Елден қалмау немесе аяқсурет:)))   20 comments

Елден қалмайын деп мен де блогкэмпке бір жазу арнайыншы ештен кеш жақсы деп.

Кеш жазып жатқанымның себебін айта кетейін. Блогкэмптен шыға салысымен үйге қарай зыттым. Ол жақта заттарымды апыл-ғұпыл жинап (әрі кетсе 8 минут :)) вокзалға қарай ұштым. Содан әйтеуір Тальгоға отырғасын ғана уффф дедім.  Әйтеуір кешігуден аман қалдым. Ал Астанадан бүгін келдім. Қыдырып, құрбыларыма қонаққа барып, тағы бір құрбымның мамасы(немесе енесі) жасаған наурыз көжесін ішіп риза боп қайттым. Ааал енді блогкэмпке келер болсам..

Осы жолы презентация жасай алмағаным ұят болды. Асхат Иншаллах келесіде жасаймын:).

Блогкэмп біткесін сондай біртүрлі сезімде қалдым, бір тоймай қалғандай:). Өз басым блогтарын қатты қызыға оқып, бірақ танымаған Асқарбекті және Өркенді көргеніме риза болдым:).  Пысық жігіт Сағын бар :). Олардан бөлек Ұшқын, Розатай, Кербез Айжан тб қыздарды көргеніме қуандым. Бұрын өздерімен де, блогтарымен (сайттары) де таныс болмаған Айбек, Батыр, Саттар,  Салтан жұбайымен, Тимур жұбайымен тағысын тағы.. Сосын инетте 2003-тен бері таныс болсақ та, кездесудің орайы болмаған Аршатты кездестіргенім қызық болды:). Онымен қоса Аршаттың 3*4 версиясымен де:)))).  Тоты мен Бальзаминка бұрыннан қатты-қатты танысқым кеп жүрген құрбылар, бірден жатырқамай сөйлесіп кеттік:)). Еркебұлан мен Талғат екеуі бір төбе:).  Екеуінің мафияға келгендері тамаша болды, жақсы танып қалдық. Одан басқа қарағандылық Дана қызға сәттілік тілегім келеді. Дефектология сондай керек блог!!!

Ақыры өзімнің дайындап келгенім шамалы болғасын, елдің еңбегін бағалау деп екі күн бойы, уақыт қалдырмай презентацияларды тамашаладым. Қазақстан тарихы, Маңғолиядағы блогтар кете береді… Өркеннен танымалдылықты арттыруды үйрендік:). Соның арасында  Кассик Нұржан сосын друпалды насихаттап қоймаған Зафар інішектердің жасаған бірақ мен сияқты біреу аз түсінген техникалық презентациялары да бар:). Негізі ең-ең деп біреуін бөліп айту қиын екен. Өз басым Әлия Құрысжан апайдың презентациясынан авторлық құқыққа қатысты көп нәрседен хабардар боп қалдым. Қуаныш, Өмірбек, Батыр мен Саттардың презентацияларын тыңдай алмағаныма өкіндім.

Блогкэмптың атмосферасы сондай жылы, тартымды болды. Ұйымдастырушы емес 🙂 Үйлестірушілерге мың да бір алғыс. Айкона, Қалдықыз, Зере, Балжан, Балдырған, Айко, Мақпал деген мың болғыр қыздарға рахмет. Патик, Қарасақал,Қисық, Жалғас сұмдық жақсы жиналған топ екен:).

Ертесінде Астанаға бара салып, блог дегеннен хабары аз болса да құрбыларыма қызығын айтып тауыса алмадым ғой:))). 5 күндік сапарымның ішінде негізі өзі сары бірақ аты Қарақыз деген қызбен кездесіп, оған да  талай әңгіме-қызық  айтып тастадым:))).

Алғашқы блогкэмптен есте қалатын сәттер өте көп әрине. Дәмді наурыз көжеее:). Сосын қызықты моменттер әрине. Нервыны ауыртып кеткен Юсаидтіктерге ренжіп отырған Зереге Өркеннің «Сатыбалдының фразасын айтпаймысың, айтуға ұялсаңдар, плакатқа жазып-ап көрсетіңдер» дегенде, күлем деп ішіп отырған шайыма қақала жаздадым:)))). Одан басқа Әбіләкімнің аузынан шыққан әр сөзіне күле беріп, ақырында қыздардан біреуі «тойымда тамада боласың телефоныңды қалдыршы» деп жатқаны:).

Сосын есте қалған бір момент: құрт жеп, наурыз көже ішуге, Тоты, Зере, Балжан және мен жинала қалыптық. Осы жиналған 4-ке Тоты бір қарап шығып « наймандар бөлек фотоға түсейік аа» деп бір күлдірді:))). Сол 4-міз суретке түстік қой дейм иә?? Шото сол жері есімде қалмапты. Егер біреуде болса жіберіңдерші ааа:) Сурет сұраудан жалықпайм мен:))))))).

Позитифф жақтары ұшан теңіз, ал жетіспеген тұстарына келсем. Дәлдік жағы болды. Презентация басталар уақытта адамдар кешігіп жүргені көп болды. Асықпай жететін қазекем болсақ та, осы жағын келесіде реттестірсек екен.

Сосын ең  ұнамаған тұсы-ТЕЛЕФОНМЕН СӨЙЛЕСУ, жалпы қалтафонды қолдану МӘДЕНИЕТІ, турасын айтсам сол мәдениеттің мүлдем жоқтығы. Презентация деген жүріп жатыр, ал бізде ана жерден бір, мына жерден бір, зың-зың бітпейтін. Кімге қалай, өз басым Жапониядан соң осы жерінде шок болдым. Жапондарда ондай жиын тұрмақ, метро, автобустарда сөйлесетін адамды өте-мөте сирек кездестіресің.  Ал мында презентация жасап жатқан адамның ойын мың бөліп, қайта-қайта шырылдаған қоңыраулар. Жапондар сияқты мүлдем өшіріп таста демеймін бірақ ең құрығанда даусын өшіріп, вибрацияға қойып, (үстелге емес) қалтаға салып қойса болады ғой. Біреу қоңырау шалды ма, ақырын сыртқа шық та сөйлесіп кел, есікті жауып тастап, шықпайсыңдар деген ешкімге қамау болмады ғой. Осы жерін жөндесек ағайын, бір-бірімізге деген сыйластық одан әрі арта түсер еді деймін.

Ал аяқ жағын позитиффпен бітірейін:).

тақырыпта жазғандай аяқсурет:). Балдырғанның аяқөнері сияқты емес, кәдімгі аяқтардың суреті:))) Кімнің аяқтары???:)

20 responses to “Елден қалмау немесе аяқсурет:)))

Subscribe to comments with RSS.

  1. прикол жазба 🙂

    сұр етік – Қалдықыз, қоңыр етік – Айко (Монти), танымадым, Жанна, АК, танымадым 🙂

  2. Жақсы жазба екен, Жапонияға қалай жетеміз деп жүр едік, өзіннің блог құрылтайға келгенің қандай жақсы болған)))) Сенімен танысқанымызға өте қуаныштымыз, телефон мен пунктуальность жөніндегі ескертуің өте орынды, бұйырса Астаналық құрылтайда ескеруге тырысамыз)))

  3. «Ертесінде Астанаға бара салып, блог дегеннен хабары аз болса да құрбыларыма қызығын айтып тауыса алмадым ғой» Менің әжептәуір хабарым бар еді деп бұртиып отырған десе)))

    Экспресс кездесуімізге ризамын (пәлен күн бұрын жоспарлап емес дегенім ғой), саған блогкемптің әңгімелерін айтқызып қойып, блогыңды оқып отырғандай, көп үндемей тыңдай бердім ау деймін:)))

    • жо, бұл жерде сен туралы емес болатын:). Мәссаған сенмен кездесуді қосып қояйын жазуға;) мә шото көп сөйлемелің. Мен де бір көп сөйлеп:))) Арасында болад ондай менде, жақын тартқан адамдар арасында деп қояйын;)

  4. идея афтыры кім еді
    бір төбеде болайық деген мағынада ма;)

  5. Тамаша.

  6. аяқтарды айтпаймын… Өзіңді айтамын. Жапониядан арнайы келгенің жақсы болды

  7. Өзім алғаш боп сөз бастамасам да, өзің алғаш боп қадам бастап, әйтеуір танысып қалдық. Қуаныштымын! Бұрын атын естіп бір кіргенім бар ед осында, енді жиі кеп тұратын болармын, бұйырса!

  8. Сурет демекші, мен де сурет сұраймын өзіңнен 🙂

  9. оң жақта қара колеш киген сенің аяғың,одан кеингі кулгіні балзамика шығар,одан кеиінгі қоңыр етік Тоты болу керек ал суры етік Қалдықыз шығар! сонғысы салтанат болу керек

  10. Наймандардың суреті сөйтіп жоқ болды ғой деймін. :)) Вирус жеді.

  11. Негізі мен «жерлестер түсейік» деп, анадайда отырған Өркенді шақырғанмын, «наймандарды қара,жинала қалған» деп бастаған сол ғой… «Төрттікті» түсіруін түсірген… өкінішке орай, Өркен Таразда жүргенде фотоаппаратына «вирус» кіріп,өшіп қапты-мыс…

  12. Ұялы телефон жайлы айтқаныңыз дұрыс екен. Жалпы кездесу тамаша болған сияқты.

  13. Zhanna, kalaisyn? Nestep jursin?

  14. мен де нестеватсың деп сұрайын деп келгем

Leave a reply to imanigul Жауап беруден бас тарту