Archive for Тамыз 2010

Түскі ас /Gusto   11 comments

Бүгін түстен кейін қала араладым, точнее аралайын деп емес, визамды мульти визаға ауыстырамын деп ойлап, иммиграциялық әкімшілікке барам деп шықтым.  Әйтіп-бүйтіп жеткенше сағат 4-тен кетті. Мен сағат беске дейін жасайды екен деп сызылып жеткенше жабылып қапты, дүйсенбіде қайта барам Иншаллах. Содан түскі тамақ ішпеген мен, қайтар  жолдағы Гасто деген кафелер желісінде (family restaurants) тамақ ішкем, сол жерден суреттер (басса үлкейеді).

сосын асқабақтың суық сорпасы Read the rest of this entry »

Шисейдоның жарнамасы   6 comments

Осы бір жарнаманы жақсы көремін. Осындағы әйелдерге риза болам тегі, сондай жақсы сақталған, 40-тан асқан деп айтпастай..

80 жылдары әнші болған төртеуі де. Маған әсіресе осы жарнамадаңы Якумару (Ишикава) Хидемидің версиясы ұнайды. 5 баланың анасы деп айтпастай сақталған. Мына жарнамаға жолдасы да түскен екен. Екеуі де сексенінші жылдары атақты әншілер болған. Күйеуін теледидарда кей бағдарламалардан көруге болады. Сосын апта күндері таңертең 8-де жүргізетін бағдармаласын кейде қараймын. Сол Якумарудың әйелі екенін білмеппін, осы жарнама болмаса..

Сосын осы жарнамадағы ән де супер, мелодиясы позитивті. Бұрын жақсы көрген қызына арналған ән негізі. Әннің сөздері: «Жақсы көрген едім, сол күйіңде өзгермеген әдемісің»

Шисейдоның бет күтіміне арналған сериясы, жарнама концепциясы бойынша 40-тан асқан әйелдерді таңдаған екен, бәрі де бала тәрбиелеп жатқан аналар..

Hiroshima-Nagasaki 65 жыл   4 comments

Биыл Хирошима мен Нагасаки қалаларына атом бомбасы тасталғанына 65 жыл.

Бүгін Хирошимада, ал 9 күні Нагасакиде атом бомбасының зардабын шеккендерді еске алу күні.

Түнге қарамастан Хирошимадағы орталық бейбітшілік паркіне дұға оқып, тағзым етушілер легі бірталай.(сол жақтағы сурет Хирошима бейбітшілік паркі)

Нагасакиде де дайындықтар жүріп жатыр. 9 күні өтетін еске алу салтанатына БҰҰ басшысы Бан Ки Мун қатысады екен. Бүгін уже бірнеше телеарналарға сұхбат беріп ядролық қаруды жоятын заман келді деп..

Қазір күн деген аптап ыстық сол үшін елдерді күн сәулесінен қорғайтын дәәу палатка құрылды, бір кіргенде астына 9 мыңдай адам сыятындай.

Менде сол еске алу салтанатына баратын шығармын..

Жоғалған қарттар   5 comments

Қазір Жапонияда бар жаңалықтар жүр.

Токиода тіркелген 113-тегі бір қарт әжені іздегенде, тіркелген жерде тұрмайтын боп шықты. Тұрмағаннан бұрын сол жерде тұратын 79-дағы қызы, шешесінің қайда екенін білмейтін боп шықты. 20 жыл бұрын інісі мен шешесі үшеуі бірген тұрған екен Чиба префектурасында, кейін өзі Токиоға көшіп кетіп, ал шешесі інісімен қалған дейді, сол уақыттан бері шешесінің мед. сақтандыруды төлеп келген. Ал інісі тіркелген Чиба префектурасына барса, ол адрестегі үйді уже бұзып тастаған.  Тағы Хоккайдода да сондай жағдай үйдің орнында жол салынған деген сияқты. Содан кейін ал кеп Токио бойынша тағы бірнеше қарт жоқ боп шықты. Бүкіл Жапония бойыша жасы 100-ден асқан70-rе жуық қарттың қайда екені белгісіз боп шықты.

Урбандалған жерлерде кімнің көрші екенін білмейтін заман ғой. Сосын отбасының қатынасының өзгеруі ол бар. Сосын мысалға тіркелген жері Токио болып, бірақ Осакада ем қабылдаса оны бір жерден бақылау мүмкін емес, соңғы кезде Privacy Information деген жағы ол бар.. Жергілікті үкімет толық бақылай алатындай мүмкіндігі жоқ боп шықты. Шынымен ол кісі тірі ме жоқ па, тіпті жергілікті әкімияттан адам барса да, ол кісі ұйқтап жатыр, не бар үйде бері шыға алмайд деп үйдегі адамдары айтса, жоқ мен көруім керек деп тексеруші одан әрі аса алмайды.

Пыросто көп жағдайда кей отбасылары қайтыс болды деген қағазды өткізбейді екен, содан әлгі адам тіркеуде жүре береді. Көбіне егер артында бөлетіндей мүлкі, ақшасы қалған адам болса, ол қағазды өткізбей әрине мүлікті бөліске сала алмайды. Ал ондай қажеттілік болмағасын кейбірінің балалары тіркеуден сол шығарылмаған күйінде қалады екен. Бұл жарайды ал кейбірлері осыдан бірнеше жыл бұрын жоғалып кетті дегендер де бар. Сонда дейм де әке-шешесін қалай іздемейді деп.. Не бір жоғалып кеттіп деп полицияға өтініш те бермегендер де бар. Өзі қайтып келеді деп ойладық дейді. Вааще еш логикағы сыймайды.

Әрине заң жүзіндегі жетпейтін жерлері де бар, осындайдың алдын алуы үшін Дания сияқты дамыған елдерде жыл сайын бір тексеріп тұрады екен, әсіресе жалғыз тұратын қарттарды.

Бірақ заңы заңмен, сонда да адам арасындағы қатынас қазір Жапонияда азайған. Сосын отбасылық құндылық деген қайда кетті деген сұраққа жауап іздеу керек екені анық болды.