Токио-Хараджюку (Harajuku girls:))   8 comments

Токионың Хараджюку ауданы бұрындары аса атағы жоқ еді, соңғы кезде неформал жастар жиналатын аудан болғасын шетелдік туристер арасында атағы артты. Ал былайынша жасы 20-21ге дейінгі жастар-мен жасөспірімдердің киімдері сатылады бұл ауданда. Сосын осындағы бір көпірде жынды-жынды киінген жастарды көруге болады.

Бұл суреттерді өзім түсіргем былтыр Токиоға барғанда.

Таак әңгімеге қайта оралсақ, мына суреттің сол жағына қарасаңдар чемодан, сумкалар тұр ғой. Осы көпірге тіпті басқа қаладан да келеді екен. Бір бағдарламадан көргем әйтеуір арнайы кешкі автобусқа отырып келдім Токиоға деп біреуі интервью берген. Әсіресе демалыс күндері жиналып, бір- біріне жаңа киімдерін көрсетіп, мақтанып, өздері сияқтыларды көріп риза боп қайтатын сияқты:). Соған бола келеміз Токиоға деееп интервью бергенде енді таң қалғам:)))).

Соңғы екі суреттен басқасы басқанда біраз үлкею керек.

 

 

 

 

өздері бірталай, бірнешеу ғана дейтін емес. Айтпақшы Гвэн Стэфанидің клиптерінде жүруші еді ғой  Harajuku girls:).

фри хагс деп тұрған қызбен мына шетелдік қыз суретке түсіп бітті. Тура аударғанда ақысыз құшақтаймын дегені, осылайша көп шетелдіктер фрихагс қыздармен суретке түсіп қайтады.

Бірақ ненің құрметіне ақысыз құшақтайтынын білмид екем:)))).Ну енді қандай да болсын бір нәрсенің мақсаты, мотивациясы болу керек қой. Демонстрацияға шығам бейбітшілік үшін дегендей, ал мына қыздар сонда солай құшаұтасып суретке түскенге қандай мотивациясы бар екенін ұқпадым:).


Ең соңындағы сурет Лолита қыз. Осындай стильде киінуді Лолита стайл дейтінін білем, бірақ Лолитаның ішінде де бөлінетін шығар. Себебі өткенде бір модель қыз түсіндіргенде айтқаны Лолиталар негізі терісін көрсетпейді деп, қалай айтсам екен, андағы Лолитаның көйлегі тым қысқа ма, әлде гольфигі қысқа ма бірдемке сияқты. Алдында бір бағдарламада киінгенде Лолиталардың кодексі бойынша тым секси көрінбес үшін, әдейі ұзын гольфик киіп, денесін көрсетпеу керек деп жатқан етін, ал мына қызда саны, тізесі көрініп тұрғасын шото түсінбедім:).

8 responses to “Токио-Хараджюку (Harajuku girls:))

Subscribe to comments with RSS.

  1. қызық екен, әсіресе фри хагс:) былайынша жақсы идея…

  2. «Әсіресе демалыс күндері жиналып, бір- біріне жаңа киімдерін көрсетіп, мақтанып, өздері сияқтыларды көріп риза боп қайтатын сияқты» – типі машиналармен келіп, жиналып, бір-біріне көрсетіп мақтанатындар бар ғо, сол секілді емес пе?

  3. Бұрындары осы жайлы пост жазған едім http://akzere.dosym.kz/?p=462
    Мен ойлайтынмын, көбі осылай киіне ма деп. Сөйтсем кейбір аудандарда және кейбіреулері ғана екен ғой. Жалпы Жапондар неординарный халық сияқты. Әрбір таныған сайын, таңданысым бар. )

  4. Жанна бәрі стрит стайл ма? әлде оларда іштей бірнеше түрге бөлінеді ме? шаштары қып/қызыл қызық екен))))
    мен ойлаймын, шығыс елдерінде өмір сүру деңгейі жоғары болған соң, қандай да бір релакс керек те, сосын небір образға кіріп ойнай* тұратын болса керек))) анимедегі түрлері өзгерген нац.костю. ұнайды өзіме 😉

    • негізі бар ғой бұдан неформлардардың түр түрі бар жетед.кейбірі ұқсағанымен там макияжымен бөлектенеді, Кейбірі шаш үлгісімен бөлектенедіү Тіпті шаштарын розовый беттеріне қоңыр тоналка жағып ақ помада қолданатын жігіттер де бар:))))

  5. >> ал мына қызда саны, тізесі көрініп тұрғасын шото түсінбедім:).
    бұл Zettai Ryouiki (絶対領域) деп аталады. фансервис қо

Пікір қалдыру altygradus Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: