Қош келдім Жапонияға:)   17 comments

Бір ай уақыт өтсе де ештен кеш деп жазып жатырмын енді, ренжімессіздер.

Фукуокаға қонғасын, кеденнен тез-ақ өттім. Алдында толтырған декларациям маған түкке қажеті жоқ екен сүйтсем, неее ойлап ол декларацияны толтырып жүргенім 😆 Себебі қазір Жапонияда тіркеуде бар адам болғандықтан, шығар кезде тілдей қағазды жабыстырып берген паспортыма, соны қайта алып қалды, бітті сонымен.

Сумкамды да тексермеді. Паспортыма, визама қарап, студентсіз бе деді кеденші. Мен- Иә дедім, жүктеріме тіпті қараған да жоқ. Қарамағанына қатты қуандым да. Себебі сумкамда Нагасакиде мені күтіп жатқан Жаннаға апара жатқан қазы-қарта бар еді. Әй бір үш кило точно болды 🙂 Ет өнімдерін, сүт өнімдерін Жапонияға әкелуге болмайды. Ал мен де ет те бар, сосын қалғаны құрт көп еді сумкамда 😀 Өзіме бола ет тасымас едім, Жаннаға бола болмаса, оның мамасы беріп жіберді.

Енді кеденнен шыға бергенім сол еді, айфоным тірілді. Жанна екен 🙂 Қашан келесің, аялдамадан күтіп алайын, жүгің ауыр шығар деп соғып жатыр екен. Бірақ мен жетем дегенше ол аутопсияға 8) кіріп кетеді екен.

Нагасакиге баратын автобусқа отыру үшін далаға шықсам, ееех Жапония ауасы, теңіз лебі келеді біраз. Сосын КӨКТЕЕЕМ деген иіс келді бірден 😉 Әр жерде бір гүлдеген сакура көрінеді. Фукуока мен Нагасаки арасы 2 сағаттық аралық. Негізі Нагасакиден де ұшады Сеулге самолет, тек күніне бір ақ рет, оның өзі кешкісін, уақыттары дым сәйкес келмиді Алматы рейсімен, сол үшін Фукуока арқылы ұшқан анағұрлым ыңғайлы.

Нагасакиге жеткесін, үйге дейін такси ұстап, ал үйдің жанына келгесін дәәәу сумкамның дөңгелегі сүйрететін жерге дейін әкелуін әкелді ғой. Одан кейін баспалдақтар бар. Сумкасыз шыққан өзінде жаман. Ақырындап таси бастаған едім. Көрші апа келді көмектесейін деп. Өзі әзер жүрген апа, жо рахмет өзім десем, қоймайды ол  кісі де, бір кішірек сумкама жармасып. Жо рахмет шынымен ниетіңізге деген екеуміздің джынды диалогымыз жалғасып жатыр еді, қасымыздан бір жігіттер өтті, сәлем беріп. Менің үй жағыма көтеріліп бара жатыр екен. Жігіттерді тоқтатып, маған көмектесіп жіберіңіздерші деп едім, олар қайтып келіп сумкамды сосын ана 15 кг рюкзагымды есігіме дейін жеткізіп тастады. Ооой осы жері керемет боп кетті. Әйтпесе 22 кг сумкамды баспалдақпен көтеру мұң боп тұрған еді.

Уффф әйтеуір жеттім аy ^_^

Пошта жәшігім толып қалмай, нәмані тұр екен. Бір таныс жапон қызға тапсырып кеткен едім, келген пошталарым мен жарнамаларды бөліп жинастырып қойыпты кіре-берісте. Рахмет көп көп. Айтпесе алдында тапсырып кеткенде, ол уақылы қарауға келмей, пошта жәшігі толып қалыпты. Оны көрген пошта қызметкері мені уже тұрмайды екен деп, пошта әкелуді тоқтатып қойған екен. Оны мен білмей жүрм, содан суға төлеу үшін квитанцияны неге жібермейсіңдер деп қалалық су басқармасына звондап ұрсысып жүрсем, біз жібереміз, ал ол қайтып келе береді дейді. Содан поштадағыларға ұрсып, кім сендерге хаттарды тоқтатуға рұқсат берді? мен звондап, не жазбаша өтініш білдіріп па едім??? Өз беттеріңмен тоқтата беретін не жұмыс ол сендердікі деп  😡 Қате бізден деп олар, ой әйтеуір біраз әңгіме болып еді. Осы жолы әйтеуір бәрі аман-есен екен.

Үйге кіріп, бірден жүктерді орналастырдым. Мұздатқышқа салатын заттар бар ғой, қазы деген 😀 Бір кезде қарасам, сол мұздатқыштың үстінде бір алма қалып қойыпты, кетерде сумкама сап алам деп тұрып сол күйі қалып кеткен екен. Өзі солып кетіпті, қайтсін енді 2 айдай тұрды ғой сол жерде. Біраз ана алмаға қарап мұңайып қалдым, үйде жалғыз екенімді ойлап. Бірақ ертең Анар келетіні еске түсіп қуандым да, жүктерімді реттей бердім 😀

17 responses to “Қош келдім Жапонияға:)

Subscribe to comments with RSS.

  1. сағыныштан солған байқұс алма… Жарайды, алманы қойшы. Басқа ештеңе солмаппа?

  2. Тух, Жапонияға бірге барып сенің қасыңда жүргендей болдым ғой 🙂

  3. cіз қазы жақсы көрмейсыз ба? негізі шет жақтағылар қазыны заказбен алғызып жатады ғой.. или 2 ай Алматыда «до отказу» жедыныз ба ))

    • жо жақсы көрем ғой, бірақ құрт па қазы ма десе, бірінші орында ҚҰРТ 🙂 Жалпы аса етке құмарым жоқ адаммын. Бар болса бар, жоқ болса іздемейм. Тек арасында ғана қазы жегім келетіні болмаса

  4. Сәлем! Жапонияда радияцияға байланысты не болып жатыр?
    Жапонияға жәй қыдырып бару үшін не істеу керек? рахмет

    • Данди рахмет, блогыма бас сұққаныңызға.
      АЭСтің артын жөндеп жатыр. Ал Жапонияға жәй қыдырып келу үшін кейін тағы бір толығырақ жазып өтейін, бірақ бастысы оған шақырту қағазы қажет. Таныстарыңыз, туыстарыңыздан шақырту қағазы болуы шарт

  5. > Өз беттеріңмен тоқтата беретін не жұмыс ол сендердікі деп
    енді оны жұмыстан шығарып жіберген шығар T____T

    • жо, шығара қоймайтын шығар. Әйтеуір бастығы артынан звондап, кешірім сұрап, өзім тексеріп шықтым, қайтадан пошта әкелетін болады, ал өз бетімен тоқтатқан адамға ескерту жасалды деді.

      • жо, шығара қоймайтын шығар. ///
        Жақында бір кино көрдім. Документал кино сияқты, шет елдік(Белгия) қыздың Жапонияда қызмет еткендігі жайлы. Думкаға кеттім шыны керек кинодан кейін)))). Әлгі қыз көп қиындықтар көрді. үлкен орынан төмен қарай құлдырай берді, құлдырай берді карьера жасамақ түгілі. Сонда аяғында әжетхана жуатын болды. контракт біткен соң, рахмет компаниядан көп нәрсе үйрендім дейді 😦 мен контракт ұзартқым келмейді деп байқұс қыз (((, сонда әлгі баяндаушы қыз, Жапондықтар мені осылай түсіргенше* шығарып/қуып жібермейді компаниядан соны түсінбеймін деп… қызық пәлсапа кино екен. аяғын ғана көріп қалдым. атын білмеймін 😉 Басты мақсат киноның еңбекқорлыққа төзіммен жетіп, айналаны сыйлай білу очм, со киноны инеттен тауып, тағы көремін деп шештім 🙂

      • а менде көргем ол киноны, ұмытып қаппын немен біткенін 🙂

      • а менде көргем ол киноны, ұмытып қаппын немен біткенін// аяғында қыз үйне кетеді Белгияға. сосын кітап жазады. жақында түсірілге кино кажься. әлемде соғыс қиындықтар деп аяқтайды. Сосын әлгі бастығы, 3 жылдан кейін, құттықтаймын деп жапонша открытка беріп жібереді 🙂

        Жапон пәлсапасы мен үшін қазір рулз болып атр)))

  6. Мен келген соң да ол алма тұрды біраз:) кейінгі тағдыры белгісіз.

  7. Олардың алмалары да китайский ма?

    Байназаров Талғат
  8. Қайтарма үнқосу: Жалғасының жалғасы :))) | 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру Aray Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: