Васэда университеті   5 comments

Универ тақырыбын жалғастырайын:). Жапонияның ең дамып кеткен универі осы Васэда университеті шығар. Ең жақсы университеттер рейтингі бойынша Токио университетінен кейінгі орынды алады.

Токио университеті мемлекетті университет ал Васэда ол жекеменшік университет. Жекеменшік болғандықтан покруче деп айтады кей жақтары бойынша, жабдықталуы жағынан да деп. Бірақ әрине  Токио университеті фаворит, ал өзім Токио университетіне ешқашан қызықпаппын, бірақ Васэда мен үшін супер-мупер универ:))).

Васэданың бэйсбол тобы жаман атақты болды соңғы жылдары әсіресе. Дамыған бір жігіттер ойнап, биыл бітіргесін оларды професионалды топтар талап алды. Одан басқа футбол және американдық футбол тобы да жеңімпаздар қатарынан түспейді.

Васэда универінің тарихынан айтар болсам, негізін құраған адам кезінде жапон саясатына тікелей қатысқан адам болған. Оокума Шигенобу  Жапониядағы алғаш министрлер кабинетін құрап, премьер министр болған кісі, 1882 жылдары Токиодағы арнайы училище ретінде ашқаны кейін осы Васэда университетіне айналды. Ал мына ғимарат концерт холл.

Былтыр 21 желтоқсан күні түсірген суреттерім. Бұрын бізге КазҰУда жапон тілінен сабақ берген жапон мұғаліміміз қазір осы Васэдада шетелдік студенттерге сабақ береді екен. Сол кісімен кездесуге барғам. Атмосферасы ұнады кампустың, универдің ішіне кіріп аралауға уақыт болмай қалды. Асығып әйтеуір бір сағатқа ғана барып шыққан едім.

Мұғаліммен кездесіп сосын ректораты болу керек, биік бір ғимаратына көтерілдік, шото ол ғимаратты суретке түсірмептім, ең жоғары қабатында кафетерий бар екен. 16 қабат болуы керек. Көрінісі енді керемет болды. Сол атмосфера есте қалды:))))). Келесіде Токиоға барсам міндетті түрде тағы барармын, айтпақшы тағы бір танысым бар екен осы Васэдада, кезінде ҚЗда танысқан бір жапондық докторант болып еді, қазір осы Васэдада профессор болған екен, алдында барғанда уақытымыз сәйкес келмей қалды, әттең. Тағы бір жолы болар Инш.  Ал бұрынғы жапон тілі мұғалімімізбен кампусты аралап сувенирлер дүкеніне кірдік. Негізін құраушының аты Оокума аударғанда үлкен аю,сол үшін Васэданың символы аю екен:))). Футбол тобының ойыншыларының киімдерінде аю бар:). Мен өзіме жәй күнделікке пайдалы деп Васэда деген жазуы бар экобаг алайын деп едім , мұғалімім саған сыйлығым болсын деп алып берді, ойламаған жерлен сыйлық алып риза боп қайтқам:))). Экобаг шамамен мынадай, тек мендегісі қызыл түсті, мынау құрбымның дорбасы, сол Васэдада бір айлық зерттеу жұмысын жасаған, оныкі қара түсті сосын менікіне қарағанда үлкендеу.

5 responses to “Васэда университеті

Subscribe to comments with RSS.

  1. дайгакуда оқу онша қиын емес деген рас па?

    • оңай болғанда қалай десем болад, мысалы Корея мен Жапонияда универг түскені қиын дейді:). Ал оқу Америкаға қарағанда оңай дейді. Бірақ бәрібір әр универдің өз спецификасы бар, тіпті әр факультет өзінше бөлек келеді. Бірақ біздікіне қарағанда қиын, себебі көбірек іздену керек.

  2. Керемет репортаж. 🙂

    ПС: Егер киын болмаса, би курстары жайлы айтсаң? сен баяғы бір жазбаңда, тегін орегами т.б. үйрену орталығына жазылдым деп едің сол не болды?

  3. Қайтарма үнқосу: Жаңа жылдағы марафон « 6 градус әлемді өзгертеді

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: