Бұл суреттер баяғы баяғы баяғыыыы заманда түсірген суреттер сериясынан:). Білесіңдер ғой қазір мен дамыған қыздар қатарына жатпаймын.Фотигім жоқ, уже 3-4 айдан асып кеткен шығар, жаңасын алғанға да құнт жоқ, жүрм солай сүйкімсіз қыз боп:)))).
Кезінде бір кәріс досыммен Фукуодан бір сағаттық жердегі Китакюшю қаласына барғанбыз..
Негізі отшашу көруге шықтық (ұмыттым біреудің блогында салютты солай жазыпты, мен қайталадым), содан жолай Кокура қамалын көруге бардық.
қамалдың жан -жағы
қамалдың жоғары қабатынан көрініс
Китакюшю қаласы Кюшю аралында Фукуокадан кейінгі үлкен қала, миллионға жуық халқы бар. Өндіріс дамыған, сол үшін 1945 ж. 9 тамыз күні американдықтар екінші бомбаны жару үшін басты объект ретінде осы Кокураны таңдаған болатын, бірақ Кокураға жеткен кезде күн бұлтты болып, көрініс аса болмағасын, екінші объект ретіндегі Нагасакидің аспанында жарған болатын бомбаны.
modern and past
Кокураның осы жерін мүлдем ұқпадым. Urban planning-тен хабарым аз болса да, қала сәулетшілерінің не ойлағаны беймәлім. Ескі қамалдың дәл жанында супер модерн сауда үйі, біздегі Мега десе болар. Неге қамалдың қасында??
бағы бар қала екен
құдай сақтаған ғо
navernoe, super kontrast jasau uwin wygar. ak pen kara, eski men jana degen sekildi 🙂
rasynda, ademi korinister eken!! Loveeeee!