бүгінгі күн әнегы:)))) қытайлықтардың ұраны:))))))   7 comments

Осы әңгіменің бастау алғаны заң сабағында болды, негізгі әңгіме Biodiversitу-ды сақтау төңірегінде болды. Яғни тірі жан-жануарлар мен өсімдіктердің көптүрлілігін сақтау, жоғалып бар жатқан түрлердің өзін ғана емес, сол тірі жәндіктің өмір сүретін ортасын сақтау. Мысалы бір құстың саны аз-ақ қалды десек, ол құсты көбейту жолдарын қараймыз. Бірақ оны адам көмегімен көбейткенмен де, сол құс өмір сүре алатындай табиғат болмаса ол бәрібір жоғалып кетеді.

Әңгіме содан басталды, содан орманға ауысты, орманның азаю себептерін сөз қылдық, әр елдің жағдайы әртүрлі Жапонияда орман көп, ол жағынан ада емес,  бізде сияқты әдейі өртеп сосын  кесіп, сатып жатқан ешкім жоқ, бірақ басқа мәселелері бар. Қытайда қалай десек. Қытай қазір әлемде ағаш отырғызушы мемлекеттер арасында лидерлер ішінде. Гоби шөлін тоқтату үшін жылдан-жылға көп ағаштар егуде. Соны мен айттым да, Лана сен не дейсің деп қасымдағы қытай қыздан сұрасам, ол жағын мен білмид екенмін деді. «Менің қаламда енді ондай қозғалыс аса байқалмайды. Бірақ ауылды жерлерде енді көп егетін шығар. Мен бір қала шетінен сондай үндеуі бар лозунг көргенмін» дейді. Қандай десек «Ағаштарды көбірек егейік, ал бала табуды азайтайық» деген лозунг демесі бар ма. Уахахахахахахахаахаха . Қытайда енді ондай мүмкін шығар дейміз. Жоо шынмен көргем:)))),  нууууу енді ағашты егу екпеу оны енді өзің білесің ғой, бірақ баланы енді бірден артық болмайды ғой деген нәрсе ғой :))))) деп Лана өзі күледі:).

Ертең айтпақшы басқа бір универден бір керемет профессор келу керек лекция оқуға. Лекцияның тақырыбы альтернативті энергия көздері екен. Қызық нәрсе болатын сияқты барып көрейін деп отырмын. Уақытын білем бірақ қай жерде екенін ешкім білмид, универде еш жерде постер жоқ неге екені??. Содан жаңағы заң сабағының мұғаліміне» қайда болатынын білесіз бе»- дейм. «Ато Химено Сенсейден (өзімнің профессорым) сұрап едім, ол кісі артынан мэйлмен жіберем деп еді, сол беті ұмытып кеткен сияқты»- дейм.  Заң сабағының мұғалімі: «А, дәл қазір менде енді қайда екенін білмим, бірақ мэйлде болу керек қарап айтайын» деді. Содан ол профессордың артынан бөлмесіне бардым. Ол кісі мэйлды іздеп жатыр, мен отырмын жан-жағыма қарап. Бір кезде қарасам пакеттен бір өсімдік қылтиып шығып тұр. Сенсей мынау не өсімдік? дейм. А бұл айтпақшы Нагасакиде ғана өсетін гүл, біреу сыйлаған еді, содан бері тұр осы жерде, осыған қарайтындай адам емес екенмін деп, пакет ішіне қарап, ооййбуууу мынау өлейін деп қалыпты ғой дейді. Сенсей олай болса, қарай алатын біреуге берсеңізші дейм. Мүмкін сен аларсың дейді. Мен айтам оой Сенсей менің қолымнан ол келмид екен дейм. алдында бір орхидея алып, ол бейшара екі айдан соң өліп қалды дейм, так ышто сіздің әр жақ бер жағыңызбын дейм:)))

Енді қазір үйге кеп, әлгі гүлдің тағдыры не болады екен деп отырмын:). Анар құрбым болғанда ғой, бірден жабыса кетер еді, гүлдің манияғы подругам ғой:))))))). «Маған Жапониядан неші түрлі бегонияның тұқымдарын әкеп бер» деп, то ана сайт, то мына сайт деп, өзі жапонша түсінбесе де, неше түрлі жапон сайттарының линктерін береді:)))). (Махаббат не істетпейді:)))))))))). Шын айтсам енді маған ол көрсеткен Бегониялардың айырмашылығы дым көрінбейді, бәрі бірдей сияқты:))). Бір күні бір  қасымдағы Home Garden деген дүкенге арнайы барып ол құрбымның Бегонияларын қарау керек боп жүр өзі:).

7 responses to “бүгінгі күн әнегы:)))) қытайлықтардың ұраны:))))))

Subscribe to comments with RSS.

  1. Ана заң сабағының қайда болатынын іздегенің жайлы жазғаныңды оқып, есіме Гай Ричидің кинолары түсіп кетті, сондай динамикалы, сондай аласапыран)))))))

    Қытайлардың лозунгысы өлтірген екен. Негізі ешкімге ұқсамайтын халық қой, мәселен, адамдар секірмесін деп фабрикасы үйлерінің айналасын тормен қоршап тастайды))))))

  2. гүлді мен де жақсы көрем, имеено горшокта өсетін. өткенде дүкенде жыл бойы гүлдей беретін қызғалдақ көрдім. Әкем екеуміз қараймыз үйдегі гүлдерге 🙂
    Жанка, сенің жүрген жерің комедия бар ғой :))

    • тек Нагасакиде өсетін нәрсе дегесін өзім де қызығып қалдым:))). Әдемілігінен сирек болғаны супер боп көрінді. Ала салайын ба деп бір оқталдым, бірақ кейін гүл қалай деген әңгіме болады, ол бейшаа өліп қалса, ой орман боп кетті деп өтірік айтып жүргеннен деп:)))

  3. Қытай тамағына саясат қосып жейтін халық қой. У нас должен рождаться всего один ребенок. Один ребенок, но качественый дейтіндері тағы бар олардың.

  4. жазбаңды оқып студенттік жылдырымды сағыныыыыып кеттім. қандай бақыттысың. осы күндердің қадірін біліп жүргейсің, Жан!

    +5

  5. жалғыз перзентпен шектейтін бұлар құдайға не жазды екен дейімда

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: