Кешелі бері Кюшю аралындағы бір жанартау тіріліп жарылып жатыр. Бізден оңтүстік жақта, Миязадзаки мен Кагошима префектураларының аралығында орналасқан Киришима тауы.
Жан-жаққа тас атқылап, оынмен қоса жаңартау күлі шашылып. Тек қана ол емес, жер сілкініп, жақын жерлер сұмдық боп жатыр. Бүгін 15.40та қатты атқылау болып, онымен қоса жер сілкініп, ол Нагасакиде де сезілген екен. Мен онысын сезбей қалдым енді:).Бұл жарылыс 52 жылдан бері екен.
Неше түрлі жаңалықтар, сайттар мен блогтардан жинаған суреттермен бөлісейін.
жанартаудың жарылысынан ауылшаруашылығына көп зиян келді. Елдердің өсіріп жатқан өнімдері құртылды, бүгін шай өсіруші бір фермерді көрсетті, енді шынымен жалко бүкіл еңбегі зая кетті. Петрушка, шавель сияқты өсімдіктер өсіріп жатқан фермердердің жерлерін көрсетті, түгелін күл басқан. Жақын жердегі қалашықтардың көшелері жанартау күліне толы, үйдің төбелері тб.
Күлден дым көрінбейді. Сол үшін жақын маңдағы тез жылдамдықпен жүретін трассаларды жауып тастады. Көшеде маска киіп жүрген оқушылар. Негізі бұл күлдің денсаулыққа зияны жоқ, маскамен жүрсе ештеме де болмайды, бірақ астматиктерге қиын әрине.
жанартау атқылаған кезде жанартау найзағайы пайда болады екен, күндіз де көрінеді екен, бүгін бір арнаның жаңалықтар бригадасы түсіргенін көрсетті. Ал мынау біреудің блогынан алған сурет енді
тағы бір суреті
men urlykka shykkanda ai jaryk bopty degendei, men Yaponiyaga barain dep edim, janartaulary da atkylai bastapty..
kiyn jagdai..
Бір 100-ге келіп қалған қарияға көршісі келіп ата соғыс басталды десе, ата саспай»еее өзіміздің екі үш үй аман болсын»-деп насыбайын бір атып қойып, отыра беріпті. Айтқандай, Алтыградус өзің аман болшы. ))
мына күл точно зиян емеспе?
рахмет Балжан:)
тыныс алу жолдарына көп тұрып қалуы мүмкін, сол үшін қауіпті ал былай зиянды емес, қайта косметикаға пайдаланады, бет жуатын сабынларға көбіне
Соңғы екі суретті көре алмай отырмын. Дегенмен өте қауіпті құбылыс қой. Фу, қорқам..
Өзің амансың ғой, әйтеуір, Жанна?!
shukirshilik:)
иісі бола ма екен?!
әлгі бейнесіп болғандарға өкімет компенсация секілді бірдеме беретін болар
адамдар әлі мектеп, клубтарда түнеп жатыр. Енді бастау керек сол экономикалық көмек туралы
Бұл енді жапондар үшін үйреншікті құбылыстардың қатарында шығар, жер сілкінісі, вулкан атқылау деген…. әй жаны сірі халық қой не де болса
Қиын жағдай екен? а?!!!
күлдің иісіне деген қызығушылығыма жауап ала алмадым
болады ғой әрине күкірт тату керек
Ол жақта жағдай ушығып тұр екен ғой?!
жер сілкінісінен қорқам. әсіресе, түнде сілкінгенде, не далаға шығарыңда, не орныңда қаларыңды білмей қаласың екен. біртүрлі. апаттың алапат күшін сезінесің
Жанна, айтпақшы, блогыңды блогтар байқауына ұсынбадың ғой. көп талқыланатын немесе жиі жаңаланатын деген номинациялар бойынша сәйкес келетін сияқты. сілтемесін де беріп кетейін
http://www.kerekinfo.kz/blog/blogcampkz/466.html