)).

Биыл Нагасакиде мен 31 шілде бардым салют көруге. Бірақ өзіме естен кетпейтіні баяғыда Фукуокада бір жапон апайдыкіне хомстейге барып, юката киіп ханаби (салют) қарауға барғанымыз:). Айтпақшы мына жарнамадағы актриса Кичисэ Мичико да Фукуокадан екен:).

Жарнамада Субарудың жаңа модельдеріне экологиялық скидка жасалатыны айтылған. Экономикада қозғалыс болуы үшін, сосын Жапонияның СО2 ды 25%-ке азайту деген мақсатына қарай экологияға зияны аз заттар алыну үшін мемлекет жаңа модельды TV,кондиционер, тоңазытқыш алғанда да,  жаңа модельды машинаға берілген сияқты, тағы бірқатар заттардың құнының біраз сомасын мемлекет тарапынан жабады.

Шисейдоның жарнамасы   6 comments

Осы бір жарнаманы жақсы көремін. Осындағы әйелдерге риза болам тегі, сондай жақсы сақталған, 40-тан асқан деп айтпастай..

80 жылдары әнші болған төртеуі де. Маған әсіресе осы жарнамадаңы Якумару (Ишикава) Хидемидің версиясы ұнайды. 5 баланың анасы деп айтпастай сақталған. Мына жарнамаға жолдасы да түскен екен. Екеуі де сексенінші жылдары атақты әншілер болған. Күйеуін теледидарда кей бағдарламалардан көруге болады. Сосын апта күндері таңертең 8-де жүргізетін бағдармаласын кейде қараймын. Сол Якумарудың әйелі екенін білмеппін, осы жарнама болмаса..

Сосын осы жарнамадағы ән де супер, мелодиясы позитивті. Бұрын жақсы көрген қызына арналған ән негізі. Әннің сөздері: «Жақсы көрген едім, сол күйіңде өзгермеген әдемісің»

Шисейдоның бет күтіміне арналған сериясы, жарнама концепциясы бойынша 40-тан асқан әйелдерді таңдаған екен, бәрі де бала тәрбиелеп жатқан аналар..

Flowers/Tsubaki жарнамасы   4 comments

Соңғы кездегі жарнамалардан осы жарнаманы қатты жақсы көремін. Цубаки-камелия шампунының жарнамасы. Жақында кинотеатрларда көрсете бастаған Flowers филмімен біріккен. Осы фильмдегі актрисалар почти барлығы өте атақты актрисалар. Мацуджюн түсетін Гокусэн дормасындағы Накама Юкие де түседі. Менің ең жақсы көретін актрисам да түседі, мына жарнаманың аяғында қызыл пальтомен есіктен аттағаны:)). Барлығы алты актриса болса, осы жарнаманың да 6 түрі бар.

Ал  фильм қызық болу керек. Flowers-гүлдер деп, әр замандағы жапон әйелдерінің тағдырын көрсететін фильм болу керек. Қарамағасын айта алмайм. Бірақ та ішіндегі біреуі қалыңдықтың кимоносын киіп жүгіріп жүрені, адамды люботный боп қалдырад екен:)).  20 ғасыр басындағы runaway bride сияқты:).

И сосын тағы бір нәрсе жарнамадағы әнді айтатын топ Dreams Come True тобы да жақсы көремін.

прикольный жарнама LOtte, Ikuta Toma   1 comment

өткен апта басталған жарнама, алғаш көргенде жаман күліп едім:))) нуу жапондар деп:)))хаха анимелеп тастаған жарнама екен.

Түсетін актер Икута Тома, Hanazakarino Kimitachie(HanaKimi) сериалынан кейін атағы Азияға жайылған актер.

Қызыл әскер миллионеры деректі фильм   2 comments

Жаңа осы бір деректі фильмды қарап біттім. Қатты ұнады.

Оқиға желісі Ұлы Отан соғысы кезеңінде басталады, сол кезде жұмыс істеген бір қылмыстық топ туралы. Бірақ жай бір қылмыстық топ емес 🙂 Еріксіз жымиясың да қарап отырып, былай қарасаң әрине қылмыскер,(ата- әжелерімізбен қатар кезеңде болған жағдай ғой, қаншалықты қиналғанын біздің басымызға бермесін) бірақ та, бірақ та, сонда да таң қалмасқа болмайтын деңгейдегі афера..

Орта деңгейдегі адамның алдын орап ойлайтын адамдардан құралған топтың іске асырған махинациялары, желінген қаншама қаржы , бірақ сонымен қатар былай қарасаң социалистік мемлекеттегі «бреши» дей ма қалай, жетіспейтін жақтарын толтырған әрекеттері. Атқарған істерінен  қоғамға пайда да келген тіпті қылмыстық істері болса да, әлеуметтік инфраструктураларды ретке келтіруге қосқан үлестері.. Read the rest of this entry »