Көптен жазбап едім..   19 comments

Айып етпессіздер халайық. Көптен осы блогыма уақыт таба алмай жүрмін. Уақыт пайда болғасын уже қалай жазарымды ұмытқандай болып қалыппын.

Басынан бастап жазайын не болса да 🙂

Жапонияға келгеніме 3 аптадай болып қалды. Келер кезде ой талаай әңгіме болды ғой 🙂

Менің үйдегілерім нормально қабылдады әйтеуір. Шамасы менің реакциямды көргесін солай болған шығар. Ал бірақ есесіне жан-жақтағылар мазаны алды шыны керек.  Ойбай сенің қарындасың/сіңлің/балдызың/апайың Жапонияда еді ғой деп. Сосын цунамиден кейін талай мэйл алдым.» Амансың ба»-деген . «Мен Қазақстандамын» десем ууф деп достарым, таныстарым:).

Біздің адамдар рейтинг қуған теледидарды көріп алып, ооой несін айтайын, біраз нервыны құртты.

Шын айтсам, менің үйдегілерім басқа нәрсені уайымдады 😀 Сен әрі қарай докторға барғың кеп еді ғой, енді саған ақша бөлінеді ма екен?? Мынадай экономикалық дағдарыс қой қайткенменде деп.  ОчЫм кімге не деген осы ғой 🙂

Содан айдың аяғында (29 Наурыз) ойлағандай қайтамын дегенде үйдегілерім, ааа лана өзің біл деді. Бірақ сол «елдер» звандап есті шығарды. Әсіресе жеңгеме сондай адамдар звандап қоймаған, содан ол маған звондап, кеткенше мүмкін бармай-ақ қоярсың ааа деп:))). Ну күлкің келеді екен, бір шетінен нервыны да ауыртты сондай қоңыраулар.

Содан кетер кезде біреусі айтқан ғой ағама»ой барма деп айтпайсыңдар ма оған»-десе, ағам да қатырад «ой ол басына бірдеме кіргізіп алды ма болды, айттың неее, айтпадың неее, бәрібір бізді тыңдамайды»-деп айттым дейді. Шото қуанатын жауап екені,  жоқ басқадай екені:)))).

Кетер кезде өзі қызық боп кетті ғой, блогкэмп болды, одан кейін Астанада қыдырдым, Астанадан келгесін де қыдырыстар жалғасты. Аяқ жағында дым уақыт болмай кетті ғой өзі. Ұйқы да ұйқы емес әйтеуір 🙂 Содан кетерге бір күн қалғанда үйдегі племянницам бауырсақ пысырып жатыр кешкісін, еее мен кетерге дайындалып жатыр екен деп ойладым. Жақын подругаларымнан 3-4 қыз келуі керек еді, сосын туыстардан келетіндер болар деп ойладым. Содан ас үйге кірдім. Кірсем бауырсақтары бірі үлкен, бірі кіші, бірі жұқа, бірі қалың. Мынауың не? Біркелкі ғып жасамайсың ба дейм. ОООй бәрібір емес па? деп ол шықты. Қалай бәрібір деп, мен де қоймайм. Ну енді дымына көмектеспей, еще келіп ап, сөйлеген мен де дұрыс емес әрине, сонда да.. Ой өзіміз ғой жейтін, қонақтар келетін емес дейді. Шото мен түсінбей қалдым. Ертең мені шығарып салғанға дайындық деп ойлағанымды қайтейін 😀 Екеуміз сүйтіп дауласып жатсақ, апайым кірді бір кезде ас үйге, «екеулеріңнің таластарыңнан мына жерге не үшін келгенімді ұмытып қалдым» дейді :)) Ойлаған жеріңе қайтып бар, еске түсіресің дейм (^_^). Содан ол бір айналып келді де дәрісін ішіп жатыр :)) Екеуміздің «мына бауырсағың бауырсақ емес», «керемет болсаң өзің неге жасамадың» деген дауымыздан басы айналып қалған ғой 😛 Содан бір кезде айтам «қалай бұл бауырсақ қонаққа арналған емес, осы сендер бірдемені ұмытып қалған жоқсыңдар ма???» – дейм. Үйдегілердің бәрі маған қарайды, не болды дегендей. «ААААУУУ ХАЛАЙЫҚ, МЕН ЕРТЕҢ ҚАЙТАМЫН, ЕРТЕҢ МЕНДЕ САМОЛЕТ»- десем, апайым, «бәәәәле уже ма не?? Мен білем әйтеуір сейсенбі екенін, бірақ келесі аптаның сейсенбісі деп ойлап жүрмін ғой өзімше» дейді. Ой қызық әйтеуір менің жақындарым 🙂

Дәл кетер күні таңертеңнен жапон елшілігіне барып визаға аппликейшн тапсырдық, сіңлім мен оның подругасы екеуі келмекші боп Жапонияға. Одан кейін аптекаға бардым ба, әйтеуір сондай ұсақ-түйек жұмыстарды бітірдім. Үйге келіп заттарымды дәәәу сумкама сала бастадым. Одан бір кезде универге кеткен племянницам кеш келетін боп қалды. Содан қонақтар келсе деп ас үйдегі жұмыстарды да жасай жүріп заттарымды жинай бердім. Ақыры білмим қыздар келгесін бірақ бітірдік салып заттарды. Сүйтіп жүргенде әрине ұмытылған заттар болады 🙂 Бір шетінен артымнан бір күннен соң маған қыдырыстап келетін Анар барын білгесін аса уайымдамадым да. Бірдемелер қалып қойса Анар ап келеді деп ойладым :))

Ақыры шынымен ойлағандай болды 🙂 Ертесінде Нагасакиге жетіп алғасын, «менің ана көк балеткамды жібер, алтын сырғамды жібер, ана бір сырғамды жібер» ^^ тағы да сондай ұсақ-түйектер қалған ғой. Анарды шығарып салатын Эляға, оЧым ұмытқан заттарым №1,№2,№3  деп айтып жатсам, мүмкін саған бірден склероздан дәрі жіберсек қалай дейді 😀 Племянницама айтам, универден келмей  қойған сен кінәлі, тауып апарып бер аэропортқа деп 🙂  Сүйтіп келді біраз заттарым ертесінде Анармен бірге :P.

Оның алдында өз профессорыма «Қазақстанның студенттерін самолет жіберіп алдыртты, сол үшін мені Қазақстаннан шығармауы мүмкін»-деп жазып жібергем. Сүйтсем өзіміздің студенттердің бәріне оны форвард жасап, Жанна ҚЗ-нан шыға алмай жатыр екен деп:))). Содан келдім аман-есен деп мэйл жіберсем. Ооо Жанна «елге оралуыңмен» деп жазып жіберіпті 🙂

жалғасы бар

Posted Сәуір 22, 2011 by 6gradus in Күнделікті

19 responses to “Көптен жазбап едім..

Subscribe to comments with RSS.

  1. Еліңе аман-есен оралуыңмен! 🙂 Қатты сағынып қалған боларсың?
    Сәттілік саған :))

  2. Сәлем Жанна! Күнделікті жақсы жазады екенсің 😉
    Е-күнделікті жазуды сенен үйрену керек сияқты;)

  3. Рахмет Бальзаминка. Саған да сәттілік.

  4. Шыныменде қайтуыңыз одан кейін заттарыңыздың артынан Анармен келгені қызық болыпты :))

    *°•. Erke_ ky3 .•°* =))
  5. Сізбен танысканыма қуаныштымын :))

    *°•. Erke_ ky3 .•°* =))
  6. Шын айтсам, менің үйдегілерім басқа нәрсені уайымдады 😀 Сен әрі қарай докторға барғың кеп еді ғой, енді саған ақша бөлінеді ма екен?? Мынадай экономикалық дағдарыс қой қайткенменде деп. ОчЫм кімге не деген осы ғой 🙂
    ///
    на сөзден өзіңді мықты ұстайтыныңды білетін едім, ешқандай паникаға түспей 😉 жанұяңда жақсы жандар екен, сені түсініп, былай алған бетіңнен қайтпа, егер Ph.D беріп атса жақсы екен.
    Кеше бір сайттан японияға доки қабылдау басталды деп, менің арам ойым андай дачы))) ну типа, бұрын қымбат вуздар, тегін бәрімізді шақырып атр ма цунамиден кейн деп)))) тек бакалавр екен. жылдағы тапсырыс… через посол.

    жақсылықта кездесейік 🙂
    Анардың блогы жоқ па?, қыдыру фото отчетпен қайдан оқуға болады екен? 😉

    • неге тек бакалавр? или басқа бағдарлама ма екен? жазда тапсыратын ішінде, мастерге де болуы керек 🙂
      Анардың блогы жоқ өкінішке орай, мен суреттер ілем Инш.

      • үряяя сурет күтеміз 🙂

        сосын оқырманыңды бұлай ұзаққа тастап кетуге болмайды))) ато ренжіп, көшеге плакат ұстап шығамыз саған қарсы, блогын жиі жаңартпайды деп)))

  7. Сәлем, сәлем:))))
    Гай Ричи, оралуыңмен: Сенің жазбаларыңды қатты оқимЧе))))
    Рахмет)!

  8. Сірә ең бірінші пікірім болу керек осы Жаннаның блогына қалдырған. Ғ.Мүсіреповтың әңгімелері сияқты екен жазғандарың ))).Айтпақшы аман-саулықты ұмытыппын ғой. Сәлем қалайсың, самурайлар мен ниндзялар аман есен шығар. Соңғы кезде БАҚ Фукусима туралы «шар үрлеуді» қойды. Ол АЭС-тің халі нешік?

  9. Janka, katyrdyn myna jazbandy. Otkende chatta jazganda kalai kulsem, kazir de kulgim kep, aren okydym 😀 senin semeikan tura bir amerikandyk kinodagy sekildi, komediya :DD
    Kyzyk, jut’! :))))
    jazwy blog, sagynamyz goi 🙂

    P.S. gmailge kire almai alek boldym, jai izdep pe edin?? )))

  10. Иә,Жанна, «еліңе» аман-есен баруыңмен! Не дегенмен, сабырлығың ұнады маған…қайда жүрсең де аман бол! мәәәәә,сенің орныңда мен болсам… ар жағын ойлағым да келмейді…ужасс мазасыз жандардың жарысы болса,үштіктің біріне ілінер едім 🙂

  11. Қайтарма үнқосу: жалғасы.. « 6 градус әлемді өзгертеді

Leave a reply to 6gradus Жауап беруден бас тарту