жалғасы…   20 comments

Аэропортқа бара жатырмыз. Бауырым бір кезде айтады «Бопты, қаз сен осыдан Сеулге ұшасың ғой, ал одан әрі қарай самолетте бір өзің ұшатын шығарсың 😀  деп біраз жынды қылды.

Рейсқа регистрация жасап едім, багажым кетті, ал қол жүгім ұнамай оларға, ну енді ноутбук бар, тағы басқа заттар бар ^_^ , белгіленген нормадан көбі көп енді оны мойындайм, қол жүкке норма 5-8 кг болса, менің рюкзагым 15 кг болды осы жолы 😀  бірақ сол рюкзагымды бұдан да ауыр ғып тиеп алып, ыспокойно жүз өтіп жүрген адам едім, осы жолы не болғанын тегі сонша тексеріп.. 😡

Содан ақыры алдым да басымды қатырмаңдар деп, біраз заттарды Анарға қалдырып кеттім.  Анардың Фукуокадан Нагасакиге дейін келетін автобусқа билеті бар, сосын Фукуокаға жеткенде ақша ауыстырам деп аэропортта уақыт кетіріп, әуре боп жүрмесін деп, маған соғу үшін,  телефон автоматына арналған ұсақ ақшалар бар, сосын менің адресім мен телефоным жапонша, ағылшынша жазылған қағаз бар, сосын жаңағы заттар бар, племянницама «қазір Анардың рейсін күтіп алып бересіңдер» деп, әлгі заттарды тапсырдым, дәл осы жерде блогкэмп деген минирюкзактың пайдасы болды \(^ ^)/ И вааще регистрациядан өтіп алып, сыртта уақыт өткізген жақсы екен,  баурым бар, ағам бар біраз әңгімелесіп отырдық. Содан мен түнгі 10  жарымда кеденнен өтіп, ішке қарай кеттім. Анардың самолеті Атыраудан сол уақытта Алматы эропортына қонып жатты 🙂 Келесіде де ертерек келіп, регистрациядан өтіп алып, қайта сыртқа шығып күтетін болдым. Әйтпесе ылғи ерте кіріп алып, 20 мин-тай күтуші едім, ал осы жолы бірден самолетке кірдім. Сол рахат екен.

Кірсем самолетте бір таныс жігітті байқадым. Таныс болғанда, таныс та емес енді, бірақ әйтеуір Фэйсбук жарықтық 🙂 Токиодағы достарымның суреттерінен танитын жігіт, содан барып онымен амандасып таныстым. Эвакуациямен келген екен ҚЗ-ға, келіншегі жанында жоқ, бір өзі кетіп бара жатты әйтеуір, өзі PhD-дегі адам болғасын (келіншегі мастерге оқып жатыр кажись) көп дем ала алмайтын боп тұр ғой дейм шамасы. Ол жағын енді қазбаламадым.

Бортта адам аса көп емес екен, өзімнің орныма жайғасып, айналама көз жүгіртсем,  жан-жағымда өөңкеей қырғыздар екен. Бәрі бірдей Қырғызстан деген киім киіп алыпты. Кейбірі бастарынада айыр қалпақ 🙂 Кореяға не үшін бара жатқанын кім білсін, бірақ ағылшын білетін адамдар емес екен әйтеуір ( онысы артынан белгілі болды). Стюардессалар Кореяға кіргенде кеденге тапсыратын декларация ма, сондай бірдемкені үлестіре бастады, маған керек емес, мен Кореяға бара жатқан жоқпын деп едім, стюардессаның көзінде үлкееен сұрақ белгісі пайда болды (Сеулге бара жатқан самолет қой (・_・?) дегендей ). Әрі қарай кетем, Жапонияға бара жатырмын деп едім, АааААа 🙂 деп ол, түсінді бір кезде. Қырғыздардан бөлек жанұяларымен жүрген жергілікті кәрістер болды. Бизнесмен кәрістер аз, нағыз кәрістерден көбіне жастар жағы ғана болды десе болады.

Негізі Асиананы жақсы көрем өзім, сервисы жақсы авиакомпания. Орныма жайғасқанда-ақ, стюардесса жаныма келген еді, не айтқысы келгенін бірден білдім негізі, тек қай тілде сөйлер екен деп күттім.  Көбіне кәрісше сөйлейт маған. Бірақ қай тілде айтқаны маған сол күйі беймәлім боп қалды 😀 Бірақ таза ағылшын болмағаны анық енді.  Иә сифудке заказ бергенмін деп жауап бердім, оның сұрағын түсініп.

Жаман адам жегенін айтад деген бар ед ғой 😀 😀 😀

Жо, бір ретте бір авиакомпанияда сэндвичтары доңыз болды, одан кейінгі тағамдары да оңған нәрсе болмағасын, жегенім тек нан мен май, йогурт қана болған 11 сағат ұшқанда. Ужыс. Онымен қоймай 11-12 сағат ұшқан бір азап 😦 Бірақ әйтеуір содан сабақ алып, бұдан былай қайда барсам да, алдын-ала сифудқа тапсырыс беріп қоямын. Осы бір мини таңғы ас ұнады (Сеул-Фукуока арасы).  Ерінбей суретке түсіріппін ғой 🙂

Бастаған әңгімеме қайта оралсам..

(** Оcы арада жаңадан менің блогыма кеп жатқандарға ескерту!!Менің жазбаларымды оқып үйреніп қалғандарға бұл үйреншікті жағдай негізі, қайсы әңгімеге оралайын деп жатыр өзі деп  оқылады көбіне менің посттарым, басы жоқ, аяғы жоқ боп кейде:))

Елдер жайғасып бітті, стюардессалар да «ана қағаздарды» үлестіріп бітті, енді ұшамыз деп дайындық басталды, стюардессалар келіп белдіктерімізді тексеріп дегендей, ал енді от ала бергенде, ана қағазды толтырып жатқан бір қырғыз орнынан тұрып ап, басқасының қасына келді де, түсінбеген жерін cұрап жатыр. Стюардесса жүгіріп кеп, орнына отыруын өтінді, ол жақсы деп отырғаны сол еді, тағы бір қырғыз орнынан тұрып, басқасына сұрақ қоя бастады 😀 Оны да отырғызғаны сол еді, ана жергілікті кәрістің әйелі подругасаның қасына барды, стюардессаларды кім білсін, қарап отырған менің қаным қарайды 😀

Ой әйтеуір ел-жұртты отырғызып, аспанға да көтерілдік. Ал бірақ ана қырғыздарың әлі жүр әрлі- берлі. Бір қырғыз әсіресе, анадан да мынадан сұрап жүр, басқалары да, бірінің қағазына бірі қарап, содан мен бір кезде шыдамай, «нені түсінбей жүрсіздер? Көрсетіңіздерші» дедім. Олардың толтырып жатқан бланкілерінде баратын жерлерінің адресін енгізетін орын бар екен, содан өздерінің шақыру қағаздарынан адресті іздеп таппай жүр екен. А бірақ олардың маған көрсеткен қағаздарында тек шақырған компанияның аты ғана бар, ал адрестері жоқ екен. Содан айттым, енді адресін білмейсіздер, ну енді не істесіздер, шақырған компанияның атын жаза салыңыздар, содан түсініп, тауып алар өздері дедім. Ааа жақсы рахмет онда деп, олар да тыныш тапты 🙂

Бірақ осы жолғы келген Алматы-Cеул арасы ұнамады. Тамақты қойш, ол жағы жақсы Асианада, бірақ жалпы салонға кіргенде алғашқы впечатлениесі онша болмады.  Біріншісі орындықтары көнергендей ма, біртүрлі салоны ескіргендей, бірден көзге түсті, сосын негізінде Асиананың самолеттерінде әрбір жолаушының өзінің бөлек экраны болады. Ал осы жолғыда ортада әрбір жерден бір ілінген экрандар хммм (O_O;).. Соңғы голливуд блокбастерлерін көресің бе, BBC-дің деректі фильмдерін қарайсың ба, таңдау өзіңде болатын. Мен көбіне кәрістердің ұлттық музыкасы, филармониясын сосын K-pop-тың клиптерін қарап келетінмін. Ал андағыдай салон ортасындағы экранмен не көресің??? Қазақстанға осы да жарайд дегендері ме, осы жолғы самолетті шото ұқпадым.

Бірақтан да кереметтей супер-мупер экрандар болса да, қарамас едім. Соңғы апталардағы шала ұйқыдан кейін, жаным тек қана ұйқыны қалап тұрды. Қауіпсіздік белдігін босаттым да қисая кеттім, бірден қаттыппын [(--)]ZZzzz…Таңғы асқа оятқанда бірақ ояндым..

тағы да бар:))))

басы мында

20 responses to “жалғасы…

Subscribe to comments with RSS.

  1. Муахахахахахахахаха)))))))))))))))((

  2. жаз тағы болса тағы)))
    Жанна, керемет жазасың тура өзің айтып отырғандай))))

  3. Ұшақтардан KLM ұнайды. Ұшақ ішіндегі сервистерден AirAstana-ға жетері жоқ.

    Асианаға әлі отырып көрмеппін. Боинг болған шығар. Маған да сондай жеке телигі барлар ұнайды. Наушникті құлағыңа қыстырып, өзіңмен-өзіңсің.

    • біздің Эйр Астанада жақсарып келеді, сервистері бірақ осы пассажирге деген қызметтен кәрістерден жақсысы жоқ сияқты, тіпті жапондар да қап қояды менше:) Білмедім Сингапур Эйрлайнсқа отырып көрмедім әлі:)))

      • Magan da AirAstana unaid poka, baskalary tak sebe. No kei kezde AirAstananyn kyzdary onbaidy bar goi 😦 tamakty aldyma laktyryp ketken bir kezde. «Devuwka, vy s uma sowli?» – dep hai-vai wygardym. Jakpai kalgan wygarmyn.

        jalgasyn kutem

      • Мадлен менде де сондай ұқсас жағдай болған Эйр Астанада. Сол үшін сервистерін керемет деп айта алмайм біздікілердің

  4. Анау тамақ біртүрлі сияқты ғой. Диетичный ))

    • иии пайдалы десеш:)))

      • tamak bir turli go. jemister ma? ne bar ana jerde, atap wykwy. seafoodka da uksamai daje

      • креветкалар астындағы, сосын оң жағындағы ақ нәрсе ол бұқтырылған балық. Сосын сальмон теңіз өнімдерінен. Басқалары бұрыш, аспаргус сосын қызыл капуста 🙂
        Бұл маған сэндвич орнына. Басқаларға сэндвичтер берді

  5. Жәке, сенің мына постарыңнан соң мен бір блог бастап кетем ау дим:)

  6. тамакты алдын ала тапсырыс бергеныныз жаксы болыпты.. 11 сагат узак кой. 9 сагатка арен шыдап едык, ах-ух деп )) эйр астана аркашанда рулит кой. быраз авиакомпанияларды кордым, барыбыр бырнарсесы кем болып турады.. аэросвиппен ушсан аш каласн, дамды мес, шошка бар тагы.. тайлардын авиасыда тамак жагынан кинап жыбереды.. турктер унаган енды, малайзияныкы де жаман емес.. бырак казагыма жетеры жок )) бырак елге келгенде сол самолеттен тускен сон сыртка шыгатын «прямой корридор» болса, таможняны айналып отетын.. ваще катып кетер еды!

    • тайларға отырып көрмеппін:) Өткен жылы Тайландқа барам деп соларға билет заказ беріп өзімше, сүйткенде ақыры бірге баарм деген қызым бармайм деп еех

  7. ээх.. бырак бары алда гой Алла жазса.. Тайда жургеныме быраз болып калды. жумыс бабы.. келем десеныз бырге кыдырамыз, Бангкокта бесплатный гид бар дей берыныз ))

  8. Иә, Арай да блог бастаса күшті болар еді. Тайдың қызықтарын біліп отыратын 🙂

  9. ия, Алла буйуртса ойда бар блог ашу )) негізі түртіп қойғандарым бар, соны блог бастап бір жазармын. біз білмеген қызықтар көп екен әлемде, осы блогқа келіп танысып, біліп жатырмын.

  10. Қайтарма үнқосу: Көптен жазбап едім.. | 6 градус әлемді өзгертеді

  11. Қайтарма үнқосу: Жалғасының жалғасы :))) | 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру Aray Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: