жүзігім келді!!!! :))))   12 comments

сәлем қалайсыңдар?

Өткенде қыздарға гугл баззда түсімде алтын жүзік сатып алып жүргенім туралы жазып біраз любопытная қылған едім:)))

Негізі шынымен алтын жүзік сатып алғам, турасын айтқанда тапсырыс бергем инетте:). Соны ойлағасын түсімде де алтын жүзік деп түс көргем ғой хаха. Оным бүгін таңертең жетті.

Дәл қазір крисмас деп неше түрлі кампаниялар жүріп жатыр, дәл осы жүзікке 50%  жеңілдік болғасын ала салдым. Сонымен алған жүзігім мынау, тастары: цитрин, гранат, аметист. топаз, перидот

баяғыдан инеттен жүзікке тапсырыс бергім кеп жүрген негізі, бірақ та өлшемін білмейсің, содан өткенде сырға сатып алған кезде мынадай затқа қоса тапсырыс бергем:).

Саусақтың мөлшерін білуге арналған нәрсе:)))

алған жүзік үлкен боп қалды, кішкене боп қалды деп қайта тапсыра алмайсың ғой, бағасы арзан нәрсе емес, қайта өткізуге де болад негізі біраз оның шаруасы көп, даже олай өткізуге мүмкіндік бола тұрса да, қайта жіберу үшін тағы да ақша ғой.. ал мынадай нәрсе болса керемет екен:)).

12 responses to “жүзігім келді!!!! :))))

Subscribe to comments with RSS.

  1. қуттықтаймын игілігіңе жарат!

  2. ана саусақтың мөлшерін анықтайтын жақсы зат екен.

  3. тап сондай өлшеуішті өткен жолы сақинаның размерін кішірейтуге зергерге барғанымда саусақтарымды өлшеп көр деп берген 🙂 менің саусағым 12 нөмірлі болып шықты

    • mama, janka ne degen kiwkentai sausagyn! 4e to nerealno. menin kapec aryk bir tanys kyz bar, ayagy da kip kiwkene, daje mamam menin, kip kiwkentai bolsa da sausagnyn ra\zmeri 15 ili 15.5, mende 16, otkende 17 edi, sinlimde toje 15! seniki 12 degen magan wok bop tur! :O

      • иә менде таң боп отырмын. Менде де ҚЗдағы стандарт бойынша 16-16,5 тағамын. Бірақ ана зергердікі жаңа стандарт шығар. Себебі мен мына алған өлшеуіш бойынша да менің саусағым 12 номерлі болды.

  4. Құтты болсын! Қыздың көзі қызылда деген осы ғой. Қуанышың ұзағынан болсын! 🙂

  5. Сақинаң ұнады, жазда тағар едім түрлі-түсті қылып 😉

  6. Жылтырауықтарың құтты болсын. Әшекей бұйымдар маған да қатты ұнайды.

    • ой айтпа, бұрын деген сұмдық алатынмын бижутерияны. Осында келерде қаншасын елге үлестірдім де.. Осында келгелі алмаймын деп шештім:)). Тек арасында ғана, ақша болғанда алтын ғана алам деп:)))

  7. Жүзігіңіз шынында әдемі екен. Бұйырса, маған да қарай салыңыз))) Бір кісілерге сый жасайын)))

  8. Құтты болсын! Расымен әдемі екен!

Пікір қалдыру