Ананас қалай өседі деп ойлап көріп па едіңіздер?
Мен бұрын ананасты пальмада өсетін шығар деп ойлайтынмын:). Осы жылы Наурыз айында Окинаваның Наго қаласындағы ананас паркіне барғанбыз. Паррке кіру бағасы 550 йен, шамамен 6$-дай болар.
Жапонияның оңтүстігі Окинавада ананас өсіруге болатындай климат бар, бірақ та керемет өндіріс жоқ, тек кәдесый ретінде ғана өсіреді десем болады. Себебі Жапонияда ананас өсіру қымбат, рентабельділігі жоқ болғандықтан супермаркеттерде сатылатындар филипиндік ананастар көбіне.
мынау сол парктің ішінде ананастың алқабы
ананас жерде өседі деген маған кәдімгідей жаңалық болды:)))).
ананастың түр-түрі бар екен, жерде өсетіні ол бар сосын андағысы таста да өсетін ананас сияқты жапырағына қарағанда, шото сол жері бізге түсініксіз боп қалды, дәл сол мезетте қасымызда сұрайтындай адам жоқ болды, тек суретін ғана түсіріп алдық:).мына сурет басқанда үлкейеді.
одан басқа да қырғын түрлері бар екен
жерден сәл биіктікте ғана өседі екен кәдімгі ананас. Жерден бұтақ шығып тұрды, сол бұтақта өседі екен.
негізі парк территориясы қатты үлкен де емес, бірақ кішкене де емес. Келген адамдарға машинкалар береді. Сол машинкаларға отырып парк территориясын аралап шығасың. Айпақшы баяғыда ілген суреттерден бақалшақтар (ракушка) музейі осы парктің территориясында орналасқан.
біз барған күні ауа райы біртүрлі түнеріп тұрды. Дәл паркке жеткенде жаңбыр себеледі. Бірақ әйтеуір қатты жаңбыр жауып кетпеді. Мынау парктың кіре берісінде тұрған ананас, ана жоғарыдағыдай машинкаларға парк ішінде мінуге болады. Ол өзі монорельс сияқты жол бойымен жүріп отырады. Тек өзіңе керек жерде газ бен тежеуішті басып отырасың.
Ананастан жасалған шараптың жарнамасы анау жалаушада:). Ананастан неше түрлі дүние жасап кәдесый ретінде сатады паркте. Ішінде сол шарапты, ананас қосылған тәттілердің дәмін татып, сосын табақтағы ананастан қанша жесең де өзің білесің. Өзіме ананастың уксусы ұнады, алманың уксусынан дәмі сәл өзгешелеу. Тәттілерден сыйлыққа алып қайттық:).
қызық екен, мен де білмеппін жерде өсетінін))
Еххх Жапония, бізде бәрі осындай болса, автономия құрып, оппозиция болып оттап жүрмес ем.
Хи–хи маған да жаңалық болды ғо )))))))
кеше қонақ болып кіріп осы жазбаңызды байқап қалдым, қызығып оқып шықтым. Расынды мен де таң қалдым. Сосын жатақханаға барған соң құрбыларымнан, м-агенттегі достарымнан сұрай бастадым. Қызығы сол -бәрі де «ағашта өседі» деп жауап берді. ))) Бір досым интернеттен әдейі қарап, «жерде өседі екен ғо» деп өзі де таң қалып жатты. Біреуі «өз көзіммен теледидардан көргем, ол ағашта өседі» деп бой бермеді. Сіздің жазбаңыздың нәтижесінде бізде «қызу» талқы жүрді )))
иә шынымен андағыдай үлкен нәрсе жерде өсе қояд деп ойламайсың:). Рахмет жазбам әңгімеге тақырып болғаны қуантты, пайдаға асып жатса:)
Алғаш рет білдім! Тура қырық қабат секілді ғой!