Archive for Қараша 2010

Natural style   13 comments

Соңғы кезде Natural style (табиғи) стильге қызығып жүрмын. Қай дүкеннен болмаса да осы стильдегі киімдердің бутигін табуға болады. Көбіне лён сияқты, табиғи материалдарды қолданады, немесе тоқылған да болуы мүмкін, не мақтадан трикотаж. Түстері енді пастельный тонда келеді, көбіне сұр, бежевый не ақ, қою түстерден қоңыр не көк, хаки де болады, бірақ күңгірт түстегі тондарды қолданады.Шамамен мынадай: Read the rest of this entry »

Posted Қараша 16, 2010 by 6gradus in Қыздарики!!

бәріне жапон суы кінәлі ме??   16 comments

Айжаннұрдың постын оқып бір армансыз күліп алдым:).

Шашын мүлдем қысқа қылып Ирина Хакамада сияқты ғып қысқартып тастадым депті:). Мен де солай жасағым кеп жүр бірақ батылым жетпес:) Да и жараспайд та маған ондай шаш. Әйтпесе Хакамада тұрмақ , мен де мүлдем тақырлап тастағым келіп жүр:).  Шын айтам вааще ап тастап бандана, орамал тағып жүруді де ойладым, сосын маска жасап, ең басынан қайта өсірер ма еді деп армандап қоямын:)))). Химиотерапиядан шыққан адам құсап елдерді шошытпайын дедім хаха.

Гемоглобиным біраз нормадан төмен болуының да әсері бар сияқты. Себебі байқауымша мында бір жапон қыз өткенде шашым жаман түседі деп шағымданып, мен айтам екеуміздің мәселеміз ұқсас екен деп, себебі екеуміз де құрамында темірі бар бірдей препарат ішіп жүргенбіз:)).

Негізі осы бәленің бәрі алғаш Жапонияға келген кезде басталды. Ол кезде аса мән бермедім, кейін ақыры түсуін тоқтатпады. Осы былтырлары Алматыда жүргенде де жаман болатын.

Бірақ осы жолы Жапонияға Read the rest of this entry »

Насакиден көріністер Хигашияма   2 comments

Нагасакидің суреттерімен бөлісейін, біреулер қонаққа келгенде әйтеуір аралатып, өзім де жаңа тұстарын ашып қаламын:).

Жапон тарихымен таныс болсаңыздар

Нагасаки әрқашанда продвинутый қала болғаны белгілі. Әсіресе Токугава шёгундары (сёгун) билік еткен кезеңде Жапония әлеммен қатынасын үзіп, жабық ел саясатын ұстанды, ол кезеңде тек қана Голландиямен және көршілес Тайваньмен ғана қатынас жүргізді. Сол шетелдіктер осы Нагасакиге келетін. Оның өзі жылыны бір-екі рет келетін кемелермен ғана шектелді.  Бірақ соның өзінде батыс ғылымының Жапонияға енуі осы Нагасакиден басталды, әсіресе медицина ғылымы.

Кейін 1853 жылы американдық Перридің қара кемесі (әскери кеме) баса көктеп жапон шекарасына кіргеннен кейін Жапония амалсыз басқа елдермен қатынасын бастауына тура келді. Бұрыннан порттық қала боп келген Нагасаки дамуға жаңа бастау алды. Бірталай шетелдіктер Нагасаки немесе Иокохама сияқты қалаларға келіп бизнес жүргізді. Қазір де Нагасакиде сол кісіер тұрған үйлер сақталған. Бұл ауданды Хигашияма яғни шығыс таулары дейді. Read the rest of this entry »

Posted Қараша 13, 2010 by 6gradus in әншейін суреттер

бүгінгі күн әнегы:)))) қытайлықтардың ұраны:))))))   7 comments

Осы әңгіменің бастау алғаны заң сабағында болды, негізгі әңгіме Biodiversitу-ды сақтау төңірегінде болды. Яғни тірі жан-жануарлар мен өсімдіктердің көптүрлілігін сақтау, жоғалып бар жатқан түрлердің өзін ғана емес, сол тірі жәндіктің өмір сүретін ортасын сақтау. Мысалы бір құстың саны аз-ақ қалды десек, ол құсты көбейту жолдарын қараймыз. Бірақ оны адам көмегімен көбейткенмен де, сол құс өмір сүре алатындай табиғат болмаса ол бәрібір жоғалып кетеді.

Әңгіме содан басталды, содан Read the rest of this entry »

Әттең Стэфан..   6 comments

Мұзда мәнерлеп сырғанаудың фанаты екенімді білесіңдер ғой:). Оның ішінде ұнайтыны осы Стэфан Ламбьель еді.

Қазір енді үлкен спорттан кетті, арасында айс шоуларға қатысады. Әлемде фанаты көп фигуристтерден Плющенко мен осы Ламбьель шығар.

Туриндегі олимпиадада Плющенко алтын алса, Стэфан күміс алды, ал Ванкуверде жолы болмады.

Енді бар ғой супер фигурист , сөзбен жткізу мүмкін еместей:).  Сырғанауында ерекше бір мән бардай, еріксіз көзіңді алмай қарайсың. Техникасы да жаман емес бірақ бұл фигуристтің ең кереметі жанын беріп сырғанағанда, өз әлемі бардай көрінеді сырғанауын тамашалаған кезде. Маған осы бір гусар ма сондай киім киіп сырғанайтын бағдарламасы ұнайтын.Стэфан Ламбьель де жарақат алып 2008 ж спорттан кетіп қайта келген еді, талмай еңбек ететін адам, сыйламасқа болмайды, и вааще пыросто красавчик жігіт:). Read the rest of this entry »

еріккен сурет:)))   15 comments

Бұл мен если что:))))

Не сурет екенін түсіндірейін:). Read the rest of this entry »

Інжу-Pearl   17 comments

Осы жаздағы інжумен қатысты бір experience-ыммен бөлісейін:). Жапония інжулерімен атақты бірден-бір ел ғой. Мысалға Акойя інжулері..

Осы жазда қыздармен жақын жердегі Сасебо қаласына барғанбыз, сол жердегі окенариумде келген қонақтарға арнап інжу бұрышын жасаған екен. Қалаған адам 500 йен (6$) төлеп інжу ракушкасын ашып, ішінен інжуді алуына болады.

Eң бірінші устрицаны таңдап аласыз.

Інжу осындай устрица ішінде өседі екен. Басқа асыл тастар өңдеуді қажет етсе,  інжуді сол табиғат жасаған күйінде пайдаланамыз. Інжудің пайда болуы да қызық қой, былайша айтқанда устрицаның ішінде пайда болған паразит деп айтса болады. Устрицаның ішіне қоқым түсіп кеткенде, (теңіз түбіндегі құм болуы мүмкін) оны устрица  өз бетімен сыртқа шығара алмайды, тек онымен қарсы күресу үшін кристалдық заттар бөліп шығарады да, әлгі қоқымның сыртын мл-мл (түсінбегендерге арнайы милиметрді қысқарттым:)) деп орай бастайды. Солайша перламутр тас пайда болады. Негізі  розовый інжулер ең керемет боп саналады.  Сосын Таитидің қара інжулері де бар ғой атақты. Бірақ әрине әркім өзіне келер түсті таңдайды. Read the rest of this entry »