Archive for the ‘Мәнерлеп сырғанау’ Category

Гала шоу супер болды:)   19 comments

Кештен бері осы видеоны ілем деп әлек болдым ғой, құрсын істемегенім жоқ, ақыры бір проганың крәк версиясын таптым ба, керек болса бәрін істейд екенсің:))

Кеше Дениска Тұран тобының Ер Тұран күйіне? әніне? очым аранжировка жасалған әуенге сырғанап бәрімізді риза ғып тастады. Жапондар былай жақсы Цүндірді мағынасын, сосын былтыр ҚЗда алғаш айс шоу болғанын айтты. Бүгін ақыры бірнеше арнаның видеоларын қарап шықтым, қиюға келетіні Спорт1 арнасыныкі екен, бірақ коментатор соооондай топас, ну орыстардың барлық ТМД елдерінің жақсылықтарын өздеріне таңатын әдетімен сөйлеп, одан қалса Маоны апарып тастаған коменттері үшін нервым ауырды. Ақыры қиналсам да басқа арналардыкін бірдеме ғып қидым әйтеуір.

Денистың бағдарламасы жарап кетті, одан басқа Дайскенікінің бағдарламасы енді супер, музыкасы да сүйікті Астор Пиаззолла. Хореографиясын Стэфан жасады мекен, ол прям нуэвотангоны жақсы көреді. Бұрын Дениска жасаған еді, дәл осы әуен бед, әлде күзі версиясы мед ұмытып тұр қаз. Маонның сырғанауы сондай каваии, бәрімен қоштасқандай болды осы кеште. Юнаныкі сөз жоқ әрине, бір сөзбен өтеее нәзік. Сосын Хавиердің бағдарламасы ұнады:)))) Испандық жігіт жаман күлдірді, енді сәл болғанда Хавиердің фаны бокете жаздадым:))) Тек күлкілі емес,  жасаған элементтері күрделі, арасында секіріп, плюс стэптары да күЧт шықты.  Тацуки Мачиданың мұз үстінде гитара тартқан арманшыл бала бағдарламасы да күЧт болды:) Сосын қытайлық жұп Паң-Тоң Les Miserebles бағдарламасы керемет әдемі шықты, бұл жұп спорттан кетед. Осы олимпиададан кейін көптеген фигуристтер кететіні жаман, әсіресе Дайске:((((((  Николай Морозовтың шәкірттері Катсалапов-Ильиныхтың «Аққу көлі » ұнавед, бірақ галадағы жасағандары аса ұнамады. Сүйтсе өзі галаға кіретіні белгілі болғасын ғана дайындаған дүниелері екен, бәсе әдемі болғанымен шикілеу көрінді. Юля сол сүйкімді күйінде бірақ  галасы аса әсер етпеді маған.

Кеше ғана Денистың инстасынан Юнамен түскен сюретін көрген ем, сүйтсе галаға дайындықта түскені екен ғой:)
Айтпақшы барлығының атынан сөз сөйлеп, рахмет айтқан Патрикті сәл болса да кеЧірдім:)))
Ал Сотникова ваааще нефтему. Өзі не сырғанап жүргенін білмейт. Бопты, өзі жас бала білімі жетпейд , тренерлері қайда қарап жүр?? Астор Пиаззолланың Oblivion әуеніне сырғанады. Oblivion-аударсақ ұмытылу, қалу деген мағынада, ал ол болса ала-құла көбелек боп шықты:))) Онысы жарты жарты жолда шашылып қалды, одан әйтеуір келістіріп өтірік бірдеме сырғанады, андай позорный көбелек точно oblivion боп ұмтылып қалмайды:)))))) Дәм болсын..

Advertisements

Бүгінгі гала шоу қызық болу керек:)   2 comments

Юнаның фандары жинап келген суреттерді көрдім:) мына жерден алдым. Олар әртүрлі жақтан жинаған екен, ең көбі http://sports.chosun.com/ сайтынан екен, одан басқа my daily, MK деген қысқартуларды ұқпадым

20140222174310645
типа вальс па? Read the rest of this entry »

Жабылып жүріп тілеп алған медаль :)   11 comments

Қалайсыңдар?

Қола медаліміз құтты болсын. Мәнерлеп сырғанаудан кейін елдер әлі ұқпай жатқан сияқты неге алай болды?  неге былай болды деп:))

Тіпті қарап отырып, Юзуру Ханью мен Патрик Чан құласын деп тілегендер болыпты:)))))))))))))))))))))))
Қатырасыңдар:) Ол енді бос тірлік, көп әріп болса да,  неге олардың құлағанынан екінші күні бізге еш пайда келіп, кетпегенін, осы жазбамен түсіндіріп кетуге тырысайын 🙂
Өз басым осы олимпиада алдында Юзуру бірінші сосын Чан, біздің Дениске қола болар мекен деп ойлағам, себебі Дениска осы жылы жарақаты болды, басқасы болды. Сондықтан Патрикке тең келе қоймас, қола алып жатсақ та еш ренжімим дедім ғой. Read the rest of this entry »

Мики Андо чемпион!!!   4 comments

Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасынан бірінші орынды Андо Мики алып, әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды (алғашқысы 2007ж).

2010-2011  жылдық маусымның шымылдыған жабатын әлем чемпионаты бір ай бұрын өтуі керек еді. Жапониядағы апаттан соң әлем чемпионаты Мәскеуге ауысқаны естеріңізде болар.

Менің ең сүйікті фигуристім Андо Мики биыл жақсы өнер көрсетіп, біраз алтын жинап шықты.  Read the rest of this entry »

Әттең Стэфан..   6 comments

Мұзда мәнерлеп сырғанаудың фанаты екенімді білесіңдер ғой:). Оның ішінде ұнайтыны осы Стэфан Ламбьель еді.

Қазір енді үлкен спорттан кетті, арасында айс шоуларға қатысады. Әлемде фанаты көп фигуристтерден Плющенко мен осы Ламбьель шығар.

Туриндегі олимпиадада Плющенко алтын алса, Стэфан күміс алды, ал Ванкуверде жолы болмады.

Енді бар ғой супер фигурист , сөзбен жткізу мүмкін еместей:).  Сырғанауында ерекше бір мән бардай, еріксіз көзіңді алмай қарайсың. Техникасы да жаман емес бірақ бұл фигуристтің ең кереметі жанын беріп сырғанағанда, өз әлемі бардай көрінеді сырғанауын тамашалаған кезде. Маған осы бір гусар ма сондай киім киіп сырғанайтын бағдарламасы ұнайтын.Стэфан Ламбьель де жарақат алып 2008 ж спорттан кетіп қайта келген еді, талмай еңбек ететін адам, сыйламасқа болмайды, и вааще пыросто красавчик жігіт:). Read the rest of this entry »

Маочян жарады!   1 comment

Осы қыстық маусым бітердегі ең соңғы жарыс, Туриндегі әлем чемпионатында Асада Мао чемпион атанды. Тек Асада Мао емес Такахаши Дайсуке де алтын алды.

4 тік флипы керемет таза болмаса да, сәтті болды, ал басқа жағынан сөз жоқ болды.  Энергияға толы орындау, өте эмоцияға толы. Дайсуке красавчик!

Осы спортсменнің алға ұмтылысына таң болам әркез, сосын әрине талмай еңбек етуі, тіпті сол 4 тік элемент сәтті шыға қоймайды-ау десе де, ылғи бағдарламасына енгізуіне риза боламын. Ну осы жолы әрине Лайсачек пен Плющенко қатыспады, сондықтан нақ Дайсукенің жұлдызды сағаты болды, бірақ мен үшін Лайсачек бір керемет фигурист емес, бір кішкентай кезіміздегі ертегілерде Кащей бессмертныйдың қасында жүретін нөкерлеріне ұқсатамын:). Шамасы бойы ұзын, қабағы түксиген, онымен қоса мұздағы киімі қара болғасын:)))). Read the rest of this entry »

Әп-сәтте өте шыққан «ұзақ» 4 минут..   2 comments

Бүгін ақыры қыздардың мұзда мәнерлеп сырғанаудан алтыны Кореяға бұйырды:).

Ким Юна маладес, супер-мупер еш қатесіз сырғанап шықты.

Маған бағдарламасы аса ұнады деп айтпас едім, ну былай әдемі, жеңіл нәрсе, бірақ эмоциясыз сияқты.. Ким Юна болғасын жандандырды дегені болмаса.. Юна көбелек тәрізді, секіріп қонған кезі де сондай жеңіл,еш қиындықсыз effortless көрінді.

Бір интервьюсында «Нәтиже қалай болатынын бір Құдай ғана біледі, бірақ бір білетінім қандай нәтиже болса да  қабылдауға дайынмын« дегені.. Басқа қыздарда жоқ қасиеті, жүрегі, нервысы мықты қыз, андағыдай прешрға шыдап шықан маладес. Сұмдық енді, бүкіл Корея уже алтын біздікі деп шулап жатқанда, сол жүкті көтеріп шықты. Read the rest of this entry »