2009 жылдың үздік сериалдарының бірі. Рейтингте 4-орынды алған бұл дораманың ерекшелігі махаббат, романтика толы. Соңғы жылдардағы жапон сериалдарындағы бір тенденция махаббат тақырыбындағы сериалдар аса жоғары рейтингке ие болмайды, демек жоғары орын алатындай тартымдылығы болғаны. Сосын бір қызығы 40-тан асқан әйелдер арасында атақты бопты. Өзім ол кезде Қазақстанда болғасын дәл сол кезде көре алмадым бірақ тіпті индонезиялық жігіт достарым өліп көрген еді, фейсбуктағы статустарында Наоки Рико деп жүретін:))). Сол кезден ақ любопытная болған сериал еді,қарағасын өзіме қатты ұнады, хотя мен романтикалық фильм, сериалдарды ұнатпасам да, бұл сериалды көрсеңдер өкінбейсіңдер деймін.
Негізгі оқиға скрипачка Рико деген қыз бен баскетболшы Наоки деген жігіттің төңірегінде өрбиді.
Рико өте ашық, жайдары қыз. Жәй кәдімгі отбасынан шыққан. Скрипканы сүйеді бірақ тек музыкамен күн көру мүмкін емес ау деп қиналып жүрген қыз. Себебі бітірген консерваториясы екінші сорттағы деп айтса болады, атақты консерваторияның түлегі болмағасын да лайықты оркестрге жұмысқа орналасу өте қиын. Бірақ сондай қиындықтарға қарамастан ылғи да әртүрлі прослушкаларға барып, қайтсем де оркестрға кіргім келеді, музыканы мамандық еткім келеді деген арманын тастағысы келмей күнде тырысып бағуда.
Былай музыкаға келгенде пысық болғанмен үй шаруасына ноль деген жағы да бар:))).
Әке-шешесінен алыста тұратын ол, Май деген құрбысы екеуі пәтерде тұрады. Май да музыкант, ол флейтада ойнайтын қыз, сосын Май болса оғар қарама-қарсы үй шаруасына пысық қыз:)))
Маған Майдың киім стилі ұнады. Желбіреген юбкалар киеді және құлағында өмірі салпыншақ сырғалар:))).
Рико мен Наокидің таныстығы кешкісін, үй жанындағы ойын алаңында Риконың скрипка ойнап жатқан жерінен кездейсоқ кездесуден басталады. Бірақ кездейсоқ дегенмен де екеуі кездесуі керек еді. Тағдыр??:).
Наоки болса баскетбол лигасындағы бір атақты командада ойнайды.Соңғы кездері өзінің дәрежесіне күмәнданып, өзіне деген сенімінен айрыла бастаған деген сияқты ішкі комплекстері бар.
Менің қолдаушыларым да жоқ, маған жанкүйер болатын адам да жоқ деген Наокидің сөзіне Рико» Онда мен сенің алғашқы фанатың болайын» деген сөзінен кейін, прям мен өзім осы Риконы ойнаған Китагава Кёконың фанаты болдым:)))). Млиин сондай сүйкімді момент, көрген адам түсінер деп ойлаймын:).
Әрине Рико мен Наоки танысты деп екеуінің арасы керемет боп кетпейді
себебі Наокидің үйленемін деп жүрген қызы бар (оң жақта)
Спортсменка, комсомолка воощем енді бір супер-пупер қыз десе болады.
Рико да танысып, кездесіп жүрген жігіті бар. Нууу енді керемет жігіті деп айтпаса да, бірақ сонда да…. (сол жақта)
Бәрін айта берсем қызығы қалмас, вообщем бұл сериал махаббат және алға қойған мақсатқа жету, адамға сену, арманнан бас тартпау дегені басты жерлері.
Әрине романтика және де романтика..
Екеуі не болатын болды деп, көз алмай қарайтын сериал. Іш пыстыратын моменттері жоқ. Сосын осы сериалдың ең керемет дүниелерінің бірі саундтректері мықты. Алғашқы опенинг әні керемет, біраз уақытқа дейін айфонымдағы басты плейлистте жүрді.
B\’z Ichibuto zenbu тобын тыңдап көрсеңіздер болады.
Ямапидің бұл сериалдағы ролі маған бір қызық болды, себебі мен алдында Кол Блюды тастамай көрген адаммын, онда беті бүлк етпей біреудің аяғын, біреудің қолын ампутация жасауға дайын тұрған салқын қанды хирургты ойнаған еді. Ал мында тегі қыздардың арманы:))))). Сондай добрый, онымен қоса тамақты да жақсы жасайды, еш қиналмай ақ үйді де жинай салады. Вообщем мүлдем бөлек амплуа. Осы сериалдан соң Ямапи (Наоки) красавчик деген стереотип одан әрі артты. Ямапидің мускулдары уаааааа деп қараған қыздар да көбейген екен:))))))))).
Жалпы осы дораманың атмосферасы керемет, барлық ұсақ-түйекке көңіл бөлінген. Наокидің киім киісі, Майдың стилі қатты ұнады. Сосын ең бір ұнаған нәрсе, мына алаң, LOVE MAKES ME STRONGER деген жазуымен осы сериалды ашып тұрған бірден бір жері. Осы жері сондай көңілде қалатын бір сәт:).
Романтикасы көп болғасын бұл дорама кәріс дорамаларына жақын деп айтса болады.Точно Айконың ма-ма деп қарайтын сериалы:)))). Зереден көшіріп қара:).
Ал жалпы бұл дораманымегаторрентс.кзтен көшіріп алсаңыздар болады. Әйтеуір мегалайн аман болсын:))). Не орыстардың торрентінде де бар. Ал орысша білмеймін деген адамдар. mysoju- дан немесе dramacrazy.net-тен онлайын қарасаңыздар болады. Орысша аударғанда кейде аса болмайды сапасы, ал мына Mysojuлардағы ағылшынша аудармасы өте сапалы. Сосын ағылшынша субтитрлерді d-addict-тен де алса болады.
Қараңыздар еш өкінбейсіздер.
пысы Тағдыр қосқандар деп мен дораманың сюжетіне қарай айттым, әйтпесе Buzzer Beat баскетболдың термины, ойын біткен ысқырыспен қатар соңғы секундта салынған супер-пупер допқа айтылады.
ой, өте қызық сияқты!!! осындай сериалдарды жақсы көрем, транслейті бар ма екен? әлде тек жапонша ма?
әркім өзіне ыңғайлы тілде тауып алады. Былтырғы дорама болғасын неше түрлі аудармалары бар, берген линктерден керегіңді табарсың Иншаллалах
Сразу осыдан баста деп айтпайсың ба? 🙂 Әйтпесе мен ана Мерцание светлячковтағы қызға жыным ұстап, ж-дорамаларға қарай алмай жүрмін ))))
аа ол дорамадан гөрі лайф экшнға ұқсайды. Сол актриса дым ұнамаса да бірақ сериал в целом жаман емес, екінші маусымы күлкілі моменттері көп болды:)).
Басты кейіпкер 1 суреттегі қыз болса құлағы қалқип қалған кен 🙂 скрипкаға бола көруге тұрарлық кино болса керек. Автор байқайсыз ба, корея мен жапон доромаларында бір айырмашылық бар ия…
ПС: Басты мақсат шығыс елдерінің сериалында: қандайда болмасын, бір кәсіптің толықтай таныстыру болып келед. Сонсымен де қызықты
иә бұл сериалдың тақырыбы баскетбол сосын музыка:).
Қайтарма үнқосу: Гол салмасаң, “Бякасың!” )) | Корей толқыны
ani jaksi eken
ya B’zдың әндері супер болады ғой жалпы, сосын осы әннің клипы Гунканджимада түсірілді нагасакидің:) деп қояйыншы хаха
Қайтарма үнқосу: Гол салмасаң, “Бякасың!” )) | MASSAGET WORLD