Биологиялық көптүрлілік туралы конвенция   7 comments

Көп болды өзі серьезный пост жазбаппын:). Бұл постқа себепкер болған мына бір қалам. Менің екінші адвайзер профессорым конференциядан кәдесый ретінде алып келген етін. (Сувенирдың қазақшасының кәдесый екенін біліп жүріңдер:))))).

Өткен айдың аяғында Жапонияның Нагоя қаласында халықаралық конференция өтті. Менің мұғалімі сол конференцияға жауапты адам болды, ұйымдастыру жағынан біраз жұмыс істеді. Ол кісінің мамандығы қоршаған ортаны экономикалық жағынан бағалау болғасын бұл конференцияға бірден-бір қатысты адам мамандығы жағынан.

«Жанна саған деп орысша жазуымен әкелдім»- деп мұғалімім, керемет бағалы да зат емес енді деп берді, бірақ есесіне арнайы таңдап әкелген сый болғасын қатты қуанып қалдым:). Осы постты әне жазам, міне жазам жүргенше бір ай өтіпті ғой.

Бұл конференция өтіп жатқан осы жыл да БҰҰ-ның бас ассамблеясының жарлығы бойынша Biodiversity, яғни биологиялық көптүрлілікке арналған жыл болып саналады. Негізігі мақсат тірі жәндіктердің көп түрлілігін сақтауға жұртшылықтың көңілдерін аудару десе болады. Себебі жылдан жылға планетамызды жоғалатын тірі жәндіктер саны артуда.

Адамдардың экономикалық іс-әрекетінің салдарынан жануарлар мен құстардың өмір сүретін ортасы азаюда, жалпы біздің көзімізге көрінетін өсімдік, жануарлардан басқа бізге көрінбейтін паразиттер әлемі де бар, ол жердегі жағдай мүлдем мүшкіл. Климаттың өзгеруі әсіресе ұзақ жәндіктермен паразиттерге әсер етуде.

Осы Нагоя конференцияның ақырында конвенцияға қол қойылды. Негізгі мақсат табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға арналды. Ұтымды пайдалану дегеніміз болашақ ұрпаққа да осы табиғат ресурстарын қалдыра отырып, біз өзіміз ол ресурстардан экономикалық пайда табуды да қарастыруымыз керек. Ал бұл конвенция басты жері осы ресурстардан түскен пайданы дұрыс бөлуге шақырады.

Мысалы: былтырғы қаншама адамды қырып кеткен доңыз грипының дәрісі Тамифлюға, қытайлық бір ағаштың қыртысыма әйтеуір бір жері қолданылады екен. Ол ағаш тек Қытайда өседі дейік, ал дәріні батыста жасайды да, фармацевтикалық компаниялар қыруар пайда табады. Ал бұл дәрінің маңызды ингредиентін өсетін елге былайша дым пайдасы жоқ десе болады. Қытайдан бұрын әсіресе Еуропа мен Африка елдерінің арасындағы тартыс қиын, себебі көп емдік өсімдіктерді арзан бағаға ап кететін фармокомпаниялар бар, одан олар қаншама пайда тауып отыр. Ал жергілікті халық біраз болса да кіріс үшін деп ол бейшара өсімдіктерді қопарып жұлып, ақыры жоғалуға аз ақ қалған өсімдіктер қаншама. Сонымен осы протокол бойынша табиғи ресурстардан түскен пайданы дұрыс бөлу (яғни ек жаққа да ұтымды) қажет деп шешілді. Бірақ та ол дәріден түскен пайданың 10% немесе 20% -ы сол ингредиент болған өсімдік өсетін елге беру қажет деген нақты директивасы жоқ. Сондықтан керемет пайдалы келісімшарт деп те айта қою қиын. Әрбір жағдай жеке-жеке  талқылануы тиіс.

Бұдан былай да сирек өсімдіктерге қатысты дау-дамай тез шешіле қоймайды, себебі әркім өз пайдасын ойлайтыны белгілі ғой. Фармокомпания әрине пайдасымен аса бөліскісі жоқ, бірақ бір шетінен оларды да түсінуге болады. мысалға жоғарыдағы Тамифлюға сол қытайдың ағашының қыртысы қолдануға болатынын білгенше, олар қаншама қыруар ингредиенттерді қарастырып шықты. Сол сияқты Африканың бір елінен мыңға жуық өсімдіктің түрін фармокомпания зерттеу үшін алады, ал сол мың өсімдік ішінен пайдалысы 10-шақтысы ғана болуы мүмкін. Жарайды дәрі жасалды одан 10 мил$ пайда түсті дегенмен де, ол дәрі жасалмастан бұрын зерттеулерге қаншама шығын кетті, ал ол жағын Африка елі білмейді, білгісі де келмейді. Осы жерден дау туындайды.

Бірақ бұл Нагоя протоколының бір жақсы жері, әйтеуір қалай болса да, бұдан былай, екі жақ келісіп, пайданы бөлісуге шақырады. Бұдан былайғы пайда.. Әйтпесе Африка елдері сонааау құлдық заманға апармақшы болған, оны айта берсе, Еуропа Азия, Африка елдеріне қаншама қарыз:). Ақыр аяғы бітпейтін жанжал ғой:). Бұдан басқа ауылшаруашылығындағы генетикалық өзгертулер жасалған өнімдер туралы да айтылған конвенция, ал мені мамандығым бойынша қоршаған ортаның экономикалық жағы болғасын, ол генети калық өзгерісіті өсімдіктер жағына басымды қатырып қызықпадым. Сондықтан тарихты былай қойып, бұдан былай сирек өсімдік пен жануарларды пайдалануға қатысты мәселелерді шешуде осы Нагоя протоколы база болатын заңнама деп қарастырса болады.

Ана каракули менің жапонша жазуым:)))). Дым баланс жоқ:))).

пысы

Қазіргі жапон премьер министрі Кан мырза осы протоколды қолдау үшін мега қыруар қаржы бөлді, себебі Нагоя протоколы деген стандарт сияқты нәрсе пайда болса Жапонияға + қой:). Ну енді Киото протоколы сияқты керемет әйгілі протокол бола ма бір Құдай біледі, бірақ сонда да мына қаламды ырымдап сақтап қоятын шығармын:)))))))))).

7 responses to “Биологиялық көптүрлілік туралы конвенция

Subscribe to comments with RSS.

  1. Каллиграфияны керемет жақсы көруші едім. Айтпақшы Алматы қаласы бойынша каллиграфиядан екінші ме, бірінші ме орын алғандығым туралы сертификатым бар)))

    • бәле шығарсың:).
      Менде ондай қызығушылық өмірі болған емес, былай өнер ретінде, басқалардың жазғанын тамашалағаным болмаса, немесе арап каллиграфиясын тамашалау..
      Ал осы иероглифтерді амалсыздан үйреніп келдім, қазір де амалсыздан))). Қолмен мүлдем жазбайм ғой жапонша, тек осындай арасында ғана болмаса.. Комппен жазғанда автоматты түрде иероглифтер өздері шығып отырады, кейде сол қажеттісін арасынан таңдап аласың дегендей, қолмен жазып қиналып керек те емес. Жалпы мен сияқты біреуге керемет қолайлы заман:)))).

    • 2 kisyk: tehni4no maktanyp kaldyn ba, Inim au? 😀

  2. көтере бағамен адыраспан бар!

    осындай тірлікпен жүрген жанды кездестірдім

  3. menimwe, juyrda tabiattan tuk kalmaityn sekildi 😦 bari ozgerip jatyr, ozgerip ajtyr…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: