Мен баратын ыстық бұлақ-монша   12 comments

Былтыр онсен ыстық бұлақ туралы пост жазған едім, сол тақырыпты жалғастырайын. Негізі мен осы жолы квартира таңдағанда да ыстық бұлаққа жақын жерден алған едім пәтерді, түнгі 12-ден кейін асықпай барамын деп ойлағанмын. Сүйтсем ол қуанышым ұзаққа бармады. Сұмырай келсе су құриды дегендей, мен көшіп келгесін көп ұзамай ол онсен жабылып қалды, кейін орны бұзылып, ал қазір тіпті жаңа үй салына бастады:(.

Содан қазір басқа жерге баратын болдық:) Тау басында Фукуною деп аталады. Алдыңғыға қарағанда үлкен және ішіндегі навороттары да жақсырақ, бірақ анау дәл үйдің түбінде керемет еді. Фукуноюға орталық вокзалдан жарты сағат сайын ақысыз шатл бас яғни автобус қатынайды  түнгі онға дейін, ал менің үйімнің қасынан 2 сағатта бір жүреді. Былайша қолайлы.

Сонымен қазір барып жүрген жеріміздің суреттерін ілейін, өздерінің сайттарынан алдым суреттерді. Біздегідей еркектер және әйелдер залына бөлінеді. Сосын отбасыларына арналған залдары бар,олар біздегі мини сауналар сияқты. Ал мынау ең үлкен залы. Жуынатын душтар мен әртүрлі сулар орналасқан. Мына ең бер жағындағы бассейн суы керемет. Суы тұзды және газдалған су. Суға кіргенде теріңнің бетіне көпіршіктер жабысады:). Неше түрлі ауруларға себі бар деп жазылған. Стресске жақсы әйтеуір:).Германияның бір атақты курортындағы судай дейді қабырғадағы жазуда:). Бассейн дегеніме терең деп ойлап қалмаңдар, ешқайсы терең емес, себебі жүзуге арналған сулар емес қой, отырғанда мойынға дейін ғана. Залдың арғы жақ бетінде душевой кабиналар.

массаж эффекті бар сулар. Арқаға мойынға ұрады сулар, әрқайсы әртүрлі, сол үшін керегін таңдау керек. Арғы жағы 1-метрдей тереңдігі бар, сол үшін кішкене балаларды кіргізуге болмайды. Ана қабырғадан шығып тұрған нәрселер сенсор, бір қосылғанда 3мин-қа қосылады ғой дейм, сосын тоқтап қалса, ана сенсорға қолыңды былғасаң қайта бастайды.

душтар орналасқан қатарымен, әрқайсында міндетті түрде шампунь, кондиционер сосын гель для душа болады.

тағы да бір cуық сумен, сосын бірдеме эффектісі бар табиғи сумен бассейндері бар зал ішінде. Одан кейін құрғақ сауна

булы сауна, наноэффекті дейма бірдемесі бар, онысын аса ұқпайм енді.

тұзды сауна, аяғына қарай барып тұзбен өлі теріні алып тастағанға жақсы. Арғы жағында тағы бір бөшкеде тұз тұрады, ал бергі бөшкеде су тұр, ол шығарда отырған орныңдағы тұзды, сосын жер көкті тұз қылмас үшін денеңдегі тұзды шайып тастау үшін.

булы сосын тұзды сауна залдың тысында орналасқан. Себебі сыртта да бассейндер сосын демалатын орындықтар бар. Тау басында орналасқасын қаланың көрінісі тамаша

ұйқы суы:). Басқа бассейндерге қарағанда температурасы бәсеңдеу, 38-39 градус шамасында болады. Өткенде шынымен осы суда демалып жатып көзім ілініп кетіп, 20 минтан артық ұйқтаппын:)))).

Бамбук шүмек:). 2 адам ыспокойно сыйятын ванналар. Көбіне балалар ойнағанды жақсы көреді:). Бұлар да ашық аспан астында.

сосын түнгі көрінісі

Нагасакидің түнгі көрінісі

А айтпақшы бағасы шашамен 10$-дай.

тағы да жалғасы бар. Бұдан бөлек арнайы сауна залдары да бар. Оны кейін жазармын.

12 responses to “Мен баратын ыстық бұлақ-монша

Subscribe to comments with RSS.

  1. osi istik bulagi ushin-ak Japoniyada turgim keler edi. terilerinin nazik olui da osidan goi. * jealous*
    super koroche

  2. Қандай рахат десейш…

  3. тема қандай ))) Құны уақытқа тәуелді ме?

  4. Сілекейді шұбырттың ғой…

  5. Менің де барғым келіп кетті ғой. Біздің жақта осы типтес жасауға болмас па екен?
    Неге тұзды көп қолданады?

    • бассейннің тұздылығы енді тұз дегенмен минералдар ғой әртүрлі. Ал саунадағы тұз енді денеге массаж жасағанға да, сосын денені ысқылап өлі теріні алғанға пайдалы болғасын қолданатын шығар.
      Алматыда ТауАрасан осы типтес болу керек. Тек бізде әйел еркек аралас, елдер купальникпен жүреді. Бағасы да удай ғой оның. Оның бірден бір себебі бассейндегі суларды қалыпты жағдайда ұстап отыру қиындығанан болу керек деп ойлаймын.Мысалы мына Фукуноюда өздерінің бір уақыты бар, келіп, бассейндегі сулардан сэмпл алып кетеді. Соны апарып құрамын сол арада тексеріп отыратын шығар. Бұл енді бүкіл бассейндер ағын су болғанына қарамастан, жасап отырған шаралары.

  6. Мынау тұрған рахат дүние ғой. Мен күні/түні шықпай жатып алар едім 🙂

  7. :-O 10 $ арзан ғой, күшті екен!

  8. Мені Жанна осында алып барды, өз көзіммен көрдім! Не деген рахат десеңші, біздің сауна сымақтар далада қалады ғой! 8 жарымда кіргеннен түнгі 12 жарымда бір шықтық.

  9. жай сентоға барудың бағалары қаншадан?

    • жәй сентолар сол 300-350 йен арасында болу керек. Оның өзі сол кішірек бассейндерімен болуы керек, мындағыдай масштабта емес. Бұрын Кагошимада үйдің жанында великпен 5 -10 мин жерде екеуі болатын еді, бірақ онда да сулары табиғи су болатын кәдімгідей жерден шығатын ыстық су

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: