Жабылып жүріп тілеп алған медаль :)   11 comments

Қалайсыңдар?

Қола медаліміз құтты болсын. Мәнерлеп сырғанаудан кейін елдер әлі ұқпай жатқан сияқты неге алай болды?  неге былай болды деп:))

Тіпті қарап отырып, Юзуру Ханью мен Патрик Чан құласын деп тілегендер болыпты:)))))))))))))))))))))))
Қатырасыңдар:) Ол енді бос тірлік, көп әріп болса да,  неге олардың құлағанынан екінші күні бізге еш пайда келіп, кетпегенін, осы жазбамен түсіндіріп кетуге тырысайын 🙂
Өз басым осы олимпиада алдында Юзуру бірінші сосын Чан, біздің Дениске қола болар мекен деп ойлағам, себебі Дениска осы жылы жарақаты болды, басқасы болды. Сондықтан Патрикке тең келе қоймас, қола алып жатсақ та еш ренжімим дедім ғой.
Түсінбедім Мәскеуде сынық конькимен сырғанағасын қалған жарақат па? Одан да емес, кейін өзі дайындықта құлады ғой деймін. Ұзақ уақыт көрінбеді сосын , одан алдыңғы төрт континент жарысында жағдайы мәз болмаған еді. Әй бұл бала Сочиге дейін аяғы жөнделсе деген тілек болды. Әрине екінші орынға таласып көргенін кім қаламасын, әсіресе былтырғы әлем чемпионатындағы алтын-күміс бөлінісінен соң Денистің алтынын тартып алғандай кәдімгідей көңілім қап еді . Бірақ мәнерлеп сырғанау әлемі деген сол енді, өзіндік заңдары бар. Сол үшін де бұрыннан ұнатпайтын Канадаға, ешбір фигуристіне сәттілік тілемейтін болдым, жек көрем Канада федерациясын, өмірі бір жыламсырап жүреді.  Солт Лэйк Ситидегі концерттері естеріңде ме? Жұппен сырғанауда Ресей алтын алып қойды деп, ақыры жылап жүріп, қайта церемония жасап, екінші алтынды алған еді ғой өздеріне:))))) Сондықтан да Патрик Чан туралы керім жазбай ақ қояйын, себебі бәрібір обьективті түрде қарай алмайм:))))) тіпті ана жазығы жоқ екінші Канадалық балаға да сәттілік тілемедім:))))
Алай айт, былай айт бірақ олардың программалары мықты, әсіресе Ханьюдың ана шорт програмын өздерің де көрдіңдер ғой . Композиция жақсы ойластырылған,сосын өздеріне жарасымды көрінеді. Олимпиада басталмай-ақ ол бала қысқа бағдарламада көп жинайтыны белгілі болды. Оған дейін Жапония ішінде өткен бір жарыста рекорд жасады деп жатқан, мен өзім қарамадым ол жарысты, топтық жарыстан-ақ аяқ алысы көрініп тұрды ғой. Қысқа бағдарлама күні алдыңғы 99 деген рекордын 101ге көбейтті.

Екеуінің басқалардан жоғары алғандарына қатты әсер еткені компонент ұпайлары. Бұл секіруден бөлек дүние. Компонент пойнтс: фигуристтің аяқ алысы, жалпы программаның хореографиясы, орындауы, ну қалай харизма, артистизм дейміз бе, одан бөлек музыкаға қаншалықты сай сырғанай алады,  сосын элементтер арасындағы байланысқа да баға қояды. Ал ол төрешілер қоятын ұпай, бұл енді таза субьективті нәрсе. Негізі ұпай айырмашылығы өте аз, бірақ бәрін жинағанда кәәәәдімгідей артықшылық шығады, осы арқылы топ класс фигуристтер анықталады.
Мысалы олимпиада көріп отырып біз бірден сизон бест қанша болған еді деп  қарап отырдық. Сол үшін Денистің қоласына бәсекелес болар деп Хавиер мен жапондардан (Юзурудан басқа екеуі) қорықтық . Себебі өл тіріл, бірақ бәрібір де сизон бестке жақын баға аласың, біраз артық қоюы мүмкін, бірақ ол енді мәнерлеп сырғанаудың заңы, олимпиада не әлем чемпионаттарында әсіресе солай, осыған дейін нестеп қелдің бәрі есептеліп беріледі осы ұпайлар. Яғни атағы шықпаған бір фигурист келе сап жеңіп кетпейді, тем более олимпиадада. Ал осы маусымды қарастырсақ,  Денис ауырды, сондықтан дым көрсеткіш көрсетпеді. Ал Юзуру мен Патрик Викиден қарасаңдар болады, екеуі кезек-кезек барлық жарыстарды жеңіп шықты. Айнаш коухайым айтпақшы фигуристтің авторитеті де маңызды деп, қарап отырсақ Юзуру мен Патрик жоғары деңгейде тұрды. Сол үшін де олимпиада басталмастан бұрын-ақ кімдер алтын мен күміс алатыны бәсенеден белгілі болды десе болады. Оларға сәл жақын жерде Такахаши Дайске, сосын Дениска вице-әлем чемпионы ретінде Еуропа чемпионы Хавиермен қатарлас деңдейде болды деп қарастырсақ болады, тіпті Хавиер одан жоғары болды.
Бірақ әрине қатып қалған дүние жоқ, претенденттер үлкен қателік жасап жатса, басқаларға әрқашан да шанс бар.  Сондай шанс Денискаға бола ма деген үміт менде болмады десем, өтірік болар еді:))) бірақ Юзуру мен Патрик бірінші күнде ешкімге ондай шанс бермеді, таза сырғанап шықты.

Дым білместер әрине Плющенко алтынға үміткер бәлен-түгілен деп қыртып жаза берді. Заманында бір ғана туатын фигурист әрине Плющенко, бірақ уже дәуірі өткен, одан жаманы біресе қатысам, біресе қатыспайм деп, фри програмы мүлдем дайын болмады, соңғы моментте бұрынғыларынан жамап бірдеме жасады ма ұқпадым, қарап көріңдерші өзі топтық жарыстағы программасын, быыыыт-шыт. Түүүүк байланыс жоқ элементтер арасында, сосын бұрынғы Плющенко емес секіргенге ұзақ дайындалады, динамика жоқ уже. оЧым ана Кофтунға сәпсім обал жасап кетті, ол байқұстың орнын тартып алып, босқа жас баланың жолын кесті. Ресей коньки федерациясы да қуады, бірақ олар мен жоғарыда жазғандай Плющенко дұрыс секірсе авторитетімен ақ , сүйреп шығарады деп сенді, ақыры болмады. Негізі одан да сол Кофтунды жібергенде, ал топтық жарыста онсыз-ақ та алтын алар еді менше, ана айс данстағылары да норма сырғанайтындар ғой.

Сол сияқты өткенде бір топас журик Липницкаядан сескенбейсіз бе деп Ким Юнадан сұрапты:))))))))))) Юна қайда Юля қайда:)  базар жоқ Юля сүйкімді, техникасы да жаман емес, бірақ…:))) Хотя Юнаға прешр көбірек, бүкіл Корея тұрмақ қаптаған жапон медиасы қарсы алып жүрген адам ғой. Айтпақшы осы қыздар ішінде нервылары мықтылары осы екеуі менше. Ондай боп туу керек шығар шамасы.
Бопты жігіттер туралы еді ғой әңгіме..

Негізі әрбір фигурист өзі шамамен мынанша ұпайға деп программа ұйымдастырады, және сайыс алдында секіретін элементтерге алатын жиыны да белгілі болады. Бірақ әрине белгілеу бір де,  шынында орындап шығу ол басқа нәрсе. Сондықтан төрешілер қай элемент келетінін уже біліп отырады, әрі қарай қаншалықты таза, жоғары, динамикалы, алыс орындалса, соған қарай негізгі ұпай үстіне тағы қосады, не одан алып тастайды. мысалы Юзуру 4тік салькоға секірді де құлады, негізі соны керім жасай алмайды екен,  таза жасағанда 10,50 ұпайды ең аз дегенде негізгі ұпай ретінде ғана  берер еді, сол үшін тырысқан ғой, бірақ құлады, құласа да 7,5  ұпайды секіріп үлгергеніне дей ме, айналып үлгергеніне қарай берді, ол бар ғой жәй 3тік салькоға қарағанда жоғары, ойлап көріңдер 4.62 ұпай немесе құласа да 7,5??  Бар ғой айырмашылық, ну әр құлағаны үшін ең үстінен тағы да -1 алады әрине. 4 тік тулуп үшін 10,30,  4-тік салько үшін 10,50,  ал 3 аксель үшін 8,8 береді. Сосын сапасына қарай қосады не алады одан. Ну жоғары балл алатын элементтері осылар ғой. Өткенде Денис құлағанда сол бүкіл тулуптың бағасынан айрылды ма десем, секіргеніне қарай, 7,7  ұпай жинаған, бірақ басқа жерінен Юзуру, Патрикке жете алмаған, сол компоненттерден, яғни төрешілердің ұпайларында екен бар гәп.
Спортшылардың не үшін сонша төрттік элементтерге ұмтылатынын түсінген шығарсыздар. Яғни құласа да, оңай үштікке қарағанда жоғары ұпай алуға тырысады. Құлаудан жаманы толық, яғни жеткілікті айналмау, мысалы жәй адамға Дайскенің сырғанағаны проблема жоқ боп көрінеді, тек 1-2 рет сәл сүрінгені ғана көзге түсті, ал шын мәнісінде 10,30дан жоғары алам деп 4тік тулупқа секірді де 2-ақ балл алды, ал құлаған Патрик пен Юзуру 7,5  жинаған еді, неге олай? Жапондық коментатор екі аяғына қонғанын байқады бірден, ал  артынан орыстардың записін көргенде,  Тарасова бірден ол толық айналмағанынын айтты. Артынан ұпайлар шыққанда шынымен, тулуптан да, аксельден де толық айналмағаны үшін ұпайдан айрылғаны белгілі болды . Сондықтан бізге жақсы боп көрінгенмен ұпайдан қатты айрылатын кез болады да, керісінше ой құлады бітті дегенімен, секіріп айналғанына қарай жоғары балл алатын кез болады.

Сосын осы жолы Патрик Чанда тактикалық қате кетті, ол алғашқы комбинациясын мықты жасады, 4T+3T керемет шықты, оған прям максимуммен қойды ұпайды. Ал артынан тағы  4T жасады да құлады. Спортшы әрине алдыңғы адамның сырғанауын бақыламайды, қайта барынша мән бермеуге тырысады ғой, ал сонда тренері де қарамаған ба?? түсінбедім, ана екінші 4T секірмесе де болар еді. Юзуру төрттік секірем деп құлағасын оған екіншісін 3тік секіріп ақ алтынды алуына болар еді.  Басқа элементтерге күші қалар еді де мүмкін артынан тағы құлмас еді.  Сосын құламаса компонент ұпайларды одан да жоғары қояр меді?? Ал ол барынша Юзурудан өту жолын ойлап тағы да 4Tқа секірген түрі ғой .. Сосын прям есі шығып, өзін-өзі жинай алмады ғой, артынан 3A , тіпті 2A оңай жерден сүрініп жүрген өзінен көрсін. Тарасова болса, олимпиада чемпионы құлап жатқанын көрген емеспін бұрын соңды деп, сосын Юзурудың ұпайлары шыққанда, заман деген өзгергені дегендей сәл жақтырмай, «құлағанынан спортшының өзі де, федерация да трагедия жасап отырған жоқ»- деді:))) Артынан Патрик Чанға жанкүйер болған еді бірақ ол да құлап:) Eкеуінің секіргеніне қарап Тарасова прям шыдамай кетті ғой , неее болған сендерге жігіттер, олимпиада деп сонша естерің кетті ғой деп, себебі құлап жатса да алтын, күміс алатындарын біліп тұр ғой.

Айтпақшы бізге,  жапондық коментаторға Денистің фри программы ұнағанымен Тарасоваға ұнамады. Ол кісі айтад та, былтырғы программмасы сондай сән еді, ал мынау не, түк сай келмейді деп. Музыкасы бойынша көрсетпек болған «хулиганға сай келмейді, табиғатында жоқ дүние ғой, оны несіне алды екен деп, бұл енді Денистің тренерінің, тобының қатесі, оған классикалық, романтикалық образдар сәйкес келеді»-дейді. Тарасованың сөзінде жан бар сияқты, шынымен де бізге көрінбейтін моменттері компонент пойнста Юзуруларға жетпейтіндей төрешілерге көрінетін боп тұр ғой. Сосын Тарасова айтты, қай жерінде жарақаты барын білмедім бірақ тізесін ауыртқан ғой, бұрынғыдай емес астыңғы айналымдарын ап тастапты деп..

Осы сөздерен соң мәнерлеп сырғанау тек міндетті элементтерді орындау емес,  ұсақ нәрселерден құралатынын ұмытпаған жөн..

vlcsnap-2014-02-16-05h32m42s207

Келесіде романтик программа қойшы Дениска:)
Мысалы секіргені онша болмаса да компонент пойнтс көп жинаған Такахаши Дайске, ой сондай ризаааа болам осы жігітке, осы жылы уже кетеді үлкен спорттан. Мен неге деп қоям, по идее қазір 26де, оған Тарасова айтып отырды, «осындай фигуристтің кететініне сондай жаным ашиды бірақ та денсаулық болмаса қайдан болсын деп, аяғы уже жарамайды деді. Мұз шоуларына қатысар, бірақ секіргенде айналым санын аз жасау керек»- деді.

Дайскенің сырғағанын көргім келеді өз көзіммен, біііір сондай жеңіл, көбелектей көрінеді ғой, сосын мысалы ол Денистен кейін шықты ғой, мен негізі оған қарағанда Тацукиден қорықтым, себебі Дайске тізесі нашар болғасын аса секіре алмас деген ой болды, бірақ Дайске харизмасымен алады ғой. Шынымен де солай болды. Артынан видеоны ақырыыын темппен де қарап көрдім, сонда түсіндім неге төрешілердің оған компонент ұпайларын жоғары қойғанын, оныкі тіпті Ханьюден жоғары болды, 91 балл, тек Патрик Чаннан төмен алды ғой. Музыканы сондай күЧт сезеді, такт в такт қой қимылдары.МЫҚТЫ сол жері, сосын программасы мықты жасалған, хореорграфиясындағы ұсақ қимылдары, тіпті жәй саусағының қимылына дейін ойластырылған ғой.

Сосын өтеееее бір сезімтал ғып сырғанайды. Барынша күлімсіреп, айдындағы кейпі сол, хотя осы жолы естеріңде болса, Дайскенің ұпайларын ұзақ санады. Себебі ол белгілеген программадан ауытқып кетті. Басындағы төрттік элементті секіре алмағасын өз жағдайына қарай программада белгіленген элементтерді мүлдем өзгертіп жіберді де, қалай боп кетті өзі деп мен ұқпай қалдым. Сонда дейм де, уже айдында өзі біліп тұр ғой, межелеген элементтерді орындамай басқасын орындағасын, төмен алатынын, бірақ сонда да бетінде еш көрсетпей, күлімсіреп жүріп қана сырғанады, ана біздің Абзалға үйрену керек осы жігіттен эмоцияны білдіру, білдірмеу жағын.
vlcsnap-2014-02-16-05h59m31s182

Дайскенің ұпайларын күтіп отырған сәті. Қасындағы тренері туралы Тарасова айтып жатты, кішкене кезінен өсірді ғой, сол кезінен бастап келе жатыр деп. Әрқашан бірге келеді деп, осындай адаммен жолыққаны қандай жақсы болған Дайскеге. Морозов оны келесі олимпиада чемпионы деп жүр еді, әттең денсаулық болмағасын не дерсің деп..

Сосын Денисқа қарсылас болған Хавиер, басын жақсы бастады ғой, 4тік тулуп, 4тік салько мен 2лік тулуп комбинациясын орындағасын ақ менің есім шықты ғой. Млиииин деп уже ішім аши бастап еді, аяғында жапондық коментатор бәлі қатырды ғой деп айтқанда уууф дедім, артық жасап тастады комбинацияны, аяғындағы 3-тік салько мен сикуенс комбинациясы саналмайды деді. Ой жаман қуанғаным ай:))))) себебі ол деген тек сальконың өзі  бақандай 4.62 балл алар ед, оның өзі тек негізгі балл ғана, орындағанына сай үстінен тағы қосып берер еді. Денистен бір жарым ұпай озып тұрған еді ғой алғашқы күннен соң. Бұл енді сол лайв көріп отырғандағы эмоциялар,бірақ та бүгін Тарасованың комменттерін тыңдап едім, ол кісі сәпсім апарып тастады Хавиерді. Басында мақтап отырған секіргендері жақсы деп, сосын программасы прям ұсақ-түйектеріне дейін өте жақсы ойластырылған, сондай нәрселерді қатты жақсы көрем деп, сосын бір кезде айтад, ана конькинің қырына дейін қара болғаны маған қатты ұнап отыр деді. Біріншіден образына сәйкес, сосын аяқты ұзын ғып көрсетеді деді. Ол кісі айтпаса тіпті сол Хавиердің конькиінің лезвиесінінің түсіне мән бермеппін де, профешналдың аты профешнал!
Бірақ аяқ жағындағы секіргендеріне қарап, нестеп кетті мына бала деп, быт-шыт сәпсім деп, 4тік элементтен екеу секіргенін қайтейін деп ұрсып кетті. Төрешілер баға шығармай тұрып-ақ, жоқ мынаған көп бермейді, Денис Тен бұдан озады деді. Араларында айырмашылық бар ғой, бір жарым балл ғой десе, ой ол не түк те емес, мына тірлігімен-ақ бәрін шашып тастады деді. Тым артық қимыл, адреналин деді ма, чот өзім де аса түсінбедім сол жерлерін, бірақ та өткенде қай фигурист, біреу туралы оқыған едім, энергия жоғалтуын азайту үшін Морозовқа барып дайындалды деп, сондай жағын айтты ғой дим Тарасова.

Жалпы аяғында ана Хавьер төмен алғасын уже Денистің қола алатыны белгілі болды десе болады. Себебі аяғында сырғанаған неміс мүлдем таныс емес біреу, мәнерлеп сырғанауды қалдырмай қарайтын коухайым кім мынау деп, қоймайт бұған жоғары балл деді бірден:))

Ал американдық Браун оның сизон бесті 159 екен, Денисқа әрине жетпейді,  Денистан озу үшін оған 169 да бірдеме алса жеткілікті болар еді, негізі он балл деген олимпиадада беріп қалуы мүмкін нәрсе, бірақ мен жоспарлаған программасын қарап едім еш 4тік элемент көрмедім, ең жоғары жинайтын элементі ретінде 3тік аксельды белгілепті. Ой қуанғаным ай, бірақ соңғы моментте Денистің ұпайын білгендіктен айдында өзгертіп жіберуі мүмкін ғой деп артына дейін күтейік дедік. Бірақ айдында көрсеткені біркелкі стептер ғана болды ғой, Анар құрбым жазғандай «өзіне өзі той» деп:))) айдынның біресе ана бұрышы, біресе мына бұрышында көлбеңдегеннен басқа түк бітірмеді:)))))
Ал артынан орыстардың записін қарағанда Тарасова тәтеміз Патрик Чаннан кейін уже кетіп қалыпты:)))) Типа медальдар уже белгілі болды дегендей, аяғындағы екеуін тіпті қарамапты да:)

Осы біздің Абзалға арықтау керек, причем срочно. Сорри енді, бірақ фигуристке келмейді, секіргенде сондаай ауыр боп көрінеді қонғанда. Бір отырып ляззат алмайсың, шаршап кетеді екенсің қарап отырып..Сырғанап болғасын ол, қабағы деген түнеріп, сондай жаман көрінеді екен.  Хотя қысқа программасы жақсы жасалған, толық орындай алмады әттең. Көрермен ретіндегі сезгенім сол болды.

Ал профешнал ретінде дорожка дей ма мүлдем аз болды деді Тарасова, не деген аузы жабылмайтын бала дейді бір кезде:)))) сол кісі айтқасын мән беріп қарасам шынымен де аузы ашылып:)  бәсе бірдемесі не то сияқты. Жәй кезде де, секіргенде де аузымен дем алып жүргені:)))))) Ондай түрмен компонент пойнтс қайдан жинасын. Қайта мән беріп қарап көріңдерші, Тарасованың байқамайтыны жоқ қой. Одан қалса, Хавиер сияқты математикамен проблема, бір комбинацияны артық орындап кетті де, оған бір комбинациясын санамай тастады. Жалко.

Осы бар ғой мысалы бәрімізге (ну қатар қараған құрбыларымды айтам:)))) Филипиндік бала ұнап еді ғой. Тренері орыс, Тарасованың қол астында алтын алған Кулик екен. Болашағы зор деп мақтап отырды. Әлі жас бала ғой, Бильман спин жасайтындай өте флексибл,  осы күйінде қалатын шығар, мүмкін арқасының мускулдарын дамытып мұндай боп қалмас деп жатты.
Миша Джи ой сондай балашка, пряяям бар ғой ұнап қалды. Пыросто бір балдежник қой жүрген:)) Өнер көрсететін адам деген сондай болу керек қой. Шоуларға келетін тип. Хореограф өзі екен:))  Тарасова болса » әркім енді қолынан келгенін жасайды бұл бала секіре алмаса да, ерекшелігімен өзіне тарта білді» -деді.
Чех Томаш Вернер өнер көрсеткенде мен нестеп отырғам?? әлде қыздармен базар боп кеттік пе ұқпадым, ФБқа алданып кеттім бе?? артынан қайталап қарағанда бірақ мән бердім ғой, менің сүйікті композиторларымның бірі Астор Пиаззоланың әуендеріне билеген екен ғой:))))))

Сосын өзіме ұнаған бала қытайлық Юн Хань болды. Фри программдағы «Көгілдір Дунайы» ұнады. Ол негізі Дениспен қатар тұрды ғой, бірақ сизон бестті қарап бірден одан аспайтынын білдік.  Бұл баланы Тарасова қатты мақтады, біртекті емес, ерекшелігі бар фигурист деп жатты, хехе менде де фигуристті танитын көз бар екен ғой деп қоям:))))))))))) ол кісінің коменттерінен соң.

Айтпақшы жапондық Тацукиді де мақтады, болашағы бар бала, дамыту керек пыросто деп жатты. Бірақ бізге (қыздарға) жар птица бағдарламасы түк ұнаған жоқ, келесі жылы норма бірдеме жасайтын шығар:)

Айтпақшы осы олимпиадада сенсация жасаған Джереми Аббот болды ғой. НЕЕЕЕЕЕ БООЛЛЛДы? ваааще түсінбедік, қалай қабырғаға соғылуға болады??? Соғылып құлағанда,  жерде жайрап жатқанына қарап, мынау қабырғасы сындау деп ойлап едім, қайта аман-есен. Не деген мықты адам, өзін бірден жинап алып, ар жағын жақсы сырғанап шықты ғой. Ештемесі сынбаса да әәй іші жаман көгеріп, екінші күні обезболивающиймен сырғанаған шығар . Маған фри програмы қатты ұнады. Сооондай керемет, бір музыкасы да пәлсафаға тола болды ғой. Секіргендері де жақсы болды, әрине төрттік секірмеді бірақ сонда да қарап отырып көңіл толатын дүние шықты. Тарасова да мақтады, төрттік жасамағасын фигурист шаршамайды да деді, сырғанағанында сондай бір жеңілдік бар, тіпті ана стептерінде еш дыбыс шықпайды деп отырды Тарасова. Оның тренері Юко Сато өзі солай сырғанаған деп өлтіріп мақтады Тарасова. «Ой бұл баланы білем, былтыр деген отырды ғой үйінде, көрдім мен қалай үйде отырғанын»- деп, кейде картоп жаратын коменттер айтад:)))) Негізі Абботтың программа бойынша еш шаршағаны сезілмеді, ана музыка эскалация жасаған сайын көтеріле берді деді Тарасова. Қарап отырып бірге ұшардай сезімде болады екенсің шынымен. Содан қасындағы коментатор неге үйде отырды дедіңіз? Ол не жарақат ап педі, әлде басқадай жағдайлары болды ма өмірінде? Енді ол солай болады, толып кетті, ал фигуристтерге толу деген ол енді.. Қалай секіресің толып ап деп жатты.

Коментатор Тарасовадан сұрады, сонда өзі ана екеуін қалай қуып жетуге болады?? Сонша айырмашылық деген сұмдық қой деп. Оған Тарасова енді қарсыласың мықты болса, демек секіргенде төрттік элементтерінен үшеу кіргізу керек, айналымның жаңа түрлерін ойластыру керек. Екі есе дайындалу керек, бірақ та әрине өзіңді тоздырмай, жарақаттан абай болу керек. Ең бастысы сол сырғанап жүрген нәрсе фигуристтің өзіне ұнау керек, ол деген бірден көрінеді. Адамның жанына жақын программа болу керек..

Жоғарыда айттым ғой, фигуристер бағдарламасы алдын-ала белгілі болады деп, қандай элемент жасайтынын біз сияқты қарапайым адамдар да қараса болады. Мен өзім Сочи аппликейшны арқылы бақылап отырдым. Ана Хабардың коментаторларына үлкен көмек болсын деп жазып отырмын:)))))) Алдын-ала оқып, элементтеріне мән беріп сәл видео қараса, по идее түсінікті дүние, лағып бал ашпай-ақ, дұрыс әңгіме айтуына болады:)))))

Қазақстанның қысқы спорттан жететін жері осы екенін көріп келеміз. Себебі қыстық ойындар ол бір перчатка, груша, мини ринг, сәл-пәл джим, сосын залмен ақ, өлген аз ақшаға бірдеме істеуге болатын бокс емес, боксерлер сондай жағдайда келді ғой біразға дейін, ал қыстық спорт жағдай жасауды қажет етеді. Бір шаңғының өзі қымбат тұрады ғой. Сосын мен білсем спортшыларда жазда дайындалатын жағдайлары аса жасалмаған.
пысы Абзалды танитындарың болса айтыңдаршы, қоңыр шалбар киюді қойсын. Қыздарға ең ұнамағаны сол болды деп:) Қыздар біліп айтады ғой:)))))))))

11 responses to “Жабылып жүріп тілеп алған медаль :)

Subscribe to comments with RSS.

  1. Ужсссс. Сұмдық «тәпсірлеп» тастапсың ғой. 🙂 Мәнерлеп сырғанауды жақсы көретін адам сендей-ақ болсын… 🙂 Руслан Меделбек сол жақта ғой. Абзалмен сөйлестім деген. Русланға айтсаң, Абзалға блогыңның сілтемесін жіберетін шығар. Негізі жапондардың коментаторларының ойларын көбірек берсең күшті болар еді. Жазбаңа рахмет. «Өмірдің өзі – математика» екенін қайтадан ұқтырып отыр.

    Асхат Еркімбай
    • жапондар қатты бірдеме айтпайды. Тек мысалы осыған дейін осындай орын алды деп қана, сосын қазір мына элемент болады деп, секірсе секірді. немесе маған екі аяғымен қонғандай көрінді, артынан ақырынмен қайталағандай көрейік дегендей нәрселер ғана айтады. Барыншы нейтралитет ұстауға тырысады. Қай спортшы құласа да, тууу обал болды ау дегендей.

  2. Не болсада әйтеуір медаль құтты болсын…

  3. ne degeen talkylau….Janna kadimgidei olimpiadaga baryp kelgendei boldym goi…osy olimpiadaga barmak tugili tv nemese inetten karau arman boldy au….kiyn bolmasa sen korgen ssylkalaryn jiberwi men tipti tabalmaim goi….

  4. құдай/ау Жанна осы постыңды толы оқуға шама келемй жүрген))) жұмыста уақыт жоқ, үйде инет қуып))) уф жеттім/ау саған))) мяяяяя мынауың тура инфо пост)))
    Өзім особа қатты түсінбейм, қанша аксель анау мынауды аңдысамда 2 қойың бір сом сияқтанып ұқпай қалатын едім бұрын))) сосын түсінбей мяяя құлады ғо неге бал түспейді деп жынданатында едім))) түсінбейсін ғо))) бір жақты қарап келдім не керек)))
    кішкене кезде Әкем Олимп көргенде осы мәнерлеп қатты ұғанан, классик мюзикте, әйбат костюмте өнер көрсету әрине керемет, бирақ үлкен еңбек екенін кейн 20жастан асқан соң конькиге тұрып көрген соң түснесің ғо адам баласы)))
    Осы Тарасоваға жаман табынам, икона ғо не тока ресей, бүт әлемге. Ресейдін мұз айдын програм көп нәрсеге көз ашып берді ғо))) бүт мектепті көрген, аузым ашылған, мяяя мыналар жүздеп көп ғо деп, бізде Тек Дениска ғана деп))) сонда шоуда тек баға ғана қойып емес, реално бағлараын технич.қателерін айтып айтып беретін еді, коментатор көрмей байқамай қағанды Тарасова алыста отырып ап байқау деген енд)))) сосын аяқты қоюына, програм. қаншаға тартатын, тартпайтынын айтып ))) керемет енд)))
    Бұлда бір тренд сияқты сосын әлемдікке жеткен соң, сенің бір хочеш не хочеш мировой брендің бар дегендей. менде Женяға особа көңіл аударғам жоқ, тіпті шыққанына таңқалдым, вроде уже трав.мен еще уже жаңа есімдер Патрик дегендей))), ну енд атағы бар болғанын естес. бріақ деймде өзіне сенген шығар фурормен кеткісі екен шығар олимп өз елінде боп жатқан соң арқасы қозған шығар дегендей))) оңбай құлағанда дайындық үстінде адами көз қараспен шын жаным ашыды, ибууу деп((( құламай/ақ шыққанда болар еді, орын амасада Ресейдің духы бір көтерліп қалар ед деп)))
    енд Денискам жайлы айтсам))) 1 күні құлағаны бар, балы аздығы бар, жаман қорықтым((( бірақ ертең құламасын деп мысленно позетиф жіберіп, тех.қателіктер бомаса екен деп, онда да жүрегін күпті болады ғо, қанша бал айырмашылықпен жатып қалдым(((, түнде сол күні ұйықтай алмаған соң, ертесі жұмс зомби түр амалсыз ұйықтап қап көре алмай қалдым ғо зато ФБ сенің статус таң атпай көріп құдай/ау жылап жүрм ғо)))) көру керек ед деп ішім ашып)))) ерте тұрып алып, гренки жасап кеттім әуелі үйді сасытып))), ну типа завтрк от меня, Денискамнын жеңсі үшін))))))))) қуаныштан жата алмай))) сөйтіп сестрамдардын жатын бөлмесіне есік қақпай кіріп барып, айқай сағаным есімде таңғы 7:30да))))) кідәййййййй сәниии))))
    Патрикке бұл жолы ішім жылыды қайта, сырғанауы таза болды ғо, прям жерге қонуында бір жеңілдік сездім өз басым))) ну енд сен жек көрсемде айтайын))) бұл қалай алды деген маңызды сұрақ менде де тұрды үңліп қарап оттым))) даж өйтіп ЖЕНИСкама қарамаған шығармын))) таза/таза сен айтпақшы, еңбек еткендері көрніп тұр. Хавиер ұнады сосын))) іші толған бомба* деген ат қойдым қарап отырып))))
    сосын ұқпағаным спортшылардын өзі секіруден шатасып кетеді ма? ондай кезде харизмаға салнып, басқа жағын көрсету және қатесіз боған бастапқы програм. бағаға байланысты бола ма? үйінде жатты деген жері өлтіріпті)))
    мынау профешн програм онша түсінбей қап менде кейн инеттен коментаторлар арқылы қайдан кетті деп мән бересің ғо))) онда да қорту ауыр, қай жер 4тік, қай жер ажырата алмайтынымды айтсайЧ))))
    Тарасованың анау шоу мықты))) тіпті түскен кезде адамның аяғындағы дірілді сезу енд уж))))
    сонда Татьяна Анатолвна қалайша оны байқамай/ақ үлкен баға қойсаңыздаршы деп ведущилар айтса, қалай көрмейін құдай көзім тек соған арналған, уж тем более выбшый алемдік денгейлер улкен қателік жасаса кешпим деп)))) мяяя деген сондай кезде))) лань любител, мыналар ваще улкен кателік го деп))) сол видеоларды қайтан көруші едім, онда да шын айтам Өте ауыр спорт))) Жанна))) мен ондай технич.часть көргім кемейд)))), маған сол мюзик/костюм жеңіл секіру)))) Абзал дейсін))) кішкене бұл жағынан Дениаскамда нетіп алған ғо))) байқасаң, ауырлық бар, тек артистизм, және тартымдылығы боған соң нетіп жүрген сияқты))) бар/бар, бірақ зато профешн жағынан әлде қайда өскені, және өте серез. пайда болған. Білмейм КЗ боған үшін ғана тартады Абзал, бірақ осы бір жарстардағы онша образы сақталмады есімде…
    менде азарной образын каламадым кішкене, тунган лирик го Сәннннм син)))))

    • бәәәсе көрінбедің сол беті, а мындағы кейбір қумабайлар жабылып қарғадық па:))) Елдер азартқа кіріп тіпті Ханьюды қарғап::))) ужыс таң атпастан айқайлап оятқан кенсің ғой үйдегі халықты:))))

      • ну ниче инет аман болса, агылшын коментаторлармен түсінбесемде қарап шығармын алдағы уақытта. сол кезде очм жаман боп кеттім, шаршау анау мынау, объем жұмыс, еще үйге қонақтар кеп қап. сосын КЗ ТВлары қайталау бермеді ма? байқамадым((( бүт ТВдан қайда қайта көрсетседе жазып алып, артықтық етпейтін еді ғо Денискамды)))

      • Одан да тореттен көшір Тарасованың коменттерімен, күЧт ұнады маған

  5. кешрім өтінем артық кетсем, салмақ емес мүмкін, бұлшық еттері үлкейген деп айтқым кеген шығар~~~, очм алдыңғы коментімнен ұялып қалдым өз/өзімнен бұлай айтуға қақым да жоқ ғо, алтын баламызға)))) Кешір мені Денискам, 4тікті, және т.б. ажырата алмай отырып нем бар, құдай/ау енді өзім сынағандай жазып, ұялып отқаным/ай алдыңғы коментімнен)))))
    ДЕНИСКАМ мен сені сүйем (^.^)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: