Кагошима қаласы   4 comments

Сол баяғы суреттер сериясынан..

Баяғыда Кагошима қаласында түсірген суреттеріммен бөлісейін. Кагошима қаласы дегенмен жәй өзім тұрған аудан десе болады.

Кагошима қаласы Кюшю аралының ең оңтүстігінде орналасқан қала.

Осыған дейін Фукуокада, Кагошимада тұрып келдім, енді осы жолы Нагасакиде, картада тұрған 3 қаламды белгілеп қойдым:). Сол үшін де мен өзімді Kyushu girl деп атаймын:))). Айналып Кюшюден шықпай қойдым хаха. Хотя осы жолы Кюшюге емес, Иокохамаға жаққа барғым келген еді, бұйырғаны осы Нагасаки болды:).

Қазір уже Нагасакиге үйреніп те кеттім, бірақ ең үлкен махаббатым бәрібір Фукуока:)))). Қайткенмен де мегаполис қала, іздегеніңді табу оңай дегендей. Әлемнің тұруға лайықты қалаларының үздік 20-на да кіретін қала ғой. Алғаш Жапонияға келгенде тұрған қала болғасын да Фукуока маған ерекше шығар кім білсін..

Ал Кагошимада теңізге жақын тұрғанбыз, біраз жаяу жүргенде теңіз жағасына жетіп, Сакураджиманы көруге болатын. Бұл тірі жанартау. Үстінен әрқашан түтін шығып тұрады аз-аздап, сосын арасында атқылап халықты шошытатыны бар:).

Теңіз жағасы

Қазір ойлап қарасам жап-жақсы ауданда тұрған екенбіз:).

Тіпті мәдениет паркі де болған екен жанымызда хаха. Парктегі жазуға вааще мән бермеппін, жаңа ғана көзім түсіп отыр:))).

15 минуттай жердегі парк еді. Бұдан басқа дәл үйдің қасында бір парк болған, аршалар өңкей. Бірақ ол паркте мындай су бұрқақтары болмаған. Әр жағында теңіз көрінеді, керемет әдемі көріністі парк.

Cосын Кагошимада менде мынадай сүйкімді велик болған.

Қатты жақсы көретін едім осы великті, бірақ бір ретте ішіндегі камерасын жарып одан кейін таки жөндемедім.Осы жолы да осындай кішкене велик алғым келген еді,бірақ екі есе қымбат екен, сол үшін арзанын алдым, жоқтан гөрі жоғары деп:).

Тек қана великпен жүретінбіз Кагошимада, автобусқа 2-3 рет қана отырғам, трамвайға қызық болсын деп отырғанымыз бар. Бір ретте айтпақшы машина қаққан мені великпен келе жатқанда:). Бұл емес басқа велик ол кезде. Ол машина ақырын келе жатқасын жәй ғана қақты мені.  Өзім кінәлі, кішкене бір көшенің бағдаршамын қызылға өткенмін. Сүйткен кезде бір машина шыға келмесі барма. Қаққан кісі, қалайсыз? емханаға барайық деп, ну по идее қатты қақпады ғой, ауырған еш жерім болмады, тек біраз шок:)). Бір санымды көгертіп, тынғам:).

сосын жақын жерде стадион болды.

ал мына көрініс ең керемет, ар жағында Сакураджима (басса үлкейеді)

4 responses to “Кагошима қаласы

Subscribe to comments with RSS.

  1. Жапонияға құмартып қойдың ғой 🙂

  2. велигіңе қызығып отырмын.

  3. Жапон жазуларының қытай иероглифтеріне ұқсап қалатын жерлері көп, бірақ, басқаша оқылады ғой деймін иә? Көп жағдайда сол екеуі екі басқа дыбысталып, оқылғанмен бір мағына беріп тұрады.

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: