Ой осы Токиода мені кім таниды дисің:))) (с)   1 comment

Осы жазбаны басында статус қып жаздым ФБқа, сосын онда қимай қап осында жазып, толықтырдым:)))
Өткенде көшерде заттарды апарып тастап, тұрған үйге қайтып келем деп жиналып жатырмын ғой. Себебі ҚЗға осыған дейін тұрған үйден кеттім,тек затарымды тасып тастадым жол жүрерден екі күн бұрын. Сонда ғой, үстімде сол үй киіммен жүргем, заттарды жинап быт-шыт бизи боп жүрген адаммын ғой, заттарды апаруға қазақ тілінен сабақ алған бір студентім мини жүк машинамен келді, бірақ енді қайтарда электричкамен қайтатын болған соң үй киімін ауыстыру шығу керек бірақ мен тек үстімдегі көйлекті ғана ауыстырдым да, бұтымда сол жеңіл капри, не деп айтад очым үйде жүрген нәрсемен кете бердім ауыстыруға ерініп:))) Еще қасымда қыздарға айтып қоям, ой осы Токиода мені кім танид деп ахаххаха. Алматыда енді нанға да ана түрмен шықпас педім кім білсін:)))) жо енді, жақындағы дүкенге баруға боянатын адам емеспін, бірақ сонда да, ОЙ ОСЫ ТОКИОДА КІМ ҚАРАП ЖАТЫР ДЕЙСІҢ деп кете барғаным:))))
Дәл осы туралы әлеуметтану сабағында оқығанмын, Dark side of Social Capital, былай ғой мысалы біздің елде, туыстық, достық қатынас бекім, көршілермен татумыз дегендей. Ну енді квартирантқа тола үй болмаса, былайынша тіпті Алматыда көршілерімізді танимыз. Очым ондайды әлеуметтік капитал деп қарастырады,яғни адамдардың қарым қатынасын капитал дейміз, ол да бір байлық қой. Бірақ оның да қараңғы тұстары бар, неге? Себебібірдеме істегенде, ой анау не дейді, ойбай жұрт не дейді деп ойлайтын жағдай көп біздің қоғамда, яғни адам кейде өзі жасағысы келмесе де барлығы жасайтын дәстүрді жасау керек, мысалға айтсақ тойға көп ақша шашып жатамыз:)))) Ал менің қылығым соның бір көрінісі ғой, Алматыда болсам, кім біледі кімді кездестіріп қалатынымды, «ойбуу Токиодан келген түрі осы ма»- деп айтпас үшін, енді керім сыланбасам да, бірақ та кәнігісінше киініп шығу керек боп жатады, тіпті үйдегілердің өзі, осы сенің сары шалбарың деп жатады:)) Қыстың аяғында сары шалбар киіп барсам, апайым апарып тастаған, жаз шығардың деп.. Тиым көп бізде оЧым:) Ал мында енді ондай тыйым жоқ, қалай боянам, не кием:) бірақ та есесіне ешкімнің сенде шаруасы да жоқ, жақындық та жоқ:) енді ауылдық жерлерінде бұларда да біздей ғой, бірақ мен аулында тұрып көрмедім:)

One response to “Ой осы Токиода мені кім таниды дисің:))) (с)

Subscribe to comments with RSS.

  1. Social Capital дегенді айтқаның жақсы болды. Біле жүретін.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: