Жапонияға келгелі осындай тайфун алғаш рет сияқты. әлде бұрын Токиода емес кішірек қалаларда болғасын аса байқалмады
мекен?? Тайфундар негізі келе береді, аса мән берген емеспін
бұрындары, бірақ осы жолғыдай алдын ала метеорология агенттігі
конференция жасағаны алғаш рет сияқты. үйден шықпаңыздар, 45-65
км/с жылдамдықпен жылжиды. байқаңыздар деп, орта мектеп, жоғары
мектеп, тіпті универлерде сабақ тоқтады. Түні бойы жаңбыр жауып,
тоғыз жылдан бергі қатты жаңбыр болды, 250 мм жаңбыр жауған екен
бір түн ішінде, салыстырмалы түрде айтсақ Астана сияқты жерлердің
бір жылдық жаңбыр көлеміне сәйкес келеді. Тайфунның қорқынышы
ағаштар сынып, ұшып жүруі мүмкін. Одан басқа арасында құйын сияқты
жел соғып, машинаны аударып кетуі мүмкін. қазір Токио ішінде метро,
темір жолдар жартылай тоқтап тұр, жүріп тұрғандар ақырын ғана жүріп
жатыр. Жақын жердегі кейбір префектураларда тіпті жарықсыз қалған
екі мыңнан артық үйлер бар екен. Шинкансендер тоқтап тұр,
одан қалса ұшақтар да кешігіп жатыр, 400 ден артық ұшақтарды ұшырмай жатыр.
Құдай сақтасын Жанна, елге аман орал!!!
бәрі керемет, тек табиғат қана адамның қорқынышын келтіріні жаман екен…
Ya bari ideal bolmait:)
Абайлашы, Жанна!
Ya, jel azaiganda shyqtym uiden