Інжу-Pearl   17 comments

Осы жаздағы інжумен қатысты бір experience-ыммен бөлісейін:). Жапония інжулерімен атақты бірден-бір ел ғой. Мысалға Акойя інжулері..

Осы жазда қыздармен жақын жердегі Сасебо қаласына барғанбыз, сол жердегі окенариумде келген қонақтарға арнап інжу бұрышын жасаған екен. Қалаған адам 500 йен (6$) төлеп інжу ракушкасын ашып, ішінен інжуді алуына болады.

Eң бірінші устрицаны таңдап аласыз.

Інжу осындай устрица ішінде өседі екен. Басқа асыл тастар өңдеуді қажет етсе,  інжуді сол табиғат жасаған күйінде пайдаланамыз. Інжудің пайда болуы да қызық қой, былайша айтқанда устрицаның ішінде пайда болған паразит деп айтса болады. Устрицаның ішіне қоқым түсіп кеткенде, (теңіз түбіндегі құм болуы мүмкін) оны устрица  өз бетімен сыртқа шығара алмайды, тек онымен қарсы күресу үшін кристалдық заттар бөліп шығарады да, әлгі қоқымның сыртын мл-мл (түсінбегендерге арнайы милиметрді қысқарттым:)) деп орай бастайды. Солайша перламутр тас пайда болады. Негізі  розовый інжулер ең керемет боп саналады.  Сосын Таитидің қара інжулері де бар ғой атақты. Бірақ әрине әркім өзіне келер түсті таңдайды. Мысалға мен өзім қара інжуді жақсы көремін:). Інжуді барлық мидия, устрицалар жасайды екен, бірақ әрине ол устрицаның ішіне құмның түсуі түспеуі, түскен өзінде де, улиткаға жем болмай өсіп шығуы, інжуді өте бағалы тас етті.

содан кейін қолыңызға қолғап киіп, устрицаны пышақпен ақырындап ашасыз..

Інжудің тарихына қатысты айта кетсем, бұрындары інжу өте-мөте қымбат асыл тас болатын, бірақ кейін 20ғ. басында Кокичи Микимото деген жапондық  інжуді қолдан өсіруді алғаш ойлап тапқан болатын. Табиғи процестен еш айырмасы жоқ, тек устрицаның ішінде құмды өзі салған болатын. Бірнеше жыл эксперименттерді жалғастырған ол әзер дегенде розовый інжуін жасап шығарады . Кейін 1921 ж. паттенттеген тәсілін қазір көптеген елдерде пайдаланады. Басында еуропалықтар шын інжу болуы мүмкін емес деп, тексерген екен, нәтижесінде табиғи інжуден айырмашылығы жоғы белгілі болады.  Қазір енді Микимото інжулері деген атымен әлемге әйгілі брэндке айналды ғой .


 

 

 

 

Абайлап ашасыз

Негізі біз барған жерде енді дайын устрицаны ашатын болса,Жапонияның қай жерінде екенін білмим бірақ ең басындағы процесске де қатысуға болады екен. Жаңағы жоғарыда айтқандай устрицаның ішіне құмды салуға болады екен. Арнайы шприцпен кіргізеді менше құмды. Содан кейін бір жылдан кейін бе екен, әлгі устрицаны ашып өзің жасаған інжуді алуыңа болады. Бірақ енді машықтанбаған адам салғасын мынадай дөңгелек інжу емес, формасы бүдір-бүдір нәрсе боп қалады екен көбіне:). Бірақ есесіне өзің басынан жасаған інжу болады, супер ғой:))). Ну енді арасындағы процесс, ол устрицаны қорғау жағын арнайы адамдар қарайды ғой. Жаңағы устрицаны салған судың тағамдық қабілетін сосын судың температурасын бақылап отырады ғой, себебі тым ыссы болса тағы болмайды дегендей. Сосын бұл устрицаларды жейтін улиткалардың қаптап кетпеуін де бақылау керек. Тайфун келсе ол да әсер етеді..

 

 

 

 

 

Ашқасын мынадай болады.

Мұндай бағалы тас алатын інжудің суының температурасын енді қадағалап отырады ғой. Бірақ мысалы биыл адамдар тағам ретінде жейтін мидияларға қатысты айтар болсам,  мидия, устрицалар көбісі ағып кетті. Жапония солтүстігінде жаз бойы теңіз температурасы 35-тен түспей қойғасын биыл мен жақсы көретін хотатэ деген минералы көп, әрі дәмді мидиялар 90%ке жуығы ағып кетіпті.  Қақпақшаның ішін ашса көбі бос боп шықты. Климаттың өзгеруі бар жерде өз әсерін көрсетуде. Әйтпесе бәрі баланста тұрған теңіз өмірі ғой.

пысы:

Эля мен Кеннің комментінен кейін толықтырайын дедім. Тұщы суда, яғни көлде өскен інжулер мен теңізде өскен інжулер бар. Теңіздің інжулері қымбатырақ болады. Теңіздегі інжулердің күтімі қиындау болғаннан шамасы, толқыны көп, сосын қай уақытты келетіні белгісіз тайфуны бар дегендей.  Теңіздегі інжулердің түсі әдемірек, сосын сыртындағы перламутры көбірек сақталады дейді білгіштер. Жалпы қаншама қолдан өсіргеннің өзінде де, жылда өсіп шығатын інжудің тек 5% ғана формасы, түсі әдемі інжу болып шығады екен. Сорттаудан өтпеген інжулерді косметология саласында қолданатынын білемін. Формаса онша еместерді ұн сияқты қып үгітіп,тауар жасайды. Қытайда бір інжу фабрикасына барғанда ұнтағын алуға болатын, бетке маска жасауға. Кремдерге де пайдаланады. Басқа да қолданыс тәсілдері бар шығар.

Мен ашқан устрицадан мынадай сұрғылт түсті інжу шықты

Ал басқа құрбым мынадай інжу ап шықты

сол жерде бірден кулон не жүзік, не мобайлға әшекей жасап береді егер қаласаңыз. Мен кулон жасаттым. Ол кулон Роза құрбыма бұйырды:).

Айтпақшы інжуден жасалған әшекейіңіз болса, көп уақыт әшекей қобдишасында қалып қалмасын, тірі жәндіктен шыққан тас болғасын неғұрлым көбірек тақсаңыз түсі әсерлене түседі дейді. Теріге тигені інжудің түсіне ықпал етеді екен, себебі тағылмай қалса өңі бұлыңғырланып кетуі мүмкін.

Інжуғе қатысты білетінім осы енді, сіздерге ұнаған шығар деп үміттенем:)


17 responses to “Інжу-Pearl

Subscribe to comments with RSS.

  1. Тема ғой мынау. Өзің өсірген мүлдем әсерлі шығар ә? Рақмет керемет жазба!

  2. «әлгі қоқымның сыртын мл-мл деп орай бастайды»
    Ха-ха, мл-мл дегенің не сонда? )))))
    Күшті жазба, көп нәрсе біліп қалдым. Рахмет! 🙂

  3. Мен де сол мл-мл деген жерді екі қайтара оқып, ойланып қалдым. Қандай сөзді қысқартты екен деп. Жаңа бір сөз ойлап тапқан сияқты ғой.

    мл-мл, мл-мл 🙂

  4. Бала кезімізде арыққа шомылуға барғанда осындайларды үйіп жинап, таспен жаратынбыз, жемчугын аламыз деп.
    Бірақ іштерінен ондай нәрсе табылмайтын. Бәлкім біздегілер устрицаның басқа түрі шығар. Бірақ мына суреттегілердің түрі де, пішіні де солардан аумайды екен.

    мл дегені миллиметр шығар

    • осы сен болмасаң:). Бәрі мл дегенді ұқпапты:))).
      онысын білмедім енді мүмкін сорты ондай емес шығар. Бірақ судың құрамы да әсер етуі мүмкін.

    • хаха точно:)))))) негізі өзіме де не то сияқты көрінед та бірақ солай ғой деп ойладым да жаза салдым. Еще неге түсібейд деп ренжим:))) тұра берсін солай енді неграмотный боп, жөндемим:))))

  5. cосын теңізде / көлде өсірілген деп те бөлінеді ғой. көлдікілер майдалау болады байқауымша. сен інжу бағасы Нагасакиде жақсы дегенің есімде, қанша екен сонда шамамен? қытайдың інжулері ұнайды маған. салмағы бар, сосын «добал-добалдай» =)

    • бағалары енді әртүрлі формасына қарай түсіне қарай, бірақ мысалы бір құрбым үлкендігі 7-8 мл інжуден жасалған ұзындығы 45-48 см-дей, байлауышы алтыннан, шамамен 100$-ға алды. Шамамен 70-80$-дан басталады бағалары. Бұл енді тұщы судың інжулері. Ал теңіздігі дәл сондай болса екі есе немесе одан әрі жоғары болады.

  6. Осы жақында ғана Жюль Вернның «Су астында өткен жиырма мың лье» деген шығармасын оқып едім. Сонда осы устрицалар, маржан туралы әдемі жазылған. Капитан Немоның су асты үңгіріндегі жалғаз тұрған үлкен устрицаның ішіне өсірген маржаны туралы күшті сипатталады.
    Өзіңе өсіруге мүмкіндік беретіндері күшті екен…

    • маған да Жюль Вернның сол шығармасы ұнайды.
      ол кезде інжулер деген керемет қымбат болған тіпті 20ғ, басында 4керемет інжуге Нью-Йорктың орталығынан дүкен арналған орын да сатып алынған мысал бар екен.

  7. анау кулон маған бұйырды ма сонда? мен де Розамын ғой деееп дәмеленіп кеттім ғой 🙂 керемет суреттер, інжуді қалай табуға болатынын бізге жеткізгеніңізге рахмет!

  8. рахмет, пайдалы ақпаратқа толы екен. інжу сырға-моншағым бар еді көптен тағылмаған, түсі кететін болса енді жиі тағуға тура келеді 🙂

  9. Түсінгенім мына қыз моншағын жоғалтып алған. Қызықты…

  10. Рахмет! Мына ангимениз кызыкты екен. Маржанды билем, кателеспесем, Инжу деген де сонын сынары болганы гой. Солай ма? Егиз кыздарымнын аттарын Инжу Маржан деп койсак деген оймен акпарат издеп едим. Калай ойлайсыздар? Кызык, мен унеми тусимде сары жане жасыл моншак коремин.

    • Комментке рахмет Камила
      әйтеуір біреусі жемчуг бірі коралл болу керек.
      Күшті аттар ғой Маржан да Інжу де. Бірақ соңғы кезде Інжу атын көп қоятын, популар аттардың қатарына кіріпті, кейін бір класста бірнеше Інжу болып ыңғайсыз болады қызыңызға демесеңіз әдемі ат екеніне дау жоқ әрине.Мысалы Маржан, Меруерт деп қойса да болады мысалға, екеуі де асыл тасқа жатады

Пікір қалдыру altygradus Жауап беруден бас тарту

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Google photo

You are commenting using your Google account. Log Out /  Өзгерту )

Twitter picture

You are commenting using your Twitter account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: