Арасында мұғалімдерім туралы айтып отырайын:).
Менің қазіргі ең негізгі адвайзерім ер мұғалім, алпысқа кеп қалған кісі. Сондай мейірімді, сондай қызық, вообщем душка:)). Алдында бір жазған едім ғой, кей балалар жаман қалжыңдасады деп, аж бір рет профессорды қытықтағанын көріп шок болғам деп:)))).
Негізі менің адвайзорым дым жапондыққа ұқсамайды көбіне істеген істері:))). Мысалға ол кісі сағат бірге жиналамыз деп айтып , өзі сағат екіге қарай келуі мүмкін:). Жапондықтар үшін мүмкін емес нәрсе:)))). Ойбай уақыт десе өлетін жапондар, ал біздің проф ол жағынан саспайды:). Ну енді ойнап жүрген кіс емес қой, шынымен бітіріп жүрген жұмыстары да көп, кездесетін адамдары да көп, өмірі басында талай нәрселерді ойлап жүргеннен ұмытшақтығы бар. Сол үшін егер бірнәрсеге келіскен болсам, қайтадан еске салып отыру керектігі бар. Ну мүмкін кейбірлер қиналатын шығар. Бірақ өз басым мұғалімім сондай болғанына қатты қуанам:))). Ну себебі прям уақытты қатты ұстанатын біреу болса стресс болар едім:). Андай мындай ұсақ-түйекке көңіл бөлмейді.
Осы семестрде біздің профтың сабағы бар, қоршаған орта экономикасына қатысты нәре. Аптаның бірінші күні, онымен қоймай бірінші сабақ, осы жолы мен сосын профессордың екінші студенті қытай бала екеуміз ғана таңдаппыз. Сенсейге айтам да, мына сабақты по любому дүйсенбі сегіз жарымнан жасамаймыз, ақыры сейсенбі түскі бірге ауыстырдық, осылай ресми уақытында өзгертіп, кестеде басқа күнге ауыстырып қойсаңызшы, әйтпесе ешкім дүйсенбі күнгі 8.40-тағы сабақты таңдағысы келмей, дым популярятисі жоқ сабақ қой деп айтып мұғалімімді біраз ренжітім алғам:)))). Мысалға сейсенбі күнгі түскі 2.30-дағы бір мұғалімнің сабағын көбісі таңдаған екен. Мен ол сабақты таңдамадым бірақ менімен қатар оқитын қытайлардың көбісі барад соған. Әйтпесе менің мұғалімі бір қатал, кредит алу қиын дейтіндей атағы жоқ.
Кредит алу қиын демекші.. Осы жолы алдыңғы семестрге қарағанда аз сабақ алдым. Сосын бір сабаққа қатысты алсам ба? алмасам ба? деп көп ойландым. Экологияға аса қатысы жоқ енді, көбіне мәдениетке қатысты сабақ. Бірақ одан беретін мұғалім алдыңғы семестрде бір сабақ болған, 3 мұғалім біріккен барлығы алуға міндетті семинар, сол семинардан ақыр аяғында жаман баға алып қалдым. Төмен баға алдым деп ренжіп жүрсем, тіпті өтпей қалған қыз бар екен, оның қасында шүкір екен деп ойладым. Бірақ сонда да неге төмен баға қойды деп басқалармен салыстырады екенсің, шамасы менің тапсырған мини баяндамам сапасы нашар болған шығар деп ойладым, жапонша жазғанды жек көрем ғой:). Сосын сол 3 мұғалім арасынан төмен бағаны қойған да осы кісі болу керек деп, содан ақыры осы семестр алсам ба деп ойлап жүрген сол кісінің мәдениетке қатысты сабағын алмадым. Қазір оны бір қытай бала ғана алып жүр, алмағаным дұрыс болды. Ондай кредит баллға сараң мұғалім сабағын кім алғысы келсін:)). Хотя жап-жақсы кісі, сыйлайм ол кісіні, ылғи көшеде көрсем амандасып, қал жағдай сұрасып қоямыз, пыросто тым әділ мұғалім болған да жаман екен хахаха.
Содан профессорыма қайта оралсам, өткен айда енді жаман бизи болды. Екі рет Жапония ішінде конференцияға барып, одан қалса орталық арна NHK-ден көрсетіп. Одан тағы басқа тірліктеріне қатысты газетте де шығып, онымен қоса сарымсақ егуге қатысты дайындықтар ол бар. Сосын біздің факультеттегі шетелдік студенттерге қатысты шаруалары ол бар. Тағысын тағы, бітпейтін тірліктер, сонымен сейсенбідегі сабағымыз жайын қалды:). Қытай жігіт екеуміз күтіп отырмыз, сенсейіміз атымен жоқ. Содан артынан сенсей сізді күттік қой десем, «ойбууу, сендерге сабақ болмайды деген мэйл жібермедім бе???» дейді:))). Ал келесі апта Тайваньға конференцияға кетеді, сол үшін тағы демалыс:)))).
Өткенде бір құрбым айтад. Осы жапондарды жұмысбасты деуші еді. Ал саған қарасам өңкей демалыс, онымен қоймай сарымсақ отырғызып, күнбағыс отырғызып уақытынды қызықты өткізіп жүргеннен басқа дым жоқ деп:)))). Мен айтам енді менің профессорым ерекшелігі сондай болса қайтем деп, әйтпесе ондай қызықты тірліктермен бір факультет болсақ та басқалар жасаймайды дейм:)).
Тағы да дем ала алмай қалдым ғой…))))
ой әлі талайын жазам дайындала бер Иншаллах:)))) это еще цветочки
Ой Жаночка, жазбаң керемет, оқып отырып бірнеше эмоцияға берілесің :)))
«адвайзорды» – сенсей дейсіңдер ме?
сенсей сөзі – бәленше сан, түгіленше сан дегендей ата қой да типа?
сенсей деген мұғалім, ұстаз, эксперт деген мағына береді
Блогтың авторына айтарым, тілді шұбарламаса екен. Ал былайынша, оқуға тұрады.