Қоқыс лақтыру   18 comments

Жапонияда кез келген уақытта қоқысты лақтыра алмайсың, баяғыдағы бір универ туралы постымда жазған едім ғой. Қазір ғой бұрынғыдай емес, квартираға шыққасын қоқысты уақытында лақтырып үлгермесең қалады келесіге дейін. Мынау менің бір апталық пластик қоқысым.

Жапондарда не көп, пластик қоқыс көп. Осы пластик қоқыс ішінде жүзім салған пластик, алма салған пластик, йогурттың ыдысы сияқты заттар. Айтпақшы йогурт ыдысын лақтырарда жуып лақтыру керек:).

Осындайдан тағы бір пакет тұр, өткен аптаның қоқысы:). Өткен сәрсенбі күні кеш тұрып, лақтырып үлгермегенмін. Аптасына бір ақ рет болғасын менде көбіне осылай қап қояды, екі аптаның пластик қоқысын жинап бірақ лақтырамын көбіне, арасында пысық болып кеткен кездері болмаса:). Пластик қоқыс енді көгеріп, не иісі шығатын емес, орын алады дегені болмаса, бір бұрышта тұрып, былай зияны жоқ болғасын сабаққа шығып бара жатқанда ұмтылып қалатыны бар. Үйге жақын жерде арнайы бір жерге қойып қоямыз, содан арнайы машина кеп ап кетеді.

Ана артында тұрған қызыл ыдысқа ас үй қоқысы, жанатын қоқысты жинаймын, иіс шықпас үшін осы бір бакты алғанмын. Оны сол дүйсенбі және бейсенбі күндері лақтыру керек. Ол енді иісі шығуы мүмкін болғасын уақытында лақтырылады.

Осындай жүйеге әбден үйреніп алған мен, осы жазда Алматыға барғанда жамааан болдым ғой. Үйдегі қоқысты бәрін былықтырып тастағанға жаман жүрегің ауырады екен тегі..

Пластиктерді бөліп лақтырып, оларды өңдеген қандай жақсы, әйтпесе пластик ол бір мәңгі материал ғой, шірімейд та, дәнеңе етпейді. Пластик бөтелке, полиэтилен пакет топыраққа сіңуіне 500 жыл кетеді. Қазір полиэтилен пакеттерді тасталмаған жері жоқ, теңіз акулаларының асқазанынан да шығып жатыр.. Сосын қайта өңделген пластик пен жаңа пластик өнімді шығаруға жұмсалатын энергияны есептегенде, қайта өңдеуде ауаға CO2- көмірқышқыл ғазы 90% ке аз шығады.

Адамдар өзімізге өзіміз жаумыз.

18 responses to “Қоқыс лақтыру

Subscribe to comments with RSS.

  1. Блиииииииин. Біз ешқашан ондай дәрежеге жетпейтін шығармыз. Басқасы басқа, бірақ біздегі осы мусор мәселесі менің жаман жыныма тиеді.

  2. Менің мамам да осылай сортировать етіп бірәқ лақтырады. Ал біз Алматыда ондай жүйеге үйренбегенбіз, бәрін бір пакетке саламыз да контейнерге лақтыра саламыз, одан соң оны бомждар өйдейді.

    • сортта сорттама – ҚЗ-да бәрі бір жерге барады ғой бәрібір. қайта өндеу зауыттар орнамағанша бұл мәселенің өзгеретініне де шүбәм көп.

  3. Жақсы екен, онысы. Біздегі қоқыстан жүрегің айниды ғой…

  4. тіс пастасының тюбигін де тазалап лақтыру керек дегенді естігем. оны қалай тазалайды екен?

  5. Көңілді екен.

  6. Ал егер жумай лақтырсаң не болады?

  7. slishkom goi, yougurttin idisin juip salu, ondeu zauitina barganda da olardin oni tazalau technologiyasi jok degenge senbeym. Jalpi Japandiktar molodec. Kezinde 20 gasir basinda amerikadan kop uyrengen, kazir Amerikandiktar olardan kop uyrenedi. «Accuracy» jaginan japondiktardin aldina eshkim shyga koymaytin shygar.

    • жо бұл жерде менше мәселе технология жетпегендіктен емес, санитария, гигиенаға байланысты. Жуылмаған пластик ыдыстар, оны далаға шығарасың ол тұрады солай ең аз дегенде 3-4 сағат, тіпті одан көп бір түн бойы тұрад мысалға, ал зауыт жаққа апарарда да жолы бар, жанатын қоқыс сияқты емес, бірден жаға салатын, содан шыққан иістер крысаларды шақырып тұрады деген сияқты жақтарын ескергендері менше

  8. сосын қоқыс салынған пакеттің ішінен желін сорып алады ма?
    послемрак деген кітапта солай еткені есімде қалыпты

    • сосын білмедім қалай жасайтындарын. Теңізден жер жасау үшін пайдаланарда ішінен ауасын сорып престейтін шығар, ол жағын білмедім енді

  9. туһһ, мына қоқысқа ғашық болып қалдым ғой 🙂
    Үнді елі бұған бұл мыңжылдықта жетпейтін шығар, күнделікті көріп жүргендерімді назарға алсам 😦

  10. Үндіні қайтесің, өзімізді айтсайшы))))))

  11. Қайтарма үнқосу: Страна, которой невозможно сказать «прощай».. DAY 5 | саяхаттарым

  12. ))))))))))))))))))) Жапондықтардың кез келген нәрсеге ыждаһаттылықпен қарайтыны осыдан – ақ, көрініп тұр…

Пікір қалдыру

Fill in your details below or click an icon to log in:

WordPress.com Logo

You are commenting using your WordPress.com account. Log Out /  Өзгерту )

Facebook photo

You are commenting using your Facebook account. Log Out /  Өзгерту )

Connecting to %s

%d bloggers like this: