Жаңа жылдағы марафон   7 comments

Жыл сайын Жапонияда 2-3 қаңтарда эстафета-марафон өтеді. Енді бар ғой супер-мупер популар. Тіпті сол кездегі теледидар қараушылардан 25% -30% қарайды екен. Мен бұл жарысқа былтырдан бастап қызығып қалдым. Бұрындары ааа марафон деген сезіммен арналарды әрі-бері айналдырып отырғанда жәй ғана көз салушы едім. Бір жаңалықтарда жеңілген топ туралы көрсеткен еді. Былтыр ғой жарыс біткесін бір бала жамаан жылап еді, сондағысы аяғы тартылып қалды ма бірдеме боп қалды да дұрыс жүгіре алмай, сол үшін тобы алғаш 3-тікке іліне алмай қалған еді, бұл жарыста бір өзің емес, бүкіл топқа байланысты, жеңсең бүкіл топтың жеңгені, онша жүгірмесең бүкіл топтың артта қалғаны, ол қай универдің әңгімесі екені есімде жоқ, бірақ әйтеуір осы марафон үшін бір жыл бойғы дайындықтарын баяндаған еді. Әрбір жеңістің, не жеңілгенненнің артында қаншама еңбек, тер төккен адамдардың тұрғандығын көрсеткен, сол бағдарламадан кейін осы жарысқа қызығушылығым артты.

Негізі бұл марафон аты Хаконэ екиден. Бұл марафонға алдын- ала таңдаудан өткен 20 университеттің студенттері қатысады, тек ер балалар арасындағы жарыс. Бүкіл қашықтық 216 км, оны екі күнге бөлген, Токиодан Хаконэге, сосын қайтадан Токиоға қайтады, барлық жолды 10 этапқа бөліп, әрқайсына бір студент жүгіреді. Сонда барлығы 20 топтан 10 студенттен 200 бала қатысады.

Бұл жарыстың тарихы да терең, осымен 87 рет өтіп жатыр. Ең алғаш рет 1915ж өткізіліп, тек соғыс кезінде болмаған екен. Негізі екиден деген станция мен станция арасындағы телеграф деген мағына береді. Кезінде пошта қызметкерлері 10-15 км жүгіріп келіп, келесі пошташыға қолындағы сумканы лақтыртатын болған, ал келесісі оны ауада қағып ап, әрі қарай тасу үшін жүгіретін болған. Ал қазіргі екиденде ол пошта сумкасының орнына әр универдің аты және белгісі бар лента ауыстырған.

Сосын бір ұнайтыны осы марафонның жүргізілуіне қатысатын жәй адамдарды да таныстырып өтеді. Барлығы болмаса да енді кейбір адамдарды. Барлығы дем алып жатқан кезде осы марафон үшін деп еңбек етіп жүрген адамдар. Мысалға спортшыларды мотоциклмен эскорт жасайтын полиция қызметкерлерін таныстырды. Сосын спортшылар жүгіріп өтетін кезде пойыздарды да тоқтатады. Соны қадағалайтын теміржол қызметкерлерінің еңбегін де атап өтіп,  сол жерде жүрген бір-екеуін атын атап таныстырды. Жарыстың масштабы деген сұмдық, машиналарды да тоқтатып, пойыздарды да тоқтатып, тіпті тік ұшақпен де түсіреді атлеттердің жүгіргендерін.

Осы марафоннан жеңу әрине керемет, бірақ қатысқанның өзі деген престиж. Тіпті универдің рейтингіне де әсер етеді екен. Ресми рейтинг емес, абитуриенттер арасындағы түскісі келетін универлер рейтингі. Былтыр 3-орын алған Яманашигакуин университетіне түскісі келетін абитуриенттер саны бұрынғыдан көп болған екен, бір жаңалықтарда ректорынан интервью алған кезде, Хаконэ екиденнің арқасында университеттің танымалдығы артты деп жатқан.

Биылғы жарыс та әртүрлі драмаларға толы болды. Былтыр мысалы былтыр 3-орын алған Яманашикагуин биыл тек 13 орында қалды. Есесіне бұрын тіпті атын естімеген универлер қатысты биыл.

Бүгін таңертең күн 0 градус, кеше Хаконэ тауында қар жауған екен, оны тазалап шыққан екен жарыстан бұрын, бірақ кей жеріне мұз  қалған ба екен, аяғы тайып құлады бір балада. Жылда сондай бірдеме болады, былтыр вааще бір айналып құлап еді бір бала, бірақ әйтеуіп дзюдо үйренген бала, дұрыс құлап еш жарақат алмады.


Биылғы бірінші орынды алдында суреттерін ілген Васэда университеті алды. 18 жыл өткізіп жеткен бірінші орын болды.

Васэда тобы дәстүрлі бордовый түсті киімдерімен, мынау ең алғашқы кезеңді жүгіріп біткен студент келесіге лентаны тапсыруда.

Қазіргі тренерлері 1993 жылы бірінші орын алған топтың ішінде болған, тренер болып орналасқалы 7 жыл болған екен, содан бері бастан бәрі өтті, бірақ жеңіске жете алмай жүрген. Былтырдан бері дайындықты күшейтіп, тренер қоса жүгіріп 80 кг болған салмағынан 13 кг тастаған екен:). Жалпы тренерге көп байланысты ғой, биыл 7- боп келген Takushoku универі бұрын бұл жарысқа аса қатысып жүрген де универ емес, былтырдан бері жаңа тренер келіп, жаңа дайындық, жаңа тактика енгізіп осы жылы осы  жетістікке жеткен, әйтпесе тіпті атын да естімеген универ болды. Одан басқа дәл финишке жақындағанда жолдан шатасып кеткен де бала болды. 8-болып келе жатқан бала қайта алғашқы 10-дыққа ілінді. Себебі алғашқы 10-дыққа енген топ, келесі жылғы экиденге қатысатын құқықты автоматты түрде жеңіп алады.

Васэданың қуанышы, тренерлерін аспанға лақтырып жатыр.

Ал 22 секундпен ғана, екінші орында қалған Тоё университеті дәл осы моментте түнеріп тұрған барлығы. Себебі олар екі жыл қатарынан бірінші орын алып, осы жылы 3 жеңіске ұмтылған топ еді. Алғашынан Васэда бірінші орында келе жатқанда, 5- этапта Тоё университетінің студенті тауға өрмелеген кезде Васеданы басып озып кеше бірінші боп бітіріп мини кубок алған еді . Бірақ бүгін таудан түскен кезде Васэда қайта озып кетіп, одан кейін жеткізбей кетті.

Жарыс біткесін ласт раннер деп биылғы қатысушылар арасынан 4-курс студенттерінен интервью алды. Соңғы жарыс болды, бұдан кейін жұмысқа кіремін, осы бір күнді өмірі ұмытпаспын деп сөз сөйлеген жігіттер. Сосын басқа қызық фактілер,мысалы Тоё университетінің ішінде егіздер бар бір топ ішінде. Одан басқа екі бөлек универ атынан қатысқа ағалы-інілердің аналарынан интервью алды. Кішкене кезінен інісі алға озып отырған екен, бірақ осы жолы ағасына жете алмай қалды. Қызық негізі, қазіргі қатысушылар ішінде әртүрлі универлер атынан қатысып жатқан кластастар көп екен. Шамасы спортқа жақын жігіттер жиналған класс болған шығар.

Кешкісін енді жаңалықтарда тағы шулайтын шығар.

Теледидардан тамашалаған миллиондаған адам, университеттерінің қызылды-жасылды жалаушаларын көтеріп көшеге шыққан студенттер бар, сосын атлеттерге жәй жанкүйер болу үшін көшеге шыққан мыңдаған адамдар бар, жолай бос жер жоқ десе болады, бүкіл жол бойы студенттерді қолпаштаған халық, атмосферасы мықты жарыс болды биыл да.

7 responses to “Жаңа жылдағы марафон

Subscribe to comments with RSS.

  1. bliiiin, kuwti kuwti goi mynAU DEGEn!
    Bizdin kakagan suykta jugiru tugil, mawinamen seruendeu azap :)))

  2. Vasedanyn algany jaksy bolgan eken,kutty bolsyn 🙂
    oryn ala almai kalgandardyn jylagany wynymen de jaman eken 😦 kanwa degenimen de jigitter goi …
    Zero newste wulady goi :)))

  3. бут универлер катысады ма? алде бир каланын универлери гана катысады ма? сосын кандайда бир орны барма? ягни. кала аралык сиякты туракты марофон сиякты екен.

    ПС: бизде де кала акими уйымдастыратын вело/жарс унайды маган 🙂 жалгасын тауып ар субб. болып турса ширкин … 😉 және тек Аль-Фараби аркылы белгили орны болганыда кандай жакс 🙂

    • Жапонияныі бүкіл универлері қатыса алады. Тек алдын-ала жарыстан іріктеу жарыстан өткендер ғана осы жиырма топтың ішіне кіреді. Бірден 20 км жүгіру қиын ғой қайткенмен, ішінде халықаралық универсиадаларға қатысатындар да бар.

  4. бұдан салауатты өмір салтын дәріптеуді, ұжымдық психологияны қалыптастыруда, яғни идеологияны дұрыс жолға қойған мемлекет екенін байқауға болады деп ойлаймын. Біздің Қазақстанда ештеңеге сенбейді, ештеңеге қызықпайды, өзін және өзінің қарнын ғана ойлайды. Бұл өкінішті. ((

    • иә өте жақсы байқаған екенсің. Ұжымдық психология өте маңызды. Бірге қуанып бірге жылап жатқан балалар. Бәрі шын көңілден, көрген көрермен ретінде де риза болып қарайсың. Сосын талаптану, еңбек етуді дәріптейді. Себебі бұлардың жаздық дайындықтарынан үзінділерін де көрсетеді әртүрлі жаңалықтарда, кішкене балаларға да жақсы үлгі.
      Сосын көрермендер арасынан не болмаса сол журналисттердің сөздерін тыңдасаң, осындай мерекені сыйлаған спортшы жастарға рахмет, еңбектері жана берсін дейміз. Бүгінгі жеңісімен үміт сыйлады, шынымен риза болдым деп жатады. Осы жерден жапондықтардың бір ерекшелігі, басқаның жақсылығына қуана алады. Әйтпесе былай қарасаң ол бала жеңді, басқа адамға қатысы да жоқ қой. Бірақ бірге қуанып позитифф алу деген сияқты, негізі қарастырсаң мәні көп енді:)

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: