Бисерден әшекейлер жасауға бұрыннан қызығам. Осы бір хобби туралы жазып кетейін дедім. Негізі екі жыл бұрын басталған қызығушылық. Сол кезде бірнеше кітап, сосын біраз бисерлер алған едім, бірақ одан бір моншақ қана жасалды да содан тұрған бооосқа үйде. Осы жазда Алматыға барғанда сол кітаптарды көтеріп келдім, турасын айтқанда Анар көтеріп келді (
Асиана қол жүгің тым көп деп басты ауыртқасын)
Әрбір қолөнерге қажетті құралдары сияқты, бисерде де арнайы құралдары бар. Өткенде қаптатып бисерге тапсырыс бергем инеттен, бірақ сонда да әлі аз, жетпей тұр кей түрлері. Бисерді салатын ыдыс маңызды. Алып-салғанға ыңғайлы болуы керек. Қазір мындай ыдыстарға сап қойдым, керемет қолайлы, әр бисердің бөлек қақпағы бар. Арзанға табыла кетті бір жергілікті дүкеннен, әйтпесе өткенде инеттен қарағанда ужыс болған бағалары.
Менде алдында бір ыдыс болған (әлі де бар, лақтырамын бұл сұмырайды жақында), ой осы ыдыстан қорлық көрдім ғой Салып қойған бисерлерді төңкеріп алдым еденге, оның ішінде 10 түрлі ұсақ бисер болған. Бәрі араласты да кетті. Мен жүретін жаққа емес шашылғаны. Жинауға нервым шыдамайтын сияқты, содан бар ғой 3 күн жатты. Таңертең тұрғанда бірден көзге түсіп, настрды құртад
Шаңсорғышпен алайын десем оған да болмайт.
Әттең Cinderella болғанымда ғой деп армандадым ғой
Ана бала кезімізде бір фильм-ертегі бар еді ғой, сонда ана сұмырай апайлары Золушка балға бармасын деп арпа, бидай, тары неше түрлі дәндерді бәрін араластырып жерге шашады да, біз келгенше бәрін ажыратып, жинап қой, ұқтың ба деп кет қалады ғой. Сол кезде оған құстар көмекке кеп, бәрін жинап береді ғой. Маған да сондай құстар келсе ғой деп ойладым бар ғой
Содан 3 күннен соң әрине ешқандай құстардың көмекке келмейтіне әбден көзім жеткесін
күндіз уақыт та жоқ түнде отырып(жатып) жинадым.George Winston-ның Autumn альбомын қосып қойып, асыыыықпай. Бисер жинаудың да релакс эффектісі бар екенін біліп жүріңіздер
Сіздерге түсінікті болсын деп, әдейі РЕТ бөтелкенің қақпағымен қатар түсірдім, ұсақтығын көрсету үшін хехе
Содан кейін андағы ыдысқа сапасы нашарлау бисерлерді сап қойғам. Содан кеше түнде пысықсып, ана ыдысты тағы құлатып алдым да, тағы ішіндегі нәрсе бәрі жерге шашылды. Ушівөлежаздадым Өткендегіден жаман боп шашылды, ендігіде ана ыдысты столдың үстіне көтермейтін боп шештім
Бұл ыдыстардан бөлек, өзіме ең керегі «круглогубцы болған».Бұрын Алматыда іздеп, еш жерден таба алмағам, әсіресе сырға жасағанда темірді қажет дөңгелек формаға әкелу үшін керекті зат.Осындан таптым әйтеуір, бағасы да арзан емес екен Керек нәрсе болғасын амал қанша…
бұдан басқа да құралдары жетерлік, мысалға бисерді тоқуға арналған станоктар бар. Әзірше тоқып жатқан мен жоқ, сосын тоқымайтын да шығармын, ол жанр мені аса қызықтырмайды, шын айтсам.
Бірақ қысқаша өзім қолданатын бисердің түрлері туралы айтып кетейін.
Ең таралған түрі ол акрилді бисерлер, олар қымбат емес бағалары. Сапалары әртүрлі енді, менде бұрыннан келе жатқан бисерлерден жартысының сапасы онша емес екен.Түсінен бұрын бисерлердің біркелкілігі маңызды.Әйтпесе жасап жатқан композиция шықпайд. Сосын овалдысы да бар акрилдерде, ұзыншағы да бар. Акрил бисерлерінің бір жаман жері аса жылтырамайды. Әдемісі әдемі бірақ жарқырауы шамалы деген кемшілігі бар. Маржан сияқты моншақтар бар, олардың да сапасы әртүрлі.
Сосын делика бисерлері дид, мында Mіyuki компаниясының делика бисерлері бар, осы фирманың ұсақ бисерлері керім жақсы, біркелкі сосын түстерін де жоғалтпайд.Бағалары орташа бірақ өткенде инеттен сэйлден алғам арзааанға, бірақ ұсақтан көп керек боп тұр. Мойынға қолье жасағанға көөөөп керек.
сосын өзіме чех бисерлері ұнайд, ішінде отпен өңделгендері(fire polished)керемет, әртүрлі боп түстері ойнап тұрады.Сосын пресстелген бисерлері де бар.
Сосын сваровски бисерлері. Бұлар қымбаттау біраз. Формалары неше түрлілері бар. Қалағаныңды табуға болады. Бірақ көбіне «волчок» формасы қолданылады, Үлкендіктері 3мм пен 4мм, ең көп пайдаланылады, сосын 6мм, одан үлкендері де бар. Мына мендегі суретте, 4мм,3мм,4мм оң жағында 8ммліктері.
Сосын венециандық бисерлер. Бағалары өлген қымбат, бір данасының бағасы 500 теңгеден жоғары, кейде біреусінің өзі 1000-3000 теңге тұрады, тіпті одан да жоғары. Түстері, формалары сан түрлі, керемет әрине.
ал тізгенге нейлон жіптер қолданамын мен көбіне. Жуандығы 0.16мм,0.2мм,0.24мм,0.3мм,0.4мм деп кете береді. Өзіме ең ыңғайлысы0.2мм,0.24мм сияқты. 0.3мм пен жасап көрмедім, ал одан жуаны 0.4мм маған дым икемсіз боп көрінді. Схема бойынша айналдырып әкеліп бір бисерден кемінде екі рет өткізесің кейде одан да көп, ал 0.4мм пен екі реттен артық өтпейді екен бисерден.
Сосын сымдар да бар, оның бірнеше түрі бар, мен кәдімгі мыс сымды пайладаланып көрдім, сосын нейлон сым дей ма сондай тағы бір түрін де көрдім. Сым да дәл жіп сияқты, неғұрлым қалың болған сайын бисерден өткізу қиындау. Өзім қазір көбіне тек нейлон жіппен жасалатын модельдерін жасап жатырмын, маған жіппен ыңғайлырақ, бірақ сымның бір жақсысы форманы жақсы сақтайды. Бірнеше вариантын жасап көріп, қайсы сізге жақынын таңдасаңыз болады.
Бисерге қатысты қысқаша осы. Сұрақтарыңыз болса назарым сізде
))))
күЧт хобби кен, Мадленге жасағаның өлтірді мені)))
хихи рахмет
Жасаған бір моншағыңыздың суретін салып қойсаңыз, күшті болатын еді. Негізі мұндай жұмысқа нервысы жақсы, шыдамды, төзімді адамдар керек шығар. Бәрін тоқып отыру үшін. Ех-х!
Мыкты екенсін! Отырып жатып бисер жинамак тугілі ішкен ыдысымзды азер жинаймыз шыны керек. ризамын. осы калыптан тайма!
Жанн, күлкіден өлтірдің ғой!!! Мен болсам «комиссия келе ма, жата берсін» дер едім. Немесе шаңсорғыштың көмейіне жібере салар едім)))))))
Мына бисер салатын ыдыстар жақсы екен а. Менің бисерларым сатып алынған пакетінен ары аспайды. Сосын мен сіз сияқты ажырата алмайды екем (менікілер Қытайдікі шығар):-)
иә, жасаған бір бұйымның суретін қойып қою керек еді.
Бисерлермен таныстырғаныңызға рахмет! Шашқа ободок жасаймын деп мен де бұларға біраз жолыққанмын…