Жалғасының жалғасы :)))   8 comments

Сеулге аман-есен қондық. Транзит кеденде осы жолы проблемсіз өттім. Әйтпесе менде ылғи бірдеме болады сол транзит кеденде қол жүкті тексергенде,  біресі сұйық зат бар деп ұстап, біресе күмәнді зат бар деп,  ал бірде сканерден 40 рет өткізгені бар еді. Содан ақыр аяғында сол күмәнді зат не екенін ешкім ұқпады, мен де 😀 Білмим әлгі сканерде не боп көрінетіні, содан  металіздегішпен тексерсе оған да реакция берді. Бір бомба жатқандай шиқылдап. Ақыр аяғында сувенирлік, боялған тастар бар еді, солардан болар деп шештік, бүкіл сумканы қопарып, дым таппағасын 🙂 Сол жағдай жүрегімде жаман қалып қойыпты 😡

Екі рейстің арасы бір жарым сағат, сол аралықта кәріс косметикасын алып үлгердім дютифриден 😛

Инчон аэропортындағы бір туалет.

Мұны мен алдында ҚЗ-ға келе жатқанда түсірген едім. Туалетке кірдім де, енді суды ағызайын десем, басатын жерді таба алмай әлекпін. Вроде автоматты түрде ағатын туалетке ұқсамайды деп ойлап қоямын ішімнен. Көбіне жанындағы қабырғада болады ғой, сол жақта, ал ол жердe emergency түймесі тұр екен. Қайта қорғайтын нәрсесі бар екен үстінде, әйтпесе байқаусызда басып жібере жаздадым.

Сүйтсе унитаздың артында, мусор шелекпен бір деңдейде тұр екен.  Түрі де хромдалған, ана туалеттің трубаларын жауып тұрған шкафты ашатын тетік сияқты көрінеді. Пуш деген жазуы бар екен әйтеуір.

Мүлдем унитаз астына қоймаған екен 😀

Сеул-Фукуока арасында айтарлықтай дым болмады. Тек бір қызық, кәріс стюардессалар маған басында кәрісше сөйледі, түсінбейм дегесін, одан барып жапонша сөйледі 🙂 Жапонша жауап берем ғой енді жапонша сөйлегесін. Содан бір кезде кәрістерге, басқа да шетелдіктер бар, оларға кеден декларациясын әкеп үлестіре бастады. Ал маған бермей өтіп кетті. Мен күлдім де, шетелдіктерге арналған декларацияны беріңіз дедім ағылшынша. Кәріс те емес, жапон да емес, ұлты кім екен деп ойлады ол сұлу стюардесса 🙂 Осы кәріс стюардессаларына таң қалам ғой, бәрін бір стандартпен таңдайды ғой дейм осы, сосын бірінен-бірі өткен сұлу қыздар өңкей (әттең суретке түсірмеппін).

Сеул мен Фукуока арасы ұшатыны бар болғаны 40-50- ақ минут. Маған негізі Токиоға қарағанда Сеул жақын, себебі Токиоға 2 сағаттай ұшады самолет 😀

ең басы мында

одан соң жалғасы

ал бұдан соң  тағы да 

 

8 responses to “Жалғасының жалғасы :)))

Subscribe to comments with RSS.

  1. Келесіде шекеңе қазақ қызы екеніңді жазып қой…:)

  2. постын темасын айтсай))) жалғасының жалғасы)))
    Жанна, универдің сенің осы спорт зал/фан клуб/т.б. ұйымдары жайлы жазч плз, тегін+диск.карта т.б. нәрселер болады ма? ваще, соңғы кездегі, шет елдік студенттер келді ме көбі, әлгі жағдайдан кейін? қорқып келмей қалғандар бар ма? 😉

    өте романтикалық ел ғо деймін байқауымша, небір флешмобтар ұйымдастырып, акциялар жүргізіп атр оны енд инеттен оқып алдым 🙂

  3. Жәке, Сеулдан әрі қарай қай авиа компания болып еді??

  4. мен жапонияға барсам үрік жүретін шығармын жабайы сияқты. Автомат туалет дегені несі?

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: