Анармен саяхат   14 comments

Үйге келгесін, заттарымды біраз реттестірдім де, бірден универ жаққа барып, ол жақтағы шаруаларымды бітірдім, дүкенге бардым. Сонымен күн де өтті. Ертесінде тұра алмайм, қозғала алмайм, кәдімгідей жол соғып тастапты.. Түстен кейін Анар соқты соткама, «мен жеттім, қазір Фукуока аэропортындамын, сағат мыншадағы автобусқа отырамын»- деді. Мен болсам әлі шашыыылып жатырмын. Содан,қой, бұл болмас деп үй ішін жинастыра бастадым. Бір кезде осындағы тағы бір Жанна 🙂 телефон соқты, содааан екі ай бойғы жиналған әңгіме, өсек 🙂 Онымен сөйлесіп жүрмін, артық-ауыс нәрселерді жинастырып жүрмін, сүйтіп жүріп 2 сағат өтіп кеткенін байқамай қалыппын 🙂 Ойбаай Анар келетін автобус уақыты деп үйден шықтым жүгіріп, содан аялдамасына жетсем, тәтем деген бір жапон әйелді ұстап алып, бірдеме сұрап, есін шығарып жатыр екен 🙂 Бірақ ол кісінің автобусы келе қалды, артынша мен де жеттім 🙂

Үйге келіп сәл тынығып, тамақ ішейік деп шықтық. Таза жапондық стильдегі тамақ іштік, оның суреттерін Анар өзі  іле жатар.

Ой қайтар жолда сосын басталды ғой 🙂 Гүлдер хикаясы :)))))))))))))))))))))))))))

А:Мяяя мына гүлдер керемет қой. АЛ Мынау деген жаңағыдан да КЕРЕМЕТ қой.

Ж: аааа солай ма??

А:Мындай ҚЫМБАТ гүлды ҚАЛАЙ ҒАНА далаға қойып қойған!!!

Ж: аа қымбат шығар.Білмид екем??

А: Бізде болса мынау бір сағат та тұрмайды ғой, тем более түнде. Бізде қойлардың астауын тапа-тал түсте ұрлап кеткен. Таңертең болған зат, кешкі 5-те уже жоқ боп шықты.

Ж:ужыс, ужыс

А: Мына гүл деген керемет боп өсіп тұр екен, менде мынадай боп өспейді.

Құдайым ау, жапырағы қалың дей ма бірдемке:))) бірі жұқа дейма:)))) Ал мына гүл ауырып тұр екен, оған бірдеме сеуіп емдеу керек деп, жалма-жан диагноз қойып та үлгерді 🙂

Бар ғой, жақын құрбымның мұндай гүлсүйгіштігі бар екенін, шын айтсам білмеген екенмін :)))

Ертесінде қала аралап шықтық. Анар дәл уақытында келді негізі. Жапонияға саяхат жасар болсаңыздар ең жақсы уақыт не сәуір не қараша айларының басқы кезеңі. Сәуірде сакура гүлдейді, ал қарашада сарғайған жапырақтарды тамашалауға болады. Күн салқын да емес қатты.

Қала аралап жүрміз, гүлдерге қызыққан Анар әрбір түпке тоқтап, мынау деген мынадай гүл, анау деген анадай гүл. Бегония, Гортензия, Пиларгония, Фатсия дей ма Фракция дейма құрсыын, қалай жаттайды екен??  🙂 Сенсеңіздер, бар ғой, тура бір ботаникалық энциклопедияны қасыма ертіп жүргендей болдымЧы 😀 😀 😀 😀 😀 😀 😀

Алдыма шығып кеткен еді, бір кезде  ЖАННААААААААА деген дауысқа, не боқалды? деп жетіп барсам, «мына түпті суретке түсір»- деді.

Нууууу, маған салса, дым эстетикалық құны жоқ түп, шын айтам 🙂 Бірақ Анар айтқасын амал который, оны да түсірдім суретке 😀  Мен деген мұны Атыраудан жамааан кішкенесін 1500 мың теңгеге алатын нәрсе, мынау деген ЖАБАЙЫ КӨШЕДЕ ӨСІП ТҰР ҒОЙ деп Анардың көзі деген жанып кеткен 🙂 Кішкене түбі бір жарым мың тұрады дегесін менің де қызығушылығым аздап пайда болды хахахааха.

Ол күні Нагасакидің тарихы орындарын араладық, көбіне 19 ғасырда салынған ғимарттарға бардық.

Нагасакиге атом бомбасы жарылғанымен, ол ауада жарылған. Мысалы Хирошима тып-типыл боп қалған орны, ал Нагасакиде орталық жағы, қазіргі бейбітшілік паркі орналасқан тұсы қираған. Менің универімның жанында Мицубиши компаниясының әскери зауыты болған жерге жақын. Ал бірақ қаланың басқа тұстарына аса зақым келмеген. Сондықтан көп тарихи ғимараттар сақталған.

Әсіресе оңтүстік, шығыс таулардағы ағылшын көпестері тұрған виллалар, шетелдік консулдық қызметтерінің ғимараттары сол күйінде қалды. Қазір бәрін музейге айналдырған. Сосын бір қызығы, бұл үйлерге кіру ақысы тегін. Кіріп ішінде дем алатындай, не ауласында дем алатындай жағдай жасалған.

Бұл постта асыра айтып жібергенім мүмкін болса да, одан мағынасы өзгермейді, шын айтам:))))))

жалғасы бар

пысы. Астауды тапа-тал түсте ұрлап кетті демекші.. Алматыдағы үйімізге ұрылар түсіпті өткен аптада. Бәрі жұмыста болған, есікті тесіп кірген ба?? кілттің тұсын, білмим, әй бірақ оларда мың амалдары бар ғой. Асықпай 2 сағат па екен?? жүріп аралаған екен үйдің ішін, әлде өздері көп па екен?? Сөрелерді былай қойғанда, қоқыс салынған шелек, кір жуғыш машина, тіпті қант салынған шелекке шейін қарап шыққан екен 🙂 Үйдегі бүкіл ыдыс-аяқ, шәугім-шәйнектердің іштеріне шейін тексеріп шыққан. Үйде ақша болған жоқ, бірақ апайымның бүкіл алтындарын әкеткен. Ол да пысықсып бәрін жер сілкінгеде бір жерге жиып қойған, ой бірақ қай тесіктен болсын тауып алар еді ол бәлелер. Негізі біздің үйде домофон бар, бірақ сол домофоннан аса пайда болмады, кейде қатты тартып қалсаң ашылып кетеді, кейбір домофонның кілттері бір-біріне келе береді дейді. Не болса да бір күнде жасалынған ұрлық емес шығар. Бүкіл кілттті таңдау анау-мынау.. қайта универдегі племянницам ерте келмеген, Құдайға шүкір. Бүкіл ыдыстардың ішіне үңіліп шықса да, ештемені шақпапты әйтеуір деп отыр апайым 🙂 Бас аман болсын, бриллианттар әлі болар 🙂 Үйде ақша ұстамаңыздар ағайын!

14 responses to “Анармен саяхат

Subscribe to comments with RSS.

  1. Re. PS: ужас.. соңғы кезде ақшаны үйде ұстайтын болғанмын.. сосын домофон бар деп, үйдін есігін күндіз (кейде түнде де) жаппаймын.. негізі ұрлық болсын, басқасы болсын сенімен емес, тек басқалармен болатындай көрінеді адамға. Құдай сақтасын!

  2. Өткенде жұрт жер сілкінеді деп даурығып жүргенде, талай пәтерді үптеп кетіпті ғой, ужас! Әйтеуір бастары аман болсын, бәрі табылады ғой. Біздің үйге ұрылар келсе дейм да, «бекерге уақытымызды өткізіп алғанымыз-ай» деп өкінетін шығар)))))
    Ал Анардың гүлқұмарлығы мені де таңғалдырды. Өзім үйдегі гүлдерге өмірі су құймаймын. Өткенде мама бір ай жоқ болғанда бейшаралар өліп қалды ғой)))((((((((((

    Жұлдыз Әбділда
  3. Жанна бір өтініш бар. Бальзаминка Үндістанға баруға қанша ақша кететінін жазыпты. Қиын болмаса сен де Жапонияға қалай, қашан, және қанша ақшаға баруға болатындығы туралы пост жазшы.

  4. Қазір бәрін музейге айналдырған. Сосын бір қызығы, бұл үйлерге кіру ақысы тегін. Кіріп ішінде дем алатындай, не ауласында дем алатындай жағдай жасалған.///
    Бұл үйлердің шығынын кім төлеп отыр? бірнеше қызметкерлерде болуы мүмкін ғой 😉 әлде мем.қарамағында ма?

    • шығындарын қала көтеріп отыр. Бұл туристтерді тарту үшін жасалған шаралар.
      осындай стильдегі бақ бар, оған кіру бағасы 1000 теңгедей, содан түскен пайда арқылы басқаларын да жабады.

  5. гүл демекші, неше жыл болды аулада сирень өсіре алмай жүргем: көктеп тұрып өліпқалад, біресе тамырламай қалад, жыл сайын әуре бопжүрем
    жаңа үйге көшіп көзім ашылды: саябақ бар, мұнда бәрі бар екен, тек баптап үлгерсең болғаны

  6. Менің анам да гүлді жақсы көреді. Жыл сайын топырағын аударып, кеңдеу ыдысқа қайта отырғызып, әуре болып жүреді. Үйдің ішінде әдемі болып өсіп тұрса, қуанам. Бірақ өсіру жолын білмеймін.

    • екінің бірінің қолынан келе бермейтін нәрсе енді шыны керек:))) тірі жәндік қой ол да назар аударғанды жақсы көреді, баптағанды күтеді:) Мен сияқты адамға зәру болған гүлдің жағдайы біраз қиындау енді:))))

  7. Пай, пай!

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: