Ағайынды Карамазовтар дорамасы   10 comments

Осы жыл мен үшін кәріс дорамалар жылы болды. Екі жылдай мүлдем қарамай кеткен едім. Очым Доктор хаус бітті, Анатоми грей ол.. көретін дым жоқ (с) ^_^ Содан кәріс сериалдарыма қайтып келдім:)))
Айтпақшы жапон сериалдарын қойып кеттім. (Арақ қойып кеткендей естіледі екен:))))))))))))) жо енді сәпсім емес:))) өзі бір- ақ жапондық дорама қараған шығармын былтырдан бері, «Ағайынды Карамазовтар»атауы, бұл сериал бар ғой,   дарк дарк дорама, енді мүүүлдем қара түнек сериал  шыны керек:))))) Атмосферасы сондай ауыр сұмдық, кәнігі адамдар көріп үйренген сериалдардан 180 градус бөлек. Бірақ та детектив жақсы көретін адамдарға ұнайды, сөзсіз.

Ұят та болса айтайын, Достоевкийдің осы бір шығармасын оқымаппын, сондықтан қаншалықты романға ұқсас екенін айта алмаймын.
Оқиға желісі үш ағайынды жігіт туралы. Бір әкеден, бірақ шешелері бөлек, бір үйде өссе де үшеуі үш бөлек. Мінездері бөлегі былай тұрсын өмірге көзқарастары да мүлдем бөлек.
Біріншісі Мицуру жұмыста жоқ, не оқыған оқуы да жоқ, ана қызбен, мына қызбен бір жүріп, не істеп жүргені белгісіз біреу. Әйтеуір өз ісін бастағысы келетін арманы бар.
Екіншісі Исао керісінше жұмысқа берілген адвокат, қатаң мінезді.
Үшіншісі Рё әлі студент, дәрігер болуды мақсат тұтқан, жұмсақ мінезді жігіт.
Karamazov brothers
Біртүрлі, ұйымшылдығы жоқ боп кеткен отбасы туралы дорама, Сондай жағдайға жеткендеріне әкелері кінәлі. Сол әкелері  үйінде өліп қалады, турасын айтқанда өлтіріп кетеді, Ал кім ??  Дорама бойы осы қылмыcкерді бірге іздейміз:)  Жапондық полиция қызметкерлерінің тергеуі де кейде дәм болсын екенін көреміз:)))  Сырттан келген біреу емес, үй ішіндегі біреу жасаған қылмыс деп қарастырып, үш ағайынды жігітті тергеуге алады. Сонда қайсысы әкесін өлтірді??? Басынан аяғына дейін көрермен назарын өзіне тарта білетін сенім тақырыбын қозғаған, психологиялық дорама. Уақыт бөліп қарағаныма еш өкінбедім.

Айтпақшы осы сериалдың суретін іздеп отырып, басқа бір жапондық сериалдың синопсисін оқып қалдым, шашамен бір уақытта көрсетілген екен, тек басқа арнадан. Yakou kanransha-жапоншадан аударғанда түнгі атракцион деп аталады. Атракцион болғанда андай бар ғой. айналып тұратын дөңгелек, жан жақты тамашалауға арналған. Бұл да бір саспенс оқиға екен.  Әр отбасының өз құпиясы, скелеттері бар!! Бір крутой ауданда тұратын отбасылар туралы. Басты кейіпкерлер  ретінде үй ханымдарын қарастырған дорама.
Синопсисінде былай депті: Сонша армандаған жерге көшіп келген Маюмидің армандары күлге ұшты, қызы дамыған мектепке түсу үшін тапсырған сынақтан өте алмай қалды, одан қалса шешесіне күш көрсететін агрессив біреу боп кетеді, күйеуі ол ассоциабельный, өз үйінен өзі қашып, ол аздай Маюми өмірі «управдом» әйелдің  мазағына қалып жүреді.
Бұл отбасына қарама-қарсы ретінде елдің бәрі қызығатын Такахаши отбасы. Күйеуі аурухана директоры, әйелі ол бір керім, қыздары болса Маюмидің  қызы кіре алмаған дамыңған мектепте оқиды,  кіші ұлдары спортсмен,  үлкен ұлдары медуниверде оқиды, очым керемет дамыған отбасы.
Бұл идиллия Такахаши отағасын өлтіріп кеткенде бұзылады, Жақын жердегі біреулер өлтірген болу керек деп, полиция отбасы мен қосып, көрші отбасыларын тексере бастайды. Синопсисі толған интрига екен:)))) Бір неткенде қарап көрмесем, жапон сериалдарын қойып кетсем де:)))))))))))
Тіпті тема суреттері де интригаға тола екен. Саспенс жақсы көретіндерге ұнау керек менше, жапондар ол жағынан жақсы енді, кәрістер сияқты емес мыжи беретін:)))) Қызықтыра алдым ба??
yakou kanransha
Пысы: Осы дим де біреудің біреуге күш көрсетуі, жо-жо ұрып емес, психологиялық тұрғыдан дим, жапондар қоғамында кең таралған ау дим осы. Сериалдарда мектептерінде тегі сондай кең таралған көрініс, жоғары деңгейдегі мектеп болсын, атып кеткен мектеп болсын, бәрінде осы тақырып көтеріледі дорамаларында. Универде де кездеседі екен студенттер арасында, өз басым. профессордан психологиялық  зәбір көрген студентті көргем, ауруханаға жатып шығып, тіпті академ  алып, кейін басқа профессорға ауысқан еді,  бір сабақ алғанбыз онымен. Ал студенттер арасында өзім көрмедім бірақ та таныстарымның әңгімелеріне салса сондай…  Айтпақшы оны айтамын-ау, тіпті императордың  немересі мектепте балалар тиісті деп, бір аптадан артық мектепке бармай, үлкен скандал болған еді, екі жыл бұрын ғой дим. Жәй, Жапонияны арман деп қарастыратындардың құлағына алтын сырға.

10 responses to “Ағайынды Карамазовтар дорамасы

Subscribe to comments with RSS.

  1. Қызықтырдың 🙂 Орысша аудармасын іздеп көретін екен, Айко точно табады мынаны оқыса )))

  2. psihologiyalyk kush demekshi, men sagan aytkan edim goi bir karis professorym turaly, keler kelmesten (bizdin univerde istegenine 2 jyldan asty dep bilem), barlyk studentterdin byt-shytyn shygargan, ozinin RA studentterin barin jylatkan. birak kyzygy, international studentterge gana sonday kysym korsetedi, amerikandyk studentterge katty tiispeydi (korkady kajetsya), RA studentter presentaciya jasap jatkanda, bastar bastamas bakyrady eken «What is this? you call it-work? that’s a piece of sh**!» dep. Menin podrugam, soitip RA stipendiyasynan bas tartty. Menin zashitamda sol prof. mende comm. member edi, 100 surak koygan shygar, akyr sonynda decan (toje, comm. member) nachal na ego voprosy sam otvechat. Meninshe biraz karis, japan proftar sonday sekildi, slishkom samouverennye ili je trebovatelnye, as for me their expectations are beyond this universe))))))

    • аарсында болад ондай невтемщиктер, бірақ шүкір өзім профтарым сооондай супер кісіолер, көз тимесін:)

    • Gaukhar, RA degen ne? Bir jindi oy keldi magan – mumkin ol prof sheteldik studentterge jani aship jaksi okisin dep ‘gonyat’etetin shigar ) amerikandiktardin kasinda uyatka kalmasin dep ))) arine, onday prof mende bolsa jek korip ketetin edim oz basim, birak sirttan karaganda osilay da bolui mumkin goi, a?

  3. Ағайынды Карамазовтарды оқығам. Оқуға қиын классик классика еді))

  4. қысым жайлы боп кетіпті, айта кетейн өз ойымды. отпуск кезде Мамочка не плачь деген кино көрдім капец енді, зорлықшыл корея жайлы, шок болдым ужасно ужасно((( кино біткен соң, фактлер келтірілген сеулде болған оқиғалар желсімен((((( капец енді сұмдық, олардың елдінде жасөспірімдерді қамамайды екенде, олар жауапсыздығы басым очм(((

    • мамааа, ужыс қой!! қарап көрмесем сол фильмді, мен бір джынды фильм қарағам жасөспірімдер туралы детектив, сенің көрген фильмыңа келеді. Ужыс енді қамамайды деген.Ана фильмде жастары кеп тұрды бірақ кінәні қайсына тағарын білмей ақыры ешкім сотталмаған еді.

      • ага көр, негізі, бір орыстілді форумда оқығам, олар қылмыскерлерге тым ерке* қарайды деген))) расында жергілікті халық көп бара бермейді қылмысқа сол көбіне, сыртан келгендер какай етіп жүреді делінген, қаншалықты рас екенін((
        еще бір орыстың лба сылқия тойып алып, қырып жүресің, ешқандай жауапкершілік жоқ дегенді өзі мақтанып айтып отыр))))

      • ужыс:))))))

Пікір қалдыру gaukhar Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: