Қазір Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынас ушығып тұр. Ертайдың постынан нендей жағдайда екенін оқысаңыздар болады. Ал мен жапондар бұл туралы не деп жатыр соны жазбақпын.
Әңгәменің басты тақырыбы Қытайдығы анти-жапондық демонстрациялар.Жапонияға қарсы демонстрациялар артуда. Ал себебіне келгенде ең басты мәселе Қытайдағы оқу бағдарламасының әсері бар менше. Себебі 90-жылдан кейінгі енгізілген оқулықтарда екінші дуние жүзілік соғыс кезіндегі жапондардың басқыншылығы туралы тек қана жазып қана қоймай, видеомен де сипаттап берген жерлері де бар. Тіпті басқыншы жапон солдаттарының күнделіктерінен де үзінді келтірілген. Вообщем жапондардан жауыз ешкім жоқ дегенге келтірген. Осындай жауыздардан құтқарған партия, партия қазіргі Қытайды құрады, қалыптастырды, егер қазіргі Партия болмағанда Қытай құритын еді деген астыртын пропагандасы бар. Осылайша патриотизмді қалыптастырмақ ниетпен жасалған.
Бірақ бұл оқулықтар себептен гөрі түрткі болды, ал ана кеменің ұсталуы сылтау болды. Былтырғы Қытайдағы Шыңжаңдағы ұлт аралық қақтығыстар, сосын Тибет ол бар, соңғы кезде Қытайда көтерілістер көп. Бұл оқиғалар Қытай қоғамындағы дағдарысын көрсетеді. Сол сияқты осы жолғы демонстрацияға шыққандар көбісі жастар. Универ бітірсе де дені дұрыс жұмысы жоқ көбісінің. Мындағы қытай құрбым айтады, «соған қатысып жүргендер өңкей еріккен біреулер, жұмысы жоқ далада жүрген біреулер ғой. Үйтіп қырып жоямыз деген демоға қатысқанша, жұмыс істемей ма одан да бос уақыты болса» -дейді.
Иә, шынымен соңғы жылдардағы Қытайдың экономикасы тоқтаусыз өрлеуде. GDP-де -өсуде, ал бірақ қоғамда бай мен кедей арасындағы айырмалышық жылдан-жылға арта беруде. Әрине бұл жағдайға көңлі толмайтындар көп, за бортом қалған қытайлар арасында қазір қайтадан Мао Цзе Дунның популяритсі арта бастапты. Олардың айтуынша «иә Маоның жүргізген саясаты көп адамға қиын болды, кедей болдық, ал қазір Қытай жылдан жылға баю үстінде, бірақ Мао кезінде бәріміз бірдей едік, бай кедей деген болмап еді» деген сөздерінен экономикалық дамудан тысқары қалғандардың қазіргі үкіметке наразылығын көруге болады.
Одан басқа бір топ, ол бостандықты талап етушілер тобы. Демократиялық жолға түсуге әрине партия жібермейді. Бүкіл медияны партия қадағалауда, осы жолғы бейбітшілік нобель сыйлығын алған қытайлық туралы айта бастаған хабарлардың эфирын үзіп тастады. Қытайдағы демократияға күресіп түрмеде отырған қытайлықты марапаттау әрине партияға қажеті жоқ, бүкіл медияны қолға алып, тіпті интернетте іздеу жүргізсе түк шықпайтындай етіп тастаған.
Сосын қазіргі қытайлық жастардың психологиясы ол бір фактор, себебі қазіргі жастары бәрібір бөлек, үкіметке наразылықтары бар, бірақ қарсылық білдірейін десе білдіре алмайды, осылайша анти-жапондық демоларға қатыса отырып білдіртпей қазіргі жүйеге наразылықтарын шығаруда, стресс снимают десе болар:).
Сосын осы бір демонстрациялардың артуына Чилидегі жағдайдың да әсері жоқ емес екен. Мысалға Чилиде 33 адамды бүкіл әлем боп құтқарды, бұл Қытай медияларынан көрсетілді. Осыдан кейін кей интернет сайттарда Қытайда жыл сайын жүздеген шахтерлер өледі, біздің елде ондайға қарап жатқан ешкім жоқ, адам жанының біздің елде құны болмағаны ма? біздің басшылар дым да жасамайды ғой ондай жағдайда деген пікірлер интернетте жазылған екен. Бұл жастар арасындағы қазіргі партияға деген наразылығының бір шеті. Чилиде адамды құтқару үшін мүмкін және мүмкін еместің бәрі жасалды, ал біздің мемлекет адамды қаншалықты қорғай алады?? деп қазіргі үкіметке деген күдіктері айтылған.
Бұл енді жапондық және басқа елдің сарапшыларының айтып жатқандары. Мен өзім байқағанымдай қазіргі партияға наразылық артуда ол анық. Ал бірақ жақын арада батыс қоғамы күтетіндей қоғамдық жарылыс әлі бола қоймас.
ммм… өте қызық мәліметтер; ал жапон жастары бұл демонстрацияларға қалай қарайды?
жапон жастарына пофигу:) сыртта не боп жатыр шаруалары жоқ
ниппон банзай!
Қайтарма үнқосу: Neweurasia – Kazakhstan » Жапондар iPod шығаруға қазақтың металын пайдаланбақ
Қайтарма үнқосу: neweurasia.net » Для производства iPod японцы будут использовать казахстанский металл
Қытайдан келген оралман баладан естіп едім, бала күнде соғыс ойнағанда жапондармен шайқасып ойнайтынбюыз дегенді. Біз ақтар мен қызылдар, немістер мен советтер болып атысушы едік. Содан ба неміс десе аса бір қаніпезерлер елестейтін. Қытайда да солай екен. Жапондар олар үшін соңғы жау.