Осы жолы Алматыға қайтып келе жатып, Сеулге соқтым. Осымен екінші рет. Алдында көктемде барғанмын. Шыны керек 10 жыл әрі-бері жүріп, неге бір де бір рет Кореяға бармағанмын деп ойлаймын? Білмим не болса да тормоз боппын, талай нәрседен құр қалғандай сезімдемін:)))) Бұрындары арнайы бармақ болғанмын, Фукуокадан катермен Пусанға барып қайту 200 доллар ғана болды, бірақ та арнайы виза жасату керек ондайда, сол үшін басымды қатырғым келмеген, ҚЗда болсаң виза алу үшін міндетті түрде шақырту керек бір білсем, ал Жапонияда жүрсең онда виза алу оңай, 30 доллардай төлеп ала бересің. Егер де тұрақты жапон визасы болған жағдайда деп түсіндім өз басым.
Мен енді ондай виза-мизаға басымды қатырып жүргенім жоқ, тек ҚЗға барар жолда соғып кететін болған соң, транзит болып есептелетіндіктен , визасыз кіріп жүрмін. Мыс: Жапониядан ҚЗға, немесе КЗнан Сайпанға дегендей.. кетіп бара жатып, соғып кетсе болады. Бір айға дейін болуға болады егер білсем, бірақ ең бастысы сол қайтар билетің болуы керек. Менікі сол Асианаың Алматыға ұшар электронды билетін көрсетем де, осындай күні қайта ұшып кетемін деймін. Осы жолы тек Жапонияда студенсіңбе сонда деген сұрақ қана қойды. иә дедім, штампты қойып берді, Қош келдіңіз дегендей:)
Инчон аэропортының небір дамыған сюреттері бар еді, қазір отырып бар тапқан суретім осы болды:)))) Осы аэропорт маған қатты ұнайды, ну енді дамыған аэропорттардан көргенім сол Нарита, Инчон мен Франкфурт қана негізі. Ол Франкфуртта бір рет 5 сағат, тағы бірде 10 сағат рейсімді сарыла күткеннен басқа аса жақсы естелігім де жоқ екен:))) Тек алғаш барғанда уақыт өтсін деп терминалдар арасында әрі-бері монорельспен жүргеніміз ғана есімде қалыпты:))) Ал екінші рет барғанда тіпті сол «бақыттың» өзін шектеп тастаған, себебі терминалдан терминалға өткен өзінде де қауіпсіздік тексерулері бар:(
Ал Инчон аэропорты енді жылына ҚЗға екі рет келгенде 4 рет өтемін, уже туғандай болып кетті:)))
Айтпақшы осы жолы Кореяға кірерде сол кеденнен өтерімде, ФБқа статус жазған едім:
Бұларда шетелдіктерді ханбок(ұлттық киімдері) киіп қарсы алып, сіз мында жүріңіз, ал сіз мында деп елдерге жол сілтеп жүрген сүйкімді қыздары тағы бар. Ағылшынша білетін шығар, бірақ кәрісше жол көрсетеді, енді жесттерінен ақ түсінесің қалай жүретініңді. Бұл қыздардың кеденге қатысы шамалы шығар, бірақ аэропорт пен кеден жақсы нәрсе ойлап тапқан екен. Бізде ғой күлімсіреп қарсы алмақ түгілі, амандаспайды да ғой.
Жақсы имидж қалыптастыру үшін миллионға видео түсіріп, үстіне тағы бірнеше миллион төлеп, Еупоньюс бәлен-түгілен арналарда трансляция жасап ақша шашқанша. Сондай сүйкімді қыздар жүрсін, келген қонақтарды қарсы алып, жол сілтеп көмектесіп дегендей, қазақша бүрмелі көйлекпен. Ана аэропорттағы жер тіреп отырған сержант лейтенанттарды оқуға жібер, адамдарды қарсы алып, қалай жауап беру керек екендігін үйренсін. Адамға амандасып, күліп сөйлеуді үйретсін біздікілерге, ондай тренингке миллион кете қоймас. Бірақ та бірнеше шетелдік ФБ не Твиттерге не деген керемет мына Алматы аэропорты деп жазсыншы, ана былжыраған патриот видеолардан эффектісі анағұрлым көбірек болар еді. Әттең бізде ол жағын емес, әйтеуір ақша жасауды ғана ойлайды.
Сосын Инчон аэропортында ұнайтын тағы бір нәрсе, мәдени шаралары. Кәріс мәдениетімен танысуға болады. Кейде тіпті патша мен патшайымның шеруі болады. Мен осындай бір шарада бір ретте желпуіш боядым өзіме, тағы бірде барсаң тағы бірдеме жасап жатады.
Сеулде қайда тоқтадың? дегенге, алдында көктемде барғанда бір қазақ достарыма қонаққа баратын болғам. Сүйтсем олардың үйлеріне келген қонақтары қайтпай мен келгенше, оның өзін аэропортқа келгенде бірақ білдім. Ақыры нестим? Дыым қарамағам ғой қонақүйлер туралы. Содан кәріс подругама звондадым СОС деп.
Ол подругамды он жыл көрмегем. Бұрын екеуміз Кюшю университетінде оқығанбыз. Екеуміздікі бір факультет болатын, ол да мен де бір жыл оқыдық. Жатақханада қатар бөлмелерде тұрдық. Содан жақсы араласып кеткенбіз. Фукуока дегенде бір ассоциациям сол кәріс подругам десе болады:) Арасында мэйл жазысып тұратынымыз бар етін, содан ФБтан тауып, ақыры барарда хабарласқам, уақытың болса бір күні жұмыстан соң кездесейік деп. Ол жақсы деген. Бірақ менің барғаным жексенбі күні етін, содан ақыры оған звондадым сасқанымнан, оның қаласына бардым, Сеулге жақын жер әйтеуір, Аңсан ғой дейм атын да ұмытып қалыппын:)))) бір жақсысы вайфай әр жерде бір ұстайды Сеулда, сонысына риза боласың. Содан оның қаласына бардым да екеуміз Сеулге кеттік. Себебі бір-бірімізді Сеул стэйшнның қай жерінен табамыз деп ойладық:))) ал ана құрбымның аяладамасында адам болмас деп ойладық. Жеткесін сол вайфай табыла кетті, жеттім деп жаздым, подругам келді .
Мен деген сол жолы ақша көп алмағам да 400 доллар ма әлде одан аздау ма ұмытып тұрм дәл қазір, бірақ та үш күн қыдыруға сосын шоппингке артығымен жету керек болатын, себебі мен отельды бюджетке енгізбегенмін. Енді сол аяқ астынан отель іздеуге тура келді. Былай арзандау, жақсы дегендерін 50$-ға табуға болады деп айтты ана үйіне ақыры бара алмай кеткен досым.
(Сеулдың бір көшесінде)
Содан подругаммен іздеп жүрдік. Күн деген салқын. Көктем емес әлі қыс қой, ақпан айының басы болатын. Сеул Токиоға қарағанда болғанмен де суық . Содан бір жерге барып екі отельден сұрадық 70 доллар деді. Ой маған қымбат дедім .Тағы бір ауданға бардық жаяу жүрдік шамамен екі км шығар. Жолай туристік бірорталыққа кіріп, Сеулдың картасын алдық КүЧт енді әдемі қала, сосын қар жауып тұрды, Сеулдың ауасы Алматыға ұқсатамын өз басым. Сосын тағы бір отельге барып едік, 50 доллар деді. подругам айтад: Бұл аудандағы отельдер күмәнді жерлер деді. Қалай күмәнді десем, ну енді қыз бен жігіттер келетін мотельдер и көбіне сол сағаттап жалға беретіндер сияқты деді. Аааааа деп қоямын. Бөлмеге сағат жетіден кейін кіресің дегені де сол екен, и күнде сол жүкті астына түсіріп кетесің де кешке қайта кіресің дейді. Біраз қолайсыз әрине,бірақ та ақыры сол күндіз қыдырып жүрген адаммын, Ой қойш құрсын не болса да дедім:))) себебі уже тағы таңдауға шамам да жоқ, одан да қыдырайық дедім рюкзагымды қалдырып. Үлкен сумкамды аэропортта қалдырғам үш күнге. Кешкісін келсем бөлме жап- жақсы, тап-таза, үлкeен, маған қатты ұнады. Кең тіпті, Жапонияда мұндай бөлмелер жартылай люксқа жататын бөлмелер болып келеді андағыдай кеңдікпен. Әттең суретке түсірмеппін бөлмені. Интернеті вайфай емес кабельмен, номерде комп тұр, бірақ мен кабельге өз компымды жалғап алдым. Бір ғана ұнамаған жері орамалдары ғана болды. Көп ұсталғаннан сұп-сұр боп кеткен. Бірақ өз орамалымды әкелгесін ол проблема болмады. Оны ауыстырып бер дегенге кәрісшем де жоқ қой, ал подругам екеуміз кіргенде ол олқылық көзге көрінбеген еді.
жалғасы бар.
жалғасын күтеміз 🙂
Сонда шынымен де 400 $ + қонақ үй ақшасы болса, Сеулде қыдыруға жете ме?
иә спокойно жетеді. Мысалы мен өзім қызығатындарым сарайлар болды,қырғын сарай бар бір Сеулдың өзінде, оларға кіру ақысы су тегін Жапониядағы туристік жерлермен салыстырғанда, 3-5 $ ғана, тіпті гидтері де бар. Сосын метро бір мінгені 1-1,5$ ғана, курстың өзгеруіне қарай. Тамақтары да қымбат емес, мен орташа елдер барып жатқан шикарный емес өз тамақтарын жедім, 6-12 $ шамасында, тіпті бір арнайы вегеариандық кафеге подругам екеуміз барғанда да аз кетті. Хотя іші маған қатты ұнаған еді. Арасында тынығу үшін күніне бір-екі рет кофейняға барып тұрдым, онда да сол кететіні максимум 8-10$, тек кофе ішсе сол 4-6 $. Былай ұлттық музейлеріне барып көрмедім олар да қымбат емес шығар.
@urimtal 50$-дан да арзан тоқтайтын әдістері бар екен Кореяда:)))) кейіндері жазамын