Әттең Стэфан..   6 comments

Мұзда мәнерлеп сырғанаудың фанаты екенімді білесіңдер ғой:). Оның ішінде ұнайтыны осы Стэфан Ламбьель еді.

Қазір енді үлкен спорттан кетті, арасында айс шоуларға қатысады. Әлемде фанаты көп фигуристтерден Плющенко мен осы Ламбьель шығар.

Туриндегі олимпиадада Плющенко алтын алса, Стэфан күміс алды, ал Ванкуверде жолы болмады.

Енді бар ғой супер фигурист , сөзбен жткізу мүмкін еместей:).  Сырғанауында ерекше бір мән бардай, еріксіз көзіңді алмай қарайсың. Техникасы да жаман емес бірақ бұл фигуристтің ең кереметі жанын беріп сырғанағанда, өз әлемі бардай көрінеді сырғанауын тамашалаған кезде. Маған осы бір гусар ма сондай киім киіп сырғанайтын бағдарламасы ұнайтын.Стэфан Ламбьель де жарақат алып 2008 ж спорттан кетіп қайта келген еді, талмай еңбек ететін адам, сыйламасқа болмайды, и вааще пыросто красавчик жігіт:).

Стэфан 1985 ж. Швейцарияда туған, соответственно Швейцария азаматы. 7 жасынан бастап конькиге тұрған, содан екі жыл өзі машықтанғасын, 9 жасынын бастап професиональды тренердІң қол астында дайындала бастайды. Ерекше жетістіктері туралы айтсақ 2005 және 2006 жж. әлем чемпионы атағы бар. Жоғарыда айтқандай олимпиаданың күміс жүлдегері.

Ерекше пластикасы бар, сосын басқа фигуристтерде жоқ спиннің жылдамдығы бар. Бір орында түрып айналуы кімнен болса да тез, осы ерекшелігі үшін де фанаттары өледі:).

Әртүрлі программаларын қарасаң, көбіне аса жылдам спинмен бітіреді, өзінің трйд маркі десе болады.

Ал мына сол жақтағы сурет ол жарыс бағдарламасы емес, жарыстан кейінгі, соңғы күн үшін жасалған көрсетілім бағдарламасы екен. Мен неге екені бұрын көрмеппін, жақында ғана инеттен кездейсоқ көріп қалдым. Енді бар ғой сөзбен айту қиын, жалпы бағдарлама Ромео мен Джульеттаны тақырып еткен, ана қолындағы ақ гүлді Джульетта деп алса болады.

Ең аяғындағы Джульеттамен қоса өлгендей боп, нуу прям қатты берілген бағдарлама екен, аж көзімнен жас шықты:). Ішіндегі элементтері де керемет бір бос жері жоқ бағдарлама, сосын бір қызығы мұндай жарыс емес, жәй көрсетілім бағдарламасына ең қиын 4-тІк элементті енгізетін фигурист өте аз ғой. ~ айфоныма көшіріп қойдым~

Арасындағы спинде жылағандай боп, қайғырғанын көрсеткені, Құдайға жалбарынған кезі де керемет енді. Астыңғы видеодан қарасаңыздар болады. Негізі ескі нәрсе, 3 жыл бұрынғы зат.  Бірақ видеоның сапасы жақсы. Негізі бұл бағдараламаның инетте бірнеше варианты бар екен. С-Петербургте, сосын Гетебургте, бірақ менше ең таза орындалу осы Жапониядағысы сияқты. Секіріп қонғанда да тап-таза орындалу болды. Бірақ әрине камераның орналасуы, түсірілуі әртүрлі, жапондар жақыннан көп алған екен. Онысы енді бір щетінен жақсы, бірақ кей әдемі элементтері тым жақын алғаннан әсерсіз боп қалған. Бірақ жалпылай алғанда өте жақсы видео. Айтпақшы Ромео Джульеттадан соң Фламенкосы да бар. Стэптері керемет Фламенкодағығ ақыр аяғындағы спины да әрине. Өз тілі француз тілі ғой бірақ ағылшынша да жақсы да білед, акценты күшті енді:))).

Осы жылы Такахаши Дайсукеге де көрсетілім бағдарламасын қойып берді.  Амели фильмының саундтрэгіне жасалған бағдарлама, керемет жақсы бағдарлама осы маусым бойынша орындап шығар енді Такахаши Дайсуке.

Сосын айтпақшы Денис Теннің де хореографы екен. Дениске арналған қысқа программ Буэнос Айрес көктемі (Primavera Porteno by Astor Piazolla) деген танго музыкасына жасалған бағдарлама. Музыка басталған ең алғашқы стэпынан-ақ Стэфанның стилін байқауға болады:).

6 responses to “Әттең Стэфан..

Subscribe to comments with RSS.

  1. біздің 93 ж. фигуртисканы(аты жөні есімде жоқ 😦 ) көрсетіп жатыр кеше. Мао Асаданы кумир етеді жапондық дегенде… сенің блогынан тамашалап едік талай деп жымыйдым 🙂

  2. Осы қысқы Олимпиадада Дениске көп жауапкершілік артып отыр.

  3. Atten emes, kairan Stefan desek kalai? 🙂 Jalpy suikti sportshyn ulken sporttan ketse kadimgidei juregin auyrady… Men Bir marte jenilis kormegen Irina Rodninany kurmetteimin.

  4. Түсініксіз видео

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: