Қазір жаңалықтарда Фукушима апатынан зардап шеккендерге берілетін өтемақы көлемін анықтау мәселесін талқылау үстінде. Бүгін үкімет жиналысы болды осы Фукушимаға арналған, бірақ нақты шешімге келе алмады.
Өткен 1 ай бойы Фукушима АЭСның жан-жағындағы 20 км аралыққа адамдарды кіргізбейтін аймақ қылып тастаған болатын. Қазір әлі де сол жағдай жалғасуда, бірақ күніне бір сағатқа үйіне қайту мүмкіндігін берді, әр үйден бір адамға ғана. Үйді бәрін қойшы, ол жерде тірілей қалған жануарлар бар екен. Сиыры бар, доңызы бар, тауығы тб. Ол бейшаралардың не жазығы бар десиш 😦 Кейбір адамдар сиырларымен қоса көшкен. Ал кейбірлері менде 200 сиыр бар, одан тек елуін ғана алуға болады, ал қалғанын тірілей қалдырып кетемін ба деп қиналған жұрттар теледидарда. Жаңа туған бұзаулар, күтім көрмей қырылып жатыр, аянышты енді. Жануарларлар ол бір жағынан, сосын біреулердің қаншама жылғы қажырлы еңбегі ғой.
Бір айта кететіні Фукушимадағы радиация көлемі жақында тұратын үлкен адамдарға зияны жоқ дейді мамандар . Тіпті радиацияның ықпалы болған тағамдарды жегеннен де денсаулыққа әсері аса жоқ деп түсіндірді менің мындағы Жаннам. Оның енді мамандағы сол, радиацияның рактың пайда болуына әсері, әсіресе поджелудочная железадағы ісіктермен айналысады. Бұл жолғы радиация көлемі адамда рак пайда болатындай көлемде емес, тек әрине әр адамда әртүрлі әсері болуы мүмкін, сосын осы жолғы радиацияның әсері жасы 5-тен асқан балалардың өзіне әсері болу ықтималы төмен. Бірақ одан жасы төмен балалар мен аяғы ауыр әйелдер риск тобына жатады. Фукушимада аймағында спортзалдарда еш жаққа кетпеген 100-ге жуық аяғы ауыр әйелдер бар екені анықталды екі апта бұрын, оларды Токио жаққа шақырып жатыр. Көбісі туыстарына кетіп қалған, ал бұл қалғандар жақындардан алысқа кеткілері келмегендер, сол үшін аяғы ауыр әйелдер мен отбасыларына үй бөліп берді Токио жақтан уақытша, сол жерде балаларын босанғанша дәрігердің қарауында болып, семьясымен бірге тұрақтайтын болды. Ал жалпы балалар туралы айтса, 20-35 км жердегі мектептерде балаларды артық далаға шығармайтын күндер жалғасуда.
АЭСтің ішіне тоқ жүргізіліп, ішіндегі ауаны тазартып, радиация көлемін түсірді, жұмысшылары кіре алатындай жағдай жасалды. Бірақ жан-жағы бәрібір сол цунамидің іздері, сол беті жатыр бүкіл қалдықтары. Оны тазалауға тағы келмейді, себебі қалдықтардағы радиация көлемі жоғары. Сыртында қазір бір жасап жатқан нәрселері аршылған жерлердегі топырақты аударып жатыр, жоғарғы қабаттағы радиацияны азайтудың уақытша амалы. Бірақ кейіндері ол ластанған топырақты қайда жібереді? Қай жаққа апарады, оны тасуға, тазартуға, қаржыны кім бөледі?? Әлі белгісіз.
Ауыл шаруашылығымен айналысу ешқашан оңай болған емес, табысы да керемет емес салыстырмалы түрде, бірақ үйренген адамға әрине, ебін білсе, жақсы өнім шығара алады. Осы жолғы апат фермерлерге сосын балықшыларға қиын тиді. Фукушима 1-дің айналасындағы топырақ пен су бүлінді. Айналасындағы топыраққа Цезий сіңіп қалды, оның бәрін тазарту нереально. Енді ол жерде бірдеме өсіру мүмкін емес.
Қазір Фукушима десе елдің шашы тік тұрады.Тіпті былтырғы күріштерін алмай жатыр екен, кейбір адамдар. Содан ақыры Иод 132 мен Цезийге тексеру жасауға мәжбүр болдық дейді Токиодағы бір күріш қоймасындағы адамдар. Биылғы күріш қазір жоқ қой әлі, ал былтырғы күріште қайдан Цезий болсын, таза күріш екені анық қой, бірақ адамдарда уже не по теме паника басталған. Үкіметтің қадамдары ақырын болғандықтан туындаған көріністер менше.
Қазір Фукушима АЭСын жөндеуге үкімет еш қатысып жатқан жоқ десе болады. Тек сол Токио денрёку- Токие электр компаниясының күшімен ғана жасап жатыр. Бірақ бұдан кейін енді ол жақын жерде үйлерін тастап кеткен адамдарға көмек беру керек. Үйдің бағасын шығару оңай ғой, бірақ мысалға күріш өсіріп жүрген адам, сол жерден айрылып, жұмысынан айрылды, теңізге шығып, күнін көріп жүрген адам да табысынан айрылды, сондай адамдарға қаншалықты қаржылай көмек көрсетілуі керек?? Осы мәселелер жақын арада шешіле қоймас. Жарты жыл көлемінде шешілетін шығар. Онысы қаншалықты бәріне риза ететіндей болады, қаншалықты елге жаға қояды екен?? Екі жылдан соң қаптаған соттар басталады мен білсем.
Жапон экономикасына әсері қатты болып тұр. Мысалы бұрын жапондық теңіз және ауыл шаруашылық өнімдері Қытайда сосын басқа елдерде жақсы сұранысқа ие болды. Жапон өнімдері қымбаттау бірақ есесіне сенімі жоғары болған еді. Ал Фукушима апатынан кейін қазір жапон өнімдеріне сенімсіздік белең алды. Себебі басқа елдің адамдары мыс Фукушима қайда екені не болмаса Фукуока қайда екенін білмейді. Бәріне әй Жапонияның өнімі деп бір жақты ғана қарайды.Сол жері өкінішты жағдай.
Сол Фукушима-1-ді салған кезде 10 м цунамиді болжап салған екен. Ал бірақ цунами 14 м болып келді. Кім кінәлі? дегенде, кінәлі адамды табу қиын қазір. 30 жыл бұрын дәл анадай цунами келеді деп ойлаған адам болмаған. Ал енді қанша мың адамға кесірі тиіп жатыр.
Осы аптаның үлкен жаңалығы Хамаока АЭС-ын тоқтатты кеше. Бұл АЭСты тоқтатуын премьер министр тікелей эфирде сұраған еді. Себебі Шығыс Жапонияда қатты жер сілкінісі тағы болады деп жатыр барлық ғалымдар, бірақ мерзімдеріне келгенде әркім әрқалай айтады. Біреуі 2 жыл ішінде десе, бірі 5 жыл, бірі 10 жыл.. Ал бұл Хамаока АЭС- сы миллиондаған халқы бар Нагоя (120 км), Иокохама және Токиоға(180км) жақын жерде тұр. Хамаока АЭС-сы Чюбу денрёку компаниясына қарайды. Ал ол АЭС-ын тоқтатқанан соң келе жатқан жазда сол аймаққа жетпейтін мегаваттарды Кансай денрёкудан алуына тура келеді. Осы жерде мемлекет көмектесуі керек болады. Бұл тағы шығын әрине, бірақ сақтықта қорлық жоқ деп үкімет осы қадамға баруға мәжбүр болды.
Айтпақшы Нагасакиден шамамен 85 км, ал менің үйімнен турасын айтсам 81,724 км жерде орналасқан Генкай АЭС-сындағы тоқтап тұрған 2 және 3 реакторларын қайта іске қосу үшін келіссөздер бастады. Барлығы 4 реактордың екеуі тоқтап тұр, былтырғы жылдың аяғында 3-ші реакторда проблема шыққаны үшін тексеріске тоқтатып қойған болатын, енді соны қайта қосайын деп жатыр екен. Сол үшін жергілікті халықпен кездесулер ұйымдастырып, рұқсат берулері үшін жұмыс істейді. Әәәй білмим, былайғы кезде де АЭСын жақтырмайтын халық Фукушимадан кейін ана проблема шыққан реакторларды қосуларын қолдай қоймас.
әйтеуір бәрі жақсы болып кетсін деп тілейміз. АЭС-тің орнына енді балама энергия көздері жайлы сөз ете бастайтын шығар.
Жағдайлары мәз емес, Жапон халқы бұл тоқыраудан амалын тауып шығады деген сенімдемін.
млин.. тагы сол станцияларын косып жатыр ма 😦 тыгырыктан шыгар баска жол ыздегендеры абзал еды.. Ыстеры онга бассын деймыз!
қалған 53 аэс-іне жөндеп қарасын енді
Жапон халқы төзімді халық, олар бәрін жеңеді.