Негізі бұл оқиғалар менің емес басқа бір қазақ баланың бастан кешкендері. Ол енді жұмыспен келген жігіт. Жапонша дым білмей келген ғой, тек осында кеп үйрене бастаған, әзір де жапоншасы онша емес, соған бола центр прикола болып тұрады ара тұра:). Өткенде біраз күлдірген еді мені:). Соны сіздергі бірінші жақтан айтып берейін.
Өткенде түскі ас уақыты, жұмыстастарым бір нәрсені қызу талқылап жатты, мен қастарына барып отырдым. Бәрін өзіне қаратып отырған жасы біразға кеп қалған бір жұмыстасым, не айтып жатқандарын тыңдап отырған мен жоқ, тамағымды ішіп, өз ойларыммен отырмын…Содан түскі астың аяғына қарай бір бастығым айтад, жаңағы жұмыстасымды көрсетіп, айтпақшы жаңа ガール gaaru (қыз, девушка) сатып алды ғой деп, мен түсінбей gaaru (қыз) ба?? деп сұрадым, ал ана жұмыстасым болса ия ия деп басын изеді. Ол кісі өзі жасы біразға кеп қалған кісі, бала-шағасы да бар, ну білмим басымнан ол нәрсені ойлап үлгердім ба жоқ па, бірақ та, «жасы қаншада» деп сұрадым. Жұмыстасым сұрағымды ұқпағандай. Неее?? дегендей біраз бетіме қарап отырды да, ガール gaaru (қыз) емес カール kaar (машина) деп еді, елдің бәрі қыран топан болды:)))).
Қайдан білейін басыма келген информацияны талдап үлгермедім:). Сүйтіп «gaaru емес, қыздар сатылмайды» деп ол кісі біраз бұлқан-талқан болды, ал елдің бәрі маған біраз күлді. Осы жапондардың акценттері енді ужыс, ағылшынша каа мен гаару деп ана кісінің сөйлегені енді, вааще түсініксіз болды, қайдан білейін:).
Сосын тағы бір күні әлгі жігітпен сөйлесіп отырсақ айтады, келгелі жедел жәрдемде де, полицияда да болып көрдім дейді. Мен айтам келгенің бір жыл ішінде талай нәрсе бастан кешіпсің ғой деп:))). Қайдан жедел жәрдем мен полицияға барып жүрсің десем оқиғасы бірінен-бірі асқан күлкілі:)))). чаттағы әңгімені сол күйінде жаздым, тек енді қазақшасын біраз жөндегенім болмаса
Арман: Жапонияға келгеніме жаңадан 1-2 ай болған кез, түнде ұйқтап жатқанда көзіме бірдеме түсіп кетті. Содан көзімді ауыртқасын сумен жуып көрдім, қанша жусам да кетпей қойды. Көзімді жұмсам ауырады, ал ашсам ештеме жоқтай. Содан әрі-бері дөңбекшіп таңға дейін шыдауға келмейтін шығар деп ойладым, тағы серьезный бірдеме боп қалса да, қой деп жедел жәрдемге тел соғайын деп ойладым, бірақ ол кезде әлі мобайлым жоқ.
Жанна: содан??
Арман: Содан сол үшін түнгі 3-те сыртқа шықтым. Тел автоматына бардым. Жағдайды осылай-осылай деп бірдеме ғып түсіндірдім. Олар: «олай болса сізді емханаға алып кете аламыз, мекенжайыңызды айтыңыз». Мен болсам»білмейм» дейм :).
Жанна: уахахахахахахахахаха…… содан??..
Арман: Олар айтты, «біз қазір сіздің тұрған жеріңізді көріп тұрмыз, сол жерде күтіңіз, қазір барып алып кетеміз»- деді Алхамдулиллах.
Жаннна: мәссаған!!!
Арман: Содан келді де, мені ап кетті.
Жанна: мәәәә дамыған Жапония 🙂
Арман: Мен де солай ойладым:)).
Жанна: мм ондай нәрсе, әсіресе қылмыс болғанда жақсы ғой..
Арман: Таксофонды қойш егер мобайлдан қайда екеніңді білетін болса, сонда супер ғой:))).
Жанна: А айтпақшы, көзіңе не бопты сонда?
Арман: А көзім бе аман:). Жас қыз дәрігер екен, көзіме бірдемені тамызды да, әрі қарап, бері қарап бірдемені алып шықты. Кіп-кішкене бірдеме, білмим даже не болғанын.. солааай.
Жанна: бопты аман болса болғаны, еее айтпақшы полиция шы???Оған қалай барып жүрсің? не бүлдіріп жүрсің:)))).
Арман: Вообщем бір рет түнде жатар алдында, серуенге шықтым.
Жанна: аха :)))))))))))))))))))))))))
Арман: Сүйтіп мені біреу мопедпен қағып кетті.
Жанна: !!
Арман: Жо, маған ештеме болмады, тек бір саусағымды ғана сырып кетті. Қақты да өзі біраз алға кетті.
Жанна: Түнде серуендегіш пысық:)))). Сол керек саған:)))))))).
Арман: Анау мені қақты да алға жылжып барып тоқтады, енді келіп «қалайсыз» деп айтад, не болмаса «көзіңе қарап жүрмейсің бе» деп ұрсыса кететін біреу ма екен? не дер екен деп күтіп тұрмын іштей, ал анау болса, сол тоқтаған күйі, тұұұр мыңқиып. Содан бір кезде сылқ етіп жерге бірақ құлады. Жерде жатыр сол беті…Көзі ашық жатыр!!
Жанна: мәссаған!! сосын?
Арман: Ол мені қаққан кезде біраз итерген едім, сүйткенде бір жеріне қатты тиіп кетіп енді құлап, өліп қалды ма деп қорықтым. Құдай сақтасын деп зәрем кетті. Мен бірден мобайлды ап звондай бастадым. Білмим қай номерді алғаным. Айпақшы ол жерде екі адам бар еді бәрін көріп тұрған.. Әйтеуір, звондап Амбуланс, хэлс деп айттым.
Жанна: уахаха сүйтсе қайда соғыпсың?
Арман: білмим, бірақ көтерген қыз басында аа?? не??? деп ұқпай қалды. Ал мен болсам, Амбуланс Хэлс деп айқайлайм.
Жанна. неге хелп емес? неге хэлс?
Арман: Хелп болса, полиция да болуы мүмкін, өрт сөндіру де болу мүмкін, Хэлс жедел жәрдемге қатысы бар ғой:).
Жанна: Содан не болд? келді ме жедел жәрдем?
Арман: Мен амбуланс, амбуланс дегеніме , ана қыздың өзі де қорқып кетті, даусы біртүрлі боп. Хэлс болса One One Nine 119 деп айтты ол қыз. Сүйтіп білмим қай қызмет екені ол қыздың да зәресін шығардым:)))). Содан ақыры жедел жәрдемге звондап шақырдым.
Жанна: Сосын не болды? келді ме?
Арман: Сүйткен кезде өрт сөндірушілер келді неге екені**. Артынан жедел жәрдем жетті. Оның артынша полиция да жетіп келді. Ана мопедпен жүрген ішіп алған біреу екен. Оның артынан тағы бір спец. форма киген біреулер келді, полициядан бөлек.
Жанна: Бәрін тік тұрғызыпсың ғой:)))).
Арман: Полициядағылар анаған айқайлап, қабырғаға тақап қойып бірдемелер айтып, тықыртып ұрсып жатты. Артынша бәрі сабасына түсті. Куәгерлерден болған жағдайды сұрап, менен болған оқиғаны сұрап, үйге түнгі 2 жарымда бірақ келген шығармын. Ал протоколды келесі демалыс күні рәсімдеді.
Жанна: Мдааааа. Жедел жәрдемде, де полицияда болып көрмеппін Құдайға шүкір.
Арман: айтпа шүкір:). А, айтпақшы. жедел жәрдем келген кезде, маған біреусі жақындап келіп, «сіз алдында жедел жәрдем шақырмап па едіңіз» деп сұрайды. Иә шақырғам десем. Соның ішінде мен болғам дейді:).
Жанна: Тыныш жүрмей өмірі бірдемеге ұрынып жүретін, біртүрлі гайджин (шетелдік) деп ойлған шығар:))))). Онымен қоймай жедел жәрдем шақырып ап, мекенжайын білмейтін біреу деп:)))))).
Арман: Енді алғаш келген кезде болды ғой ондай :D. Сосын тағы бір рет полицияға қатысты
Жанна: Тағы да??? ужыс:)))). Осы сенің-ақ полицияға бағың бар екен :))))) ия??? сонмен тағы не болды??
Арман: Бір ретте бір қазақ бала бар қасымда, екеуміз келе жатқанбыз. Ол өзінің сатып алған велигін әңгіме ғып келе жатқан. Досымнан сатып алдым деді. Мен айтам, қай досыңнан сатып алсаң да, оны тіркеуден өткізуің керек деп. Ол заңды білмид екен, маған түсіндір деп.
Жанна: Қандай заң?
Арман: Заң бойынша великке де машинаға сияқты құжаттарды өз атыңа тіркеуің керек. Әйтпесе бір полиция сені тоқтатып, тексергенде сенің атың мен великтің тіркелген адамы сәйкес келмесе, қайдан алдың? кімнен алдың деп проблема болады деп айтып келе жаттым. Түн іші болатын. Екеуміз ананы айтып мынаны айтып келе жатырмыз. Кішкене көпір маңына келгенде полиция бізді тоқтатып, ана великтің иесі кім деп сұрады? Дәл сол кезде менің ID (шетелдіктің куәлігі) де жанымда болмаған, вообщем не дейін, екеумізді полиция учаскесіне ап кетті.
Жанна : НАКАРКАЛ:)))))))))))))))))))))))))))
Арман: Жо, бәрі де Алланың қалауы ғой:). Менің құжатым болмағасын, учаскеден үйіме ап келді екі полиция қызметкері:)). Үйім деген былығып жатқан. Мен айтам кірмей ақ қойсаңыздар, былығып жатыр үй іші дейм, қазір алып шығамын десем. Жоооқ болмайды дейді. Тағы бірдемкелерді айтты жапонша мен ұқпайтын. Бар ұққаным бір өзім кіруге болмайд екен, сосын пистолет деген нәрсені ұқтым:))).
Жанна : уахахахаа. Пистолет ап шығып атып тастауың мүмкін дей ма:))))). содан?
Арман: Содан сол менің есікті ашып жатқанымды, үйген кіргенімді де суретке түсірді. Ну енді мен сол пәтердің иесі дегенді куәлік ретінде шығар:)))). Содан кейін құжаттарымды алып, учаскеге қайта барып, протокол жазылды. Содан біткесін мен айтам, «қайтадан апарыңдар енді мені үйге» деп:).
Жанна: Дұрыс:))))))) ал велик не болды?
Арман: А велик бірталай әңгіме болды айтпақшы. Ана досым басқа қазақ баладан сатып алса, ол қазақ бала бір көшеде біреуден сатып ала салған ғой. Сүйтсе ол велик, ұрланған велик боп шықты.
Жанна: Ал керек болса!
Арман: Содан әйтеуір екі қазақ бірдей учаскеге барып болған жағдайды түсіндіріп. Сосын тағы бір рет жапон достарын ертіп апарып, жағдайды түсіндіріп, содан әйтеуір тынышталыпты ғой.
Жанна: мдаа көшедегі кісіден велик ап..
Арман: Содан кейін бір күні менің досыма(маған аудармашы боп көмектескен досым) полициядан соғыпты мені сұрап. Досым шошып кеткен не үшін полицияға керек боп қалды екен деп. Мен тағы да ана великке қатысты ма екен деп барсам, ана алдындағы ішіп алған мопедке қатысты екен. Алдындағы протокол қате рәсімделген екен, соны қайта жасап жатыр екен. А айтпақшы сол шақырған кезде «учаскеге келсеңіз»- дейді. «Қайда екенін білесіз ба? «-дейді. Мен айтам білмим. «Олай болса, қазір сізге машина жіберемін» -деді. Мен ішімнен ойлап қоям, қазір мында полиция мащинасы келсе, мен отырғанымды көршілер көрсе, не ойлайтын болды деп переживать етіп тұрсам, жәй кәдімгі машина келді. ууф дедім:)). Әйтпесе алдында сол мопедке қатысты учаскеге барғанда нағыз полицияның машинасы болған.
Ж: екінші рет шақырып жатқаны детективы шығар, ана алдындағылар олар оқиға орнына бірден келетін оперативниктер ғой.
А: Білмим солай шығар. Ал ішіп алған мопедшіні 7 жылға мопед айдай алмайтындай жасайды екен, оның үстінен айтыппұлы тағы болу керек. Айтпақшы сол барған кезде орыс тілінен аудармашы полиция қызметкері болды. Оның блокнотының ішінен ана алдында бір-бірінен велик сатып ап жүрген қазақ балалардың да аттары жүрді:)).
Ж: Орысша білетін полицейский??? мәссаған о заманда бұ заман:))) Жақсы біле ме екен??
А: Ну енді жапондық мент үшін жап-жақсы. Тек арасында асықпай сөйлеуімді сұрады. Әйтпесе алдында ана ішіп алған мопедке қатысты учаскеге барғанда, араб және фарсидің аудармашысы ғана болған еді.
Ж: Мдааа..демек орыс тілін білетін полицияға сұраныс болғаны ғой. Соңғы кезде ТМД елдерінен келетіндер көп, арасында жәй еместері де бар ғой. Болды мына сенің әңгімеңді блогыма жазамын:))))).
А: Жазсаң жаз, тек атымды айтпа жарай ма:))).
Бар әңгіме осы енді:))))). Кейіпкердің сұрауы бойынша есімін өзгерттім. Жәй сіздерге қызық болсын деп бөлісіп жатқаным.
(**өрт сөндірушілердің тобының ішінде фельдшерлері де болуы керек, сол үшін келген шығар??)
Сосын өзімнен алып қосарым. Ана араб және фарсиден аудармашы болуы, 70-80 жылдары Иран және таяу шығыстан гастарбайтерлер қаптап келген болатын, жапон экономикасы шарықтаған кезде ғой ол, бірақ қазір де көп ондайлар. Соңғы жылдары орыстар көп келетін шығар, оның ішінде мафияға қатысты былықтар да бар. Сосын келіп ап, ішіп бүлік шығаратындары да бар. Орыс тілін білетін полиция қызметкері керек шығар:). Сосын мысалға Ниигата сияқты солтүстік жақтарда орыс теңізшілері көп келеді. Ал олар жәй келіп қана қоймай, көшедегі жәй шынжырда тұрған великтерді көтеріп әкетеді екен. Біз енді Жапонияда велик жүре алмайтындай етіп, оның дөңгелегін шынжырмен тоқтатып қоямыз ғой. Ал ол теңізшілер бола , сол шынжыр-мынжырымен қосып, кемелеріне көтеріп ап кетеді екен..Көшеде бос тұрған дүние деп:).
oi, ujas Janna, menimen jaziskan chatardi bir kuni shygarip jurme «jarikka» hahahahaha.
оййй күліп өлдім! суперррр… қазақтар АЛҒА! =)))
«Арманның» басқа да әңгімелерін жазып тұр!
негізі осындай қызықтармен адам жаңа елге тезірек бейімделетін сияқты. Малайзияда да бір қазақ баланы машина қағып кетіп, аудармашы болып, емханасына барғанда шынайы өмірді көргенмін.
Енді ішіп алып, мопед айдап жүргенге де обал жоқ екен. Қайта Арман аман қалған. Қатты жылдамдықпен жүрсе, бітті ғой. Бетін аулақ қылсын!
Күчт! Арманға Аллаһ жар болсын!
қазақ жігітінің жапониядағы бастан кешкендері:)…
небір жағдайлар…)))
Великке докидің керегі не десем, ұрланған/ұрланбағанын білу екен ғо. 🙂 күчт)))
Бәрінен енді мен үйге апарып тастаңдар дегені қызық болды ))))
қайтсін енді түннің бір уағы боп кеткен:))))
хахахахаха! қатырған екен. :))))))) Красавчик!
Есіме АҚШта жүргенде бір қыздың басынан өткені түсіп кетті: Бұл кыз сол жақта жұмыс істеп,астына көлік алған. Қуанышында шек жоқ.Соны жуған ба, әлде просто пабқа барып отырған ба, қысқасы шамалы ішкен екен. Машинасына отыра бергенде көзіндегі линзасын түсіріп алады. Ал енді линзасыз көр соқыр, түк көрмей + шамалы мас. Сөйтіп, жүргізіп келем дейді машинаны, мені бір полисмен тоқтатты. Мәәә, артық кетіп қалған шығармын, за привышение скорости ұстады ау дегенімде, ол маған, Мэм, өте баяу жылдамдықта келе жатырсыз, амандық па деп ұстап алды дейд. кейін мұны 1 тәулікке түрмеге отырғызған екен. :))) Рахат дейді жынды қыз, бір тәулік демалдым. Телефон жоқ, ешкім тиіспеді. Ұйқымды қандырып шықтым, тек енді түрмеге отырды деген пометка болмаса қатып кеткен болар еді деп күліп айтып берген :)))
Қытайда жүргенде мені екі рет машина қағып кетіп еді великпен жүргенде. ішкен жоқ едім, тек олардың жол қозғалысына үйрене алмай қойдым:):):)
Сонымен, үйіне апарып па? Мені де өткен қыста қақаған аязда Астаналық полицейлер қылмыскер екен деп алып кетіп, РУВДға дейін апарып, жеткеннен соң кешірім сұрап қоя берген еді. Қайта апарып тастау ойларында да жоқ. 35 градус аязда бас киімсіз жаяу үйге қайтқан едім. )))
мдаа ужж.
ия әкеп тастаған екен
Тамаша әңгіме екен! Бір күліп алдым. Жақсы екен полицейлері апарып-алып кетеді. Талай нәрсені көрген екен аз уақыт ішінде.