Нагасакидің суреттерімен бөлісейін, біреулер қонаққа келгенде әйтеуір аралатып, өзім де жаңа тұстарын ашып қаламын:).
Жапон тарихымен таныс болсаңыздар
Нагасаки әрқашанда продвинутый қала болғаны белгілі. Әсіресе Токугава шёгундары (сёгун) билік еткен кезеңде Жапония әлеммен қатынасын үзіп, жабық ел саясатын ұстанды, ол кезеңде тек қана Голландиямен және көршілес Тайваньмен ғана қатынас жүргізді. Сол шетелдіктер осы Нагасакиге келетін. Оның өзі жылыны бір-екі рет келетін кемелермен ғана шектелді. Бірақ соның өзінде батыс ғылымының Жапонияға енуі осы Нагасакиден басталды, әсіресе медицина ғылымы.
Кейін 1853 жылы американдық Перридің қара кемесі (әскери кеме) баса көктеп жапон шекарасына кіргеннен кейін Жапония амалсыз басқа елдермен қатынасын бастауына тура келді. Бұрыннан порттық қала боп келген Нагасаки дамуға жаңа бастау алды. Бірталай шетелдіктер Нагасаки немесе Иокохама сияқты қалаларға келіп бизнес жүргізді. Қазір де Нагасакиде сол кісіер тұрған үйлер сақталған. Бұл ауданды Хигашияма яғни шығыс таулары дейді.
Мында ағылшын, француз тб шетелдіктердің үйлері сақталған, қазір оларды музей ретінде ашып қойған.
бұл жерге кіру ақысыз.
Көктем кезі, күн жайма-шуақ болды.
Содан музей десе бола ма?? вообщем тарихи үй ғой, ішінде алма шырынын ішіп шөлді басып дем алдық.
Осы үйдің атмосферасы ұнайды өзіме..
А сосын бұл үй ішінде виктория кезеңіндегі батыстың киімдерін киіп суретке түсуге болады. Жарты сағат 500 йен ғой дейм, қымбат емес әйтеуір.
Сол замандағы жиһаздар мен құралдар тұр бөлмелерде, екінші қабатындағы бөлмелереді ыспокойно аралап шығуға болады. Орындық, софаларға отырса да болады.
Былай енді ішінде көп те зат жоқ, бірақ сонда да өзіндік атмосферасы бар. Осы үйдің ішіндегі бар. Әртүрлі шарап пен коньяктар. Бағасына мән бермеппін, бірақ қымбат болмау керек.
Eң жоғарғы суреттен де көрініп тұрған шығар, таулы жер екені, бұрын ғой жатақханада тұрғанда күнде осыған ұқсас дөңге өрмеуші едім:).
Аты не деген ағаш болса да гүлдеген кезі әдемі:)
finally!=) birak eshten kesh jaksi demekshi nagasakimen tanistira bastaganina kuanishtimin! men unatkan parktin suretterin de ilshi
иә рахмет
сол сен айтқасын іле бастадым:)