Алматыдағы көшелер қоқыстан көрінбейді, әсіресе арықтарға қоқыс лақтыратындарға қаным қайнайды. Арыққа лақтырған нәрсе жүретін жерде. жалпы жер бетіне көрінбейтіндіктен солай мәдениеттірек деп ойлай ма екен??? Ол бейшара арықтар сосын жаңбыр жауғанда бітеледі кеп, суды жалдап жүргеніміз өмірі.
Жазуға себепкер болған Бальзаминканың Ауысып отырыңызшы деген посты. Онда ол Үндістанда автобуста оң жақта еркектер, сол жақта әйелдер отыратын әдеттері бар екен. Нуу енді кімге қалай? Бальзаминка оны ескі формацияның адамдары ұстанатын әдет, біреудің комплексі маған қандай қатысы жоқ деп, сол жаққа отыр десе де, түсінбегендей отырып аламын депті:))). Өз басым маған бұл әдеттері қатты ұнады. Сол постқа комментарийге Ақзере былай депті:
Олар солай тәрбиеленген шығар. Санасына уланып қалған, қыздың жанына отыруға болмайды, немесе араласуға болмайды деген сияқты. Біздің жақта да бар кейібр қатты діншілдер әйелдері бөлек, еркектері бөлек тамақ ішетін. Біреулерге жақсы шығар. Бірақ өз басым кез-келген жерде интеллигентті өзін ұстап, ешқандай жаман ойларға бармай, саналы өмір сүру.
Әрине қосыламын бұл ойына, бірақ ютопиялық ой деп айтар едім:). ееех Зере елдің бәрі сендей интелегент емес қой:))))))). Сен саналы түрде жасасаң да, ал біреулерге міндетті түрді заң жүзінде болмаса, не солай деп қабылданған қағида болмаса, ойына келгенін жасап жүре береді.
Содан ой келді. Осы біздің елде көрінге жерде қоқыс лақтыруға айыппұл енгізсе ғой, сосын оларды қадағалауға Сингапурде сияқты полициялар жұрсе, ондайдан жол қызметкерлері көшеде көлік аулағаннан да көп пайда табар еді менше:)))). Сингапурде сағыз не басқа қоқыс лақтырғанға айыппұл 100$ мысалға, одан басқа көшеде қоқыс жинау сияқты әлеуметтік жұмыстар жасауы керек екен. Өзім әкім болсам солай жасар едім хахаха. Шын айтсам ол ақша бюджетке түссе де, полиция бір бөлігін қымқырып қалса да, адам ренжімейтін нәрсе менше, есесіне қаламыз әп сәтте тазарып шағы келер еді:).
Қоқыс нереально шаршатты…
Келісемін!! Бастысы халық санасын өсіру керек.