Бисерден ромб жүзік   4 comments

Madlen-ге арнаған жүзік деп жыр қылдым ғой өзі, айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады дегендей Сонымен ол жүзіктің жасалу жолын көрсетейін. Мен жүзіктің идеясын, схемасын мына бір кітаптан алғанмын. Керемет күЧт кітап. Схемалар түсінікті, және жүзіктері де әдемі, сосын түрлі-түсті боп адам қызығарлық форматта.Инеттен былайға табуға болад екен, керек десеңдар іздеп көріңдер.
қажетті заттар:
1)30 шақты қырланған(граненый) бисерлер-4 мм (мен өзім 22 данасын ғана пайдаландым)
2)28 дана -4 мм «волчок» бисерлер
3)ұсақ бисерлер
4)сосын 1,2-1,4 м нейлон жіп
жүзіктің астыңғы қабатына түссіз қырланған бисерді қолдану керек, бірақ сіздерге түсініктірек болу үшін түссізден көрінбит дұрыс формасы ұқсас бірақ түсі бар бисерді алдым, суретке түсірдім этаптарын Суреттердің сапасы бары сол, ренжімеңдер қыздар
кітаптағы схема мынау

сосын

одан кейін

соңында

кітап схемасымен алғаш жұмыс істеп жатсаңдар, менің жасағаныммен кітап екеуін бір салыстырып қарап шығыңдар, түсініп кетесіңдер.
менің жасағаным.1)алғашқы қадам. Нейлон жіптің ортасынан бастаңыз

2)екі төртбұрыш

3)3 төртбұрыш

4)5 төртбұрыш (нейлон жіптің жолын аңдып отырсаңдар болғаны)

5)6 төртбұрыш

6)7 төртбұрыш. Осымен астыңғы қабаты дайын. Бұл жәй сендерге түсінікті болу үшін түсті бисермен жасағаным

7)үстіңгі қабаты, сол жіптің екі ұшын айналдырып әкеліп қиғаштап бисерлер тізіледі

8)Мадленге жасаған жүзікте схемадан сәл ауытқыған едім шет жақтарына қатысты, ал мында тура схема бойынша жасадым

9)Мен саусаққа тағатын тұсына айналдыра қырланған(граненый) моншақ салған жоқпын,22 данасын ғана қолданғаным содан, астыңғы киетін тұсқа үлкен моншақ болғаны қолайсыз боп көрінді, одан да ұсақ бисер жақсы сияқты, сол үшін суретте көріп тұрғандарыңыздай күміс түсті ұсақ бисерді алдым.Айналдыра қырланған моншақ салса қалай болатыны ең астыңғы суретте, кітаптағы суреттен байқауға болады.

10)шамамен осындай болады, бұл жәй нобайы, нейлон жіпті қысқа алыппын,әйтпесе бір жүзік жасай салуға болар еді қайта тарқатып тастадым, сіздерге түсінікті болса болды

әлі де түстермен жұмыс істеуді үйреніп жатырмын. Түстердің сәйкестігін кейде түсінбей қаламында, қайта тарқатып тастауға тура келеді. Сол үшін алдында бір матаға тізіп, қолданатын түстерді қатар қойып сәйкестігін анықтап алған жөн.

4 responses to “Бисерден ромб жүзік

Subscribe to comments with RSS.

  1. Блииииииин, еріккен қыз екенсің))))

    Жұлдыз Әбділда
  2. Егер қолымнан келіп, ерінбей жасайтын болса, нағыз келіншектеріңізге, жарым болуға лайық деп таңдап жүрген жандарыңыздың жүрегін жаралар сыйлық болады екен.

  3. Осы схемалар маған түсініксіз болып көрінеді. Бәлкім түсінбеуге тырысып немесе түсінуге тырыспай жүрген шығармын.

  4. күшті екен! жасап көрем:))

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: