Нагасакиден бір сағаттық жерде орналасқан Ундзен деген қалашық. Кюшю аралы бойынша онсен (ыстық бұлақ) орталығы болып есептеледі. Бұрындары туристтер өте көп келетін қала болған. Бірақ 1995 жылы вулкан атқылауынан кейін, жер көшкіні де болып, адамдар үйлерін тастап көшуге мәжбүр болды. Сосын жер сілкінісі кезінде 50-ге жуық адам қайтыс болғаны ол бар, туристтік салаға жаман әсері ғана болды. Қазір енді жаңа сервистері пайда болып, туризмы бұрынғы қалпына келуге тырысуда. Бірақ бір жоғалтқан қонақтар қайта келе қоюы қиын. Қазір енді онсеннен басқа Geopark сияқты туристтер баратындай жерлері бар.
экомузей деп қарастыратын аймақ қазіргі Нагасаки префектурасында
Қазір менің факультетімнің мүғалімдері бірнеше жобалары бар осы Ундзенде. Соның бірі жер энергиясын, яғни ыстық бұлақты энергия алуға пайлану туралы проект басталды. Себебі Жапония бүкіл әлемде ыстық бұлағы жағынан әлемде 3 орында болса да, жер энергиясын пайдалану өте аз. Сондықтан қазіргі жаңа үкіметтің CO2- ын 25% ке азайту керек саясаты бойынша альтернативті энергия көздерін пайдалануды арттыру жағынан біздің универдің проектісі басталды.
мына сурет сол Ундзен орталығында «Тозақ аралау» деген жері.
Жерден трубалар арқылы булар шығып жатады:).
Айтпақшы мына сол жақтағы суретті басса үлкейеді.
Мен бұл жерге наурыз айында барғанмын.
бірақ иісі жаман бұл жерде, сасыған жұмыртқаның, күкірттің иісі
дыбысы да қызық, қайнаған кастрюланың дыбысы шығады
біз барған отельдың алдындағы ыстық бұлақ. Аяқ салып отыруға болады. Түсін байқасаңыздар аппақ су. Осы Ундзеннің суы теріге жақсы, менің бетіме күшті әсер еткен әйтеуір:)
Пікір қалдыру