Мики Андо чемпион!!!   4 comments

Мәскеуде өтіп жатқан әлем чемпионатында мәнерлеп сырғанаудан қыздар арасынан бірінші орынды Андо Мики алып, әлем чемпионы атағын екінші рет жеңіп алды (алғашқысы 2007ж).

2010-2011  жылдық маусымның шымылдыған жабатын әлем чемпионаты бір ай бұрын өтуі керек еді. Жапониядағы апаттан соң әлем чемпионаты Мәскеуге ауысқаны естеріңізде болар.

Менің ең сүйікті фигуристім Андо Мики биыл жақсы өнер көрсетіп, біраз алтын жинап шықты.  Орнықты көрсеткіштерімен тренері Николай Морозов  екеуінің жұмыстарының сәттілігін көрсетті.

Николай Морозов жапондықтар арасында жақсы атағы жоқ сияқты байқауымша.

Себебі тренер ретінде Морозов беріп жатқан бірде бір интервьюсын көрген емеспін.

Есесіне орыс баспасөздеріне берген Морозовтың интервьюларында  «жапондықтардың спорт саласындағы бюрократиясы, сосын көрінген жерге мұрындарын тығып, дайындыққа кедергі келтіргеннен басқа бітіретін түктері жоқ» деген жақтырмайтын сәттерін байқап қалуға болады.

Негізі Морозов ренжитіндей деп ойлайм мен де.Нуу енді ол спорт әлемінде не бар не жоқ бізге беймәлім ғой. Бірақ Морозов бір сөзінде «Аракава Шидзукаға айтқам мен әрі қарай жалғастыр деп, бірақ қазір жапондар бар күшін Асада Маоға салып жатыр. сосын Морозовтан кетсең деп Микидің мазасын алған кездері болды, бірақ Мики жапон жақтың сөздерін аса тыңдай бермейді»  деген еді бір интервьюсында. Шынымен де солай, бүгін чемпион атанған Андо Мики немесе басқаларына қарағанда үнемі әңгіме Асада Мао туралы болады, содан нәтиже күтеді. Айтпақщы Асада Мао бүгін 6 орында қалды.

Ал олимпиада чемпионы Ким Юна осы маусымда алғаш және соңғы рет осы жерде ғана мұзға шығып, Кореяға деген махаббатын көрсетті 🙂 Homage to Korea атты бағдарламада кәріс ұлттық әні Арираң та қосылған бағдарлама болды. Бірақ трипл луц орнына сингл қылып тағы бір жерде трипл орнына сингл ғана секіріп, балдары төмендеп қалды. Әйтпесе жаман бағдарлама емес менше, егер барлық баллды жинағанда тіпті Андо Микиден де асып кетер еді.Кәріс фанаттарыма арнауым деген бағдарламасы жаман емес бірақ маған қысқа бағдарламасы қатты ұнады. Аданның Жизель балетінің музыкасына қойылған бағдарламасы керемет болды менше. Онда да бір жерден қателік жіберсе де Андо Микиден 0,33  балл озып кеткен еді алғаш күні.  Сонымен тек маусым соңында ғана мұзда көрініп фурор жасап кетпек болған Ким Юнаның ойы іске аспай қалды. Жылама Юна әлі келесі маусым бар ғой.

Осы жолғы жоғарғы орындарды менің фавориттарым алды:).

1. Андо Мики(Жап)

2. Ким Юна(Кор)

3.Костнер Каролина (Ита)

Осы үштіктен бөлек Финляндиялық Кира Корпи ұнайды, әдемі қыз керемет 🙂

Орыстар үміт артқан Алена Леонова мен Ксения Макаровалардың жолдары болмады, соңғы моментте Костнер алдын орап кетті Аленаның. Аленаның екінші күнгі бағдарламасы жаман болмады негізі. АЛ Ксенияға әлі де көп жетілу керек. Қимылдары сондай шикі, Ким Юнадан кейін қарағың да келмид екен ол қызға. АҚШтың Рейчел Флат былай интервьюлеріне қарап ұнатқанымен мұзда сол қызды дыым жақсы көре алмай ақ қойдым. Оған қарағанда ана Алисса тәуірлеу сияқты. Ким Юна мен Андо Микиде ерекше грация бар қимылдарында.  Ал Асада Маоның қимылдарында бір күш сезіледі бірақ Маоның биылғы бағдарламалары орташа болды. Татьяна Тарасовадан кеткені дұрыс болмады менше. Қазіргі тренерлері білмим даже жамандағым келмид бірақ Тарасова қайткенмен де қаншама чемпион өсірген кісі ғой.

Менің сүйікті Микиім үшін осы маусым сәтті аяқталуымен құттықтаймын. Бұдан кейін де Микиге де жапон халқына да сәтттіліктер болсын деп тілеймін.

Суреттер  мына жақтан алынды

4 responses to “Мики Андо чемпион!!!

Subscribe to comments with RSS.

  1. мао Асадаға обал болды. Былтырлары алтын алып, биыл бірден 6 орынға түсіп кеткені жарамады. Аянышты. Ким Юнаның программасы ұнады маған (өте нәзік), дегенмен аздап сенімсіздеу қимылдаған сияқты болып көрінді. Бір жылға жоқ болып кетпей, сайыстарға қатысуы керек еді, тәжірибе жинап дегендей. …Әлем чемпионаты үшін азиадамызға да келмеп ед. Сауап болды дегім келмейді, бірақ.. қазақтарды ренжітпеу керек еді =) қалжың ғой.

    Мики Андо орыс мұзында соңғы жыл көп сырғанады ғой. Сол да көмектескен болар.

    Біздің Дениска 16 орында =( Какая боль!

  2. ой, 14 орында деп оқыңыз

  3. jigitterdin jarysyn qaramappn 😦
    mdaa Denisten jogaryraq natije kutip edim

  4. Жапония жалпы мықты ғой, мәнерлеп сырғанаудан?!.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: